26 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Үкімет кәсіпкерлерді несие бойынша төлемдерден 1 шілдеге дейін босатты

Үкімет кәсіпкерлерді несие бойынша төлемдерден 1 шілдеге дейін босатты
Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында шағын және орта бизнесті қолдау шаралары қаралды, деп хабарлайды zakon.kz.

Primeminister.kz сайтының хабарлауынша, жиында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, "Атамекен" ҰКП төрағасы Абылай Мырзахметов, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарма төрағасы Гаухар Бөрібаева баяндама жасады.

"Шағын және орта бизнесті дамыту – экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі. Бизнестің қарқынды дамуына барынша қолайлы жағдай жасау үшін ауқымды конструктивті жұмыс жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар пандемия өз түзетулерін енгізді, шектеулерден шағын және орта бизнес зардап шекті", — деді Мамин.

Премьер-министр Үкімет тұрақты түрде "Атамекен" ҰКП-мен және өңірлік кәсіпкерлер кеңестерімен бірге бизнесті аса толғандыратын мәселелерді жедел қарап, олар бойынша тиісті шешімдер қабылдайтынын атап өтті. Атқарылған жұмыс нәтижесінде қызметіне шектеулер әсер ететін ШОБ субъектілерін қолдаудың 60-тан астам қосымша шаралары қарастырылған 2021 жылға арналған экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар өзектендірілді.

Бірінші кезекте бұл шаралар бірқатар салықтық жеңілдіктер тұрғысынан бизнеске жүктемені азайтуға және салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге, жеңілдікті қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейтуге, мемлекеттік сатып алуға қолжетімділікті оңайлатуға, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті қайта реттеуге қатысты.

Биыл ШОБ-тың қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту аясында шамамен 47 мың жобаны қамти отырып, 2,5 трлн теңгеден астам жеңілдікті несие беріледі.

Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары бойынша бизнес өтінімдерін қарау мерзімдерін 21-ден 5 жұмыс күніне дейін қысқарту бойынша жұмыс жүргізілді. Субсидиялау және несиелерді кепілдендіру аясында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру биыл 97%-ға дейін ұлғайды.

2021 жылғы 1 сәуір мен 1 шілде аралығында ШОБ субъектілері үшін еңбекақы төлеу қорынан барлық салықтарды төлеуді кейінге қалдыру мүмкіндігі берілді. Бұл бизнеске шамамен 200 млрд теңгені сақтауға мүмкіндік берді.

ШОБ субъектілерінің салықтық және кедендік берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу 2021 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатылды. Бұл бизнеске айналым капиталы үшін 279 млрд теңгені босатуға көмектеседі. Екінші деңгейлі банктердегі кредиттер бойынша төлемдерді 2021 жылғы 1 шілдеге дейін кейінге қалдыру жөнінде шаралар қабылданды. Кейінге қалдырылған төлемдер көлемі 750 млрд теңгені құрайды.

"Біздің қазіргі міндетіміз – кәсіпкерлерге бизнесті дамытуға қолдау көрсету. Қабылданып жатқан шаралар биыл экономика өсімі құрылымында 0,8 пайыздық тармаққа дейін қалыптастыруға мүмкіндік береді", — деді Мамин.

Үкімет басшысы Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі өзектендірілген кешенді жоспардың уақытылы орындалуын, бизнесті салықтық ынталандыру бойынша заңнамалық түзетулер пакетін қабылдауды және 2021 жылғы 1 маусымға дейін Парламентте тиісті жұмыс жүргізуді тапсырды. Мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге, "Даму" қорына "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, бизнестің барлық қолдау түрлерін алу жөніндегі өтінімдерін қысқа мерзімде қарау тапсырылды.
Просмотров материала: 408

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 197 237 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 196 843 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 196 349 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 196 400 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 196 765 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 484 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 567 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 866 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 383 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 475 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 744 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 530 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 610 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 404 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 254 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 757 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 492 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 187 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 584 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 383 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 283 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 117 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 967 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 276 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 185 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 684 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 531 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 035 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 271 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 648 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 025 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 967 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 065 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 027 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 224 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 381 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930