26 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Саяси реформалардың үшінші пакеті партиялардың белсенділігін арттырады – Ерлан Саиров

29 апрель 2021, 17:22
Саяси реформалардың үшінші пакеті партиялардың белсенділігін арттырады – Ерлан Саиров
Саяси реформалардың үшінші пакеті партиялар мен халықтың белсенділігін арттырады. Белгілі саясаттанушы, Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров саяси заңнамадағы өзгерістерге осындай баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 15 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформалардың үшінші пакетін жүзеге асыру туралы бастама көтерді. Осы реформалар шеңберінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңға өту шегін 7-ден 5 парағына «бәріне қарсымын» деген бағанды енгізуге қатысты өзгерістер енгізіледі. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, кедергіні 7-ден 5 пайызға дейін төмендету, біріншіден, қоғамдық-саяси салада бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және сонымен бірге халықтың саяси құқықтарына қатысты іс-қимылын жандандыруға бағытталған. «Бәріне қарсымын» бағаны саяси партиялар үшін ел арасындағы көңіл-күй мен саяси ынта-жігерді бағамдауға мүмкіндік беретін «қоғамдық пікір барометрінің» бірі болмақ. Бұл өзгерістер, ең алдымен, саяси партиялар мен қозғалыстардың жұмысын жандандыруға ықпал етеді. Екіншіден, олар азаматтардың белсенді өмірлік ұстанымын ынталандырады», - деді Ерлан Саиров.

Оның айтуынша, «бәріне қарсымын» бағанын енгізу жалпы қабылданған саяси стандарттарға сәйкес келеді. Ол қазақстандықтардың саяси мәдениетін арттыруға және саяси реформаларды ілгерілетуге ықпал ететін болады.

Еске салсақ, 2021 жылғы 15 қаңтарда VII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы 10 қаңтарда өткен сайлауда Мәжіліске өту үшін кейбір партияларға сайлаушылар дауысының сәл ғана жетпегенін атап өткен болатын. Осыған байланысты Мемлекет басшысы бұл партиялардың Парламент жұмысына қатысуы заң шығару қызметінің тиімділігін арттыруы мүмкін деген пікір білдірді. Сол кезде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын» деген бағанды енгізуді ұсынды. Әлемдік практикада адамның сайлаумен өз келіспейтінін заңды түрде білдіру немесе барлық кандидаттарға қарсы дауыс беру құқығы бекітілген. «Шын мәнінде, балама пікір мен қарсы дауыс беру біз үшін қалыпты жағдай болуы керек. Сондықтан барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын» деген бағанды енгізу кқажет. Бұл бастама азаматтардың сайлау құқығын қорғауға жағдай жасайды. Өйткені, таңдаудың жоқтығын ресми түрде көрсету де таңдаудың бір түрі», - деген Президент.
Просмотров материала: 862

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 197 221 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 196 827 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 196 333 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 196 382 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 196 749 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 482 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 567 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 866 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 383 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 474 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 744 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 530 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 610 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 404 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 254 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 757 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 492 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 187 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 584 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 383 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 283 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 117 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 967 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 276 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 185 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 684 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 531 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 035 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 271 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 648 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 025 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 967 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 065 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 027 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 224 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 381 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930