23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Қара тізімнен" шыққан 2 миллион адам тағы кредит ала ма – мамандар пікір білдірді

30 апрель 2021, 11:33
"Қара тізімнен" шыққан 2 миллион адам тағы кредит ала ма – мамандар пікір білдірді
Осы айда қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктер мен шағын қаржы ұйымдарында кредит алғандарды оңалту тетігін іске қосқан болатын. Соның аясында өз берешегін толығымен жапқан 1,4 миллион адам автоматты түрде "қара тізімнен" шығарылды.

Ал күні кеше сенат депутаттары кредиттік тарихтың мерзімін қысқартуға арналған заңды қабылдады. Осылайша тағы 490 мың адам банктер мен қаржы ұйымдарынан кредит ала алады. Енді олардың барлығы қайтадан қарызға белшесінен батпай ма? Халық кредитті төлей алмай, қиын жағдайға тап болмай ма? Жалпы "қара тізімнен" шығарудың шарттары қандай? Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген экономист мамандар осы мәселеге қатысты пікір білдірді.

Орташа жалақыны көтеру керек

GSB UIB бизнесті талдау орталығының директоры, экономист Мақсат Халықтың ойынша, қарапайым халық кредитке белшесінен батпайды. Себебі өткен жылы тиісті заң қабылданды.

"Былтыр әлеуметтік осал топтарға кредит бермеуге қатысты заң қабылданған. Сондықтан халық тағы қарызға белшесінен батады деген қатты қорқыныш жоқ. Сосын банктерде скоринг, яғни кредит алуға өтініш берген адамды бағалау жүйесі бар. Олар төлем қабілеттілігін жан-жақты тексере алады", – дейді Халық.

Сарапшының айтуынша, оңалту шарасына ілінген және кредиттік тарихы қысқартылатын 2 миллион адамның ішінде кредитті төлей алатындар баршылық.

"Мен өзім білемін, көп азаматтар кредитті бауырларына немесе достарына алып берген. Солардың кесірінен кредиттік тарихы бұзылып қалды. Меніңше, ондай адамдар қазір банктен қарызға ақша алса, оны емін-еркін қайтара алады", – деп атап көрсетті Халық.

Осы орайда маман халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселесіне баса назар аударды. Үкімет ұлттық бағдарламаны дайындаса да артық болмайды. Соның арқасында біраз адамды кредиттік проблемадан құтқаруға болады. Өйткені бүгін таңда қарызын тағы бір кредитпен жабатындар да аз емес. Бұдан бөлек, халықтың орташа табысын көтеру керек.

"Бүгінде ең төменгі табыстың өзі 42 500 теңге өте аз болып тұр. Сондықтан оның көлемі, кем дегенде, 70 000 теңге болуы керек. Ал орташа табыстың мөлшері 200 000 теңгенің үстінде болса, халықтың төлем қабілеттігі көтеріледі. Кредит жабуға да, баспанаға бастапқы жарна жинауға да ақшасы болады", – дейді Халық.

Бұның барлығы – дағдарыс кезінде алынған кредиттер

Экономист Айдархан Құсайыновтың айтуынша, 10 жыл бұрын кредит алған адамдар оны бірден қайтара алмады. Себебі дағдарыс болды. Сол кезде көбісі қиын жағдайға тап болды. Артынан өз қарызын төлеп тастады. Енді кредиттік мерзімін қысқартуға мүмкіндік алып отыр.

"Адам "оңалтылды" деген статус алса да, кредиттік тарихы қысқартылса да, бірден банкке жүгірмейді деп ойлаймын. Бәлкім, кредит алатындар болатын шығар. Бірақ олар қарызын қайтара алады. Бұл жерде оңалту шарасы адамның қарызын кешіруді көздеп отырған жоқ. Бұрынғы қарызын жапса ғана "оңалтылды" деген дәрежесін алады немесе кредиттік тарихтын мерзімі қысқартылады. Ал қарызын жапқан адам жаңа кредитті төлей алады", – деді Құсайынов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Сарапшы оңалтуға және кредиттік тарихын қысқартуға жататын 2 миллион адамның барлығы бірдей қарызын үнемі қайтармайтындардың қатарына жатпайтынын ерекше атап өтті.

"Мәселе оңалтуға жататын адамдардың санында емес, олардың кредитті қайтару қабілетінде болып тұр ғой. Мысалы, "қара тізімге" кірмейтін адам да кредиттерді қайтармай жүруі де мүмкін. Ал бұрын қарызын қайтара алмаған, артынан "қара тізімге" кірсе де, кредитті жапқан адам тағы қарызға ақша алса, оны уақытында төлеп отыра алады. Ондай мысалдар көп. Әрбір қарыз алушыны жеке-дара қарастыру қажет", – дейді Құсайынов.

Оңалту мен кредиттік тарихты қысқарту жүйесі

Жақында қаржы нарығын реттеу және бақылау агенттігі кредит алған азаматтарды оңалту жүйесінің іске қосылғанын мәлімдеді. Оған сәйкес, бұрын банктерден немесе шағын қаржы ұйымдарынан қарызға ақша алған, артынан үш айдың ішінде қайтармаған адамдар өз берешегін толығымен жапса, "оңалтылған" деген статус алады. Сондай-ақ бір жылдың ішінде басқа қарыздар болмауы шарт.

Оңалтудан өту үшін құжат тапсырудың қажеті жоқ. Кредиттік бюрода барлық ақпарат автоматты түрде өңделеді. Осылайша бүгінде 1 миллион 419 мың адам теріс кредиттік тарихтан құтылды. Ендігі жерде олар тағы кредит рәсімдей алады. Бірақ банктер мен шағын қаржы ұйымдары "оңалтылған" деген белгіні көріп отырады. Бұның барлығы кредит рәсімдеу кезінде ескеріледі.

Ал қарыз толығымен жабылмаса, ай сайынғы төлемнің ыңғайлы кестесін жасауға мүмкіндік беріледі. Сөйтіп, барлық берешек жабылып, бір жылдың ішінде ешқандай қарыз болмаса, оңалту шарасы жасалады.

Бұдан бөлек, сенат депутаттары 29 сәуірде кредиттік тарихтың мерзімін қысқартуды көздейтін заңды қабылдады. Бұрын кредит тарихын сақтау мерзімі 10 жыл болса, енді қарызын толығымен өтеген және берешегі жоқ адамдарға қатысты ақпарат 5 жыл ғана сақталады. Соның арқасында 490 мың адам теріс кредиттік тарихтан құтылады. Заң президентке жіберілді.
Просмотров материала: 1 127

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 282 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 114 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 755 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 779 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 087 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 475 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 652 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 719 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 907 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 053 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 432 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 353 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 455 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 167 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930