8 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Алаяқтық екі есеге артты»: Мәжіліс депутаты микрокредиттік ұйымдардың несие беру рәсімін қайта қарауды талап етті

28 апрель 2021, 16:01
«Алаяқтық екі есеге артты»: Мәжіліс депутаты микрокредиттік ұйымдардың несие беру рәсімін қайта қарауды талап етті
Қазақстандықтар интернет алаяқтардың құрбанына жиі айнала бастады. Қаскөйлер азаматтардың жеке куәлігін пайдалану арқылы, сыртынан несиені оңай рәсімдейді екен. Былтырдың өзінде мұндай қылмыстың саны елімізде екі есеге артыпты. Сондықтан микрокредиттік ұйымдардың несие беру рәсімін қайта қарап, барынша қатаңдату керек дейді Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Абылқасымоваға жолдаған депутаттық сауалында.

Оның сөзінше, алаяқтардың құрбанына айналған қарапайым адамдар полициядан бөлек, депутаттардан да көмек сұрайды екен. Зардап шеккендер оларға рәсімделген несие туралы белгілі бір уақыттан кейін ғана, яғни коллекторлық агенттіктер мазалай бастаған кезде несиелік қарызының бар екенін біледі.

«Ішкі істер органдарының ресми ақпараты бойынша, 2019 жылы интернет алаяқтықпен байланысты 7 732 қылмыс тіркелсе, ал 2020 жылы мұндай фактілердің саны екі есеге артып, 14 110 қылмысты құрады. Соның ішінде, 2020 жылдың қорытындысы бойынша микрокредиттік ұйымдардың интернет-сайттары арқылы онлайн несиелерді ресімдеу бойынша 3 мың құқық бұзушылық жасалған. Ал, интернет арқылы кез-келген азаматтың жеке кабинетіне қосылу арқылы, олардың пластикалық карталарындағы шоттарынан ақша ұрлау бойынша 2,2 мыңнан астам алаяқтық қылмыс тіркелген», - дейді Е.Бейсенбаев.

Оның сөзінше, Солтүстік Қазақстан облысында ер адам алаяқтық жолмен өзге азаматтарға 50 несие рәсімдеген. Аталған ер адам алаяқтығын іске асыру үшін өзге азаматтардың жоғалған жеке куәліктерін пайдаланған.

Екінші жағдай Қостанай облысы Әулиекөл ауданында болған. Онда 31 жастағы әйел ауыл тұрғындарының жеке куәліктерінің суреттерін пайдалану арқылы олардың қатысуынсыз жергілікті тұрғындардың атына тауар алуға онлайн несие рәсімдеген.

«Жоғарыдағы көрсетілген нақты мысалдар микроқаржылық ұйымдардың онлайн қарыздарды берудегі жеке тұлғаны сәйкестендіру рәсімдерін реттеу жүйелерінің толық пысықталмағанын көрсетіп тұр. Осыған байланысты, жапа шеккен азаматтар өзінің кінәсіз екенін мойындатып, заңсыз несиені өшіру үшін 9 айға дейін соттасуға мәжбүр. Бұл өз кезегінде жәбірленушінің несиелік тарихына зиян келтіріп, қолма-қол ақшасыз төлем жасауына кедергісін тигізеді.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, агенттікке клиенттің сәйкестендіруін анықтауды күшейту бөлігі бойынша микрокредиттік ұйымдардың онлайн несиелер берудегі рәсімдерін қысқа мерзімде қайта қарау ұсынылады, оның ішінде:

Біріншіден, клиенттің биометриялық ерекшеліктерін сәйкестендіру процедураларын күшейтуді қарастыру қажет. Нақты уақыт режимінде кескінді тексеру және растау, яғни алаяқтардың бұрын дайындалған бейне немесе фото материалдарды қолдануы мүмкіндігіне жол бермеу.

Екіншіден, ақпараттық-бағдарламалық жүйелерді пайдалану арқылы онлайн-кредиттерді ресімдеу кезінде екі сатылы аутентификацияны енгізуді көздеу», - делінген депутаттық сауалда.
Просмотров материала: 733

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 221 324 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 004 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 220 503 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 220 539 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 220 913 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 781 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 811 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 143 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 822 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 855 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 059 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 862 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 990 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 627 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 503 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 479 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 743 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 496 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 894 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 691 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 505 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 346 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 191 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 559 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 437 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 924 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 308 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 251 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 490 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 886 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 235 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 181 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 322 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 253 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 494 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 633 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031