3 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Әкем ішіп келгенде үйден безіп кететінбіз – Айгүл Иманбаева

28 апрель 2021, 15:32
Әкем ішіп келгенде үйден безіп кететінбіз – Айгүл Иманбаева
Кино және театр актрисасы, әнші Айгүл Иманбаева "Ең алғашқы" бағдарламасында ешкім білмейтін сырларымен бөлісті. 5 жасында ата-анасы ажырасып кеткеннен кейін, әкесін қайта қабылдау, кешіру қиын болғандығын айтты.

Айгүлдің шешесімен 11 жыл отастық, екі қыз, бір ұлым бар. Дәм-тұзымыз жараспады. Айгүл 5 жасында кетті. Кішкене жүздетіп келемін ылғи. Келемін де қыздарымды көргім келеді. Ал олар менен қашады, дейді әкесі Серікқұл Иманбаев.

Әкесінің жиі ішіп келетіндігін актриса сол заманның талабы солай болған шығар деп болжайды. Нағашы туыстарының арасында, көрші-қолаңның ішінде ішіп алып, үйлерінде айғай-шу, ұрыс-керісті көп көрген Айгүл Иманбаева маскүнемдерге деген қорқыныш бала кезінен қалып қойғанын жеткізді.

Әкем жүз граммдатып келгенде біз шынымен үйден безетінбіз. Арықтың ішіне, сабанның үстіне, шөптің ішіне тығылатынбыз. Ішкен адамнан қорқыныш болды. Біз шынымен қатты қорқатынбыз. Жүз граммнан қалған бала кездегі қорқыныш осындай болды, - дейді Айгүл Иманбаева.

Бала күнгі қорқыныштар мен өкпе-назды ұмыту үшін актрисаға 40 жыл қажет болған. Бүгінде әкесінің жаңа отбасымен, ағайын-туыспен жақсы қарым-қатынас орнатқан.

Соңғы жылдары ұлым үйленді. Сол кезде Айгүл маған хабарласты. Балаңыз үйленіп жатыр, шешеміз бізді күлге аунап тапқан жоқ, сіздің де балаңыз емес пе? Тойына кел!-деді. Сондай дөрекі сөйледі, сен деп сөйлегенін мен көңіліме алдым. Ашуландым, бармаймын деп телефонды тастай салдым. Бірақ жолдастарым бұл маған берілген мүмкіндік екенін, бала-шағаммен араласудың уақыты келгенін түсіндірді. Тойға бардым. Айгүлдің өзі күтіп алды. Телефонмен дөрекі сөйлескенімен, кездескенде жылы жүздестік, - деді әкесі Серікқұл Иманбаев.

Әкесін кешіріп, қабылдаған Айгүл Иманбаева енді тұрмыс құруға жолы ашылатындығына сенімді. Жасы қырықтан асқан актриса алдымен өзі теңін тауып, тұрмысқа шығып, кейін ұлын үйлендіретінін жеткізді.

Үйде Асылжан келін түсірсін деген әңгіме басталса, мен асықпаңдар алдымен мен кетем, одан кейін Асылжан үйленеді деймін. Балам "Сендей әйел жалғыз болмау керек, өзіңді қадірлейтін қасыңда азаматың болсыншы" деген кезде түнімен жылап шыққаным рас, дейді Айгүл Иманбаева.

Баласының рұқсатын алған, бұрынғы күйеуімен сыйластығын сақтап қалған актриса енді жолының ашылатынына сенімді. Әншінің анасы да қызының тұрмыс құрып, отбасылы болғанын қалайды.

Айгүл Иманбаева өзінің алғашқы махаббатын да есіне алды. Актрисаның айтуынша, жігітпен қосылуына анасы қарсы болған. Бала махаббаттың тоғызыншы сыныпта басталып, өмірінің жарты жолына дейін жалғасып, неге баянсыз болғанын әнші былай жеткізді.

Алғашқы махаббатым мені іздеп қалаға келгенде бетін қайтардым. Енді келме, менің жігітім бар дедім. Ол үйленбей өте ұзақ жүрді. Тіпті мен Сәбитпен тұрмыс құрып, арада бала болған кезде де үмітін үзбеді. Мен айырылысқаннан кейін тағы келіп сөз салды. Қосылайық деді. Мен балалы, ажырасқан әйелмін. Сен әлі үйленбеген бойдақсың. Біз тең емеспіз, өз сыңарыңды тап дедім. Ол кезде де үмітін үзе алмай он жылдай жүрді. Соңында менің оған қосылмайтынымды түсінгендей болып, үйленді. Бірақ, көп ұзамай жүректен қайтыс болды. Артында ұлы қалды, деді Айгүл Иманбаева.

Анасының қаталдығынан алғашқы махаббатына қосыла алмаса да, ұлының әкесімен тұрмысы баянды болмаса да, өмірінің бір сәтіне де өкінбейтін актриса бақыттымын дейді.

Просмотров материала: 3 540

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 220 594 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 220 277 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 219 779 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 219 815 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 220 190 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 728 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 755 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 091 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 765 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 798 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 001 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 838 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 959 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 606 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 480 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 447 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 716 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 467 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 872 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 666 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 481 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 322 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 171 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 532 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 413 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 902 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 270 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 224 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 467 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 861 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 214 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 161 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 301 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 229 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 472 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 610 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031