3 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



“АҚШ әскери жаттығу өткізбесін!”. Кремль Нұр-Сұлтанға талап қойды

28 апрель 2021, 11:05
“АҚШ әскери жаттығу өткізбесін!”. Кремль Нұр-Сұлтанға талап қойды
Одақтасымыздың ортақол деңгейдегі ақпарат құралдары соңғы бір апта бойы Қазақстанға кәрін төгіп, біздің елді опасыздық жасады деп жазғыруда. Мұны Мәскеуден жем жейтін, өз ішіміздегі ресейшіл масс-медиа қағып әкетіп, айқайға аттан қосып жатқан жайы бар.

Оны қайдан шығарды десеңіз, биыл біздің ел былтыр пандемияға байланысты кейінге шегерілген «Дала қыраны» әскери оқу-жаттығу жиындарын өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жаттығуға Америка жетекшілік етеді. АҚШ Орта Азия елдерін заманауи әскери стандарттың қыр-сырымен таныстырады. Бұған дейін Қазақстан аумағында өтетін ауқымды шараға АҚШ-тан бөлек, Ұлыбритания және Канада елдері қатысады деген хабар тараған. Әскери мәжіліске НАТО-ға мүше басқа да мемлекеттер атсалысуы мүмкін.

«Дала қыраны» оқу-жаттығуларына әдетте Өзбекстан мен Тәжікстан, кейде Қырғызстанның әскери қызметшілері қатысады.

Ресей мен Қытай әлгі шараға шақырылмаған, тіпті қонақ ретінде де қатыса алмайды. Шарт бойынша мүлде маңайламауға тиіс.

Мәскеуге маза бермей отырған да осы жайт. Шағымын одақ пен Қазақстан аумағындағы ресейшіл сарапшылар арқылы айтқызып, Солтүстікатлантикалық альянстың әрекетінен саяси астар іздеуде.

Соның бірі – Никита Мендкович. Еуразиялық аналитика клубының жетекшісі. Кремльдің Орта Азия, соның ішінде Қазақстанды барлап, бақылап қайтуға жөнелтіп отыратын көп шолғыншыларының бірі.

«Дала қыраны» әскери оқу-жаттығу жиындарына қатысты Мәскеудің позициясын Нұр-Сұлтанға жеткізе келген Мендкович:

«Ресей Қазақстан аумағында әлгіндей іс-шараның өткізілгенін құптамайды. Бұл одақ аясындағы талап-шартты табанға таптаумен тең. Қазақстан одаққа кірген бетте бірқатар міндетті мойнына алғаны мәлім. Әскери жаттығу өткізу арқылы Нұр-Сұлтан ұйымның ұстанымын ескермейтінін, сөзімен санаспайтынын көрсетіп отыр. Ақорда болса «бұл мемлекеттің көпвекторлы стратегиясына сай» екенін айтып ақталуда.

90-жылдары бұл аргументті қабылдауға болар еді. Бірақ қазіргідей жағдайда көпвекторлы саясатты сөз ету, соның жолымен жүру қисынсыз. Ақылға сыймайтын саясат. Қазақстан осы әрекеті арқылы саяси әдепсіздікке жол берді…», – дейді.

Ресейлік идеология құралдарының пайымдауынша, біздің елдің АҚШ және НАТО елдерімен қоян-қолтықтасып әскери жаттығу өткізуі ҰҚШҰ ұстанымына қайшы.

Бұл тұрғыда олар Қазақстан мен Ресейдің 1992 жылы Ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы келісімге қол қойғанын, құжаттың 2-бабында: «бір немесе бірнеше мемлекеттің қауіпсіздігіне, тұрақтылығына және территориялық тұтастығына қатер төнген жағдайда бұған бірлесе төтеп беру туралы» талап барын алға тартыпты.

«АҚШ – Ресейдің ата жауы. НАТО нағыз дұшпан. Байден Ресейдің территориялық тұтастығын мойындамайды. Путинге тіл тигізіп, санкция атаулыны күннен-күнге үдетіп жатыр. Міне, осындай қысылтаяң шақта Қазақстан Ресейдің қас жауын қонақ қылып, өз жерінде әскери жаттығу өткізуге шақырғаны қай сасқаны? Мұны қалай түсінеміз? Стратегиялық қарсыласқа сыр алдырмау керек едік», – дейді бәз-баяғы Мендкович.

Қазақстанда емін-еркін таралатын ehonews.kz ресейлік сайттардың айтқанын айнытпай қайталап, АҚШ-пен әскери жаттығу өткізуге бел буған біздің билікті әбден сөккен екен.

«Әлемдегі әскери-саяси жағдай тұрақсыз. АҚШ пен одақтасымыз Ресейдің арасындағы араздық бүгін-ертең басылмайды. Батыс Мәскеудің басқан ізін аңдып, тырнақ астынан кір іздеуді тоқтатар емес.

Мінекей, осындай мазасыз шақта НАТО-мен бірлесіп әскери жаттығу өткізгелі отырған Қазақстан билігі айды аспанға бір-ақ шығарды.

АҚШ әскерилеріне ілесіп Ұлыбритания және Канада жауынгерлері қоса келеді екен. Ақорда «бұл көпвекторлы саясатты ұстанғанымыздың белгісі» деп ақталмай-ақ қойсын. Көпвекторлы саясат борсыған дүние. Еуразиялық одақ пен ҰҚШҰ-ны аттап өтіп, «қыларыңды қылып ал» дегендей қыр көрсетіп отыр.

Кремльдің шын мәніндегі сенімді серіктесі, адал одақтасы болса «Дала қыраны» әскери оқу-жаттығуына Ресейдің қатысуын табанды түрде талап етсін. Шараға мұрындық болған ел ретінде Қазақстанның бұлай айтатын қақы бар. Алайда елдің Сыртқы министрлігі бұл әңгімені жылы жапқысы келетіндей», – деген екен сайттың саяси шолушысы.

Еhonews.kz мұнымен де шектелмей, Қазақстанды «Дала қыраны» әскери оқу-жаттығу жиындарын өткізуден бас тартуға шақырыпты.

Мақала авторының хабарлауынша, Кремль Қазақстанның әрекетін арандату деп бағалап үлгерген.

«Нұр-Сұлтандағылар қазіргі жағдайда көпвекторлы саясаттың пайдасынан бұрын, зияны басым екенін ұғынуы керек. АҚШ пен Батыс елдері Орта Азия, оның ішінде Қазақстанның әскери-экономикалық саясатына араласар болса, мұның түбі жақсылыққа әкелмейді.

Бір атаның баласындай тату-тәтті тұрып жатқан көршілер ертеңгі күні итше ырылдасып, аймақтың апай-топайы шығуы мүмкін. Кремль одақтасына ренжулі. Түсінбестіктің соңы айғай-шуға ұласып кетпесін…», –деп «ескертіпті» Еhonews.kz.

Ал сарапшы Никита Мендкович «Дала қыранынан» кейін Қазақстан мен АҚШ-тың арасындағы әріптестік байланыс тереңдей түседі деп қауіптенеді. Айтуынша, Американың түпкі мақсаты аймақты Ресейден айырып алу.

«Екі ел әскери әріптестікті дамыту туралы осымен төртінші келісімшартқа қол қойып үлгерді. Құжаттың детальдарын құпия ұстауда. Одақтасымыз бұл туралы тіс жарып айтқысы жоқ. Соған қарағанда, Қазақстанның «көпвекторлы саясаты» АҚШ-пен, Батыспен астыртын сөз байласудың амалына ұқсайды.

Көпвекторлы саясат? Әлгіндей шала піскен стратегиядан бас тартатын кез келді. Одақтас екені рас болса, Қазақстан кез-келген жағдайда Кремльдің сөзін сөйлеуі керек. Өйтпеді екен, ертеңгі күні қауіпсіздігіне қатер төнеді. АҚШ пен НАТО Қазақстанның тілін тауып, белсенді байланыс орнатуға тырысқан сайын Путиннің қабағы құрыса түсетінін ұмытпағайсыздар…», – дейді ол.

Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде еш кедергісіз таралатын «Россия сегодня» агенттігіне тиесілі sputnik.kz сайты да «Солтүстікатлантикалық альянстың қазақстандық полигондардағы әскери операциялары көрші елдерге, соның ішінде Ресейге қауіп төндіруі мүмкін» деген ойды орыстілді аудиторияның санасына сіңдіруде.

Бұған дейін Dalanews-ке сұхбат берген саясаттанушы Досым Сәтпаев Кремльдің Қазақстанда дербес мемлекет деп есептейтінін айтқан (төменде сілтемеде).

«Кремль билігінің төбе басында отырған топ үшін біз сателлитпіз. Еуразиялық одаққа қосылғаннан кейін Мәскеу қол-аяғымызды байлап-матай бастады. Путин мен оның айналасы үшін Қазақстан Ресейдің бір бөлшегі ғана. Бас еркінен айырылған, бодан ел.

Демек, жаһандағы жағдайға да Мәскеудің көзімен қарауы керек деп санайды. Халықаралық қатынаста Путиннің позициясын құптап, одақтасының сойылын соғуы қажет деп біледі.

Олар осы күнге дейін үндемей келді. Күндердің-күні Кремль өзінің геосаяси кеңістігіне кіретін шабарман елдерден Батысқа қарсы шығуды, АҚШ-ты айыптауды, демократиялық құндылықты кекетіп-мұқатуды ашық түрде талап ете бастайды. Қызықтың көкесін сонда көреміз», – деген болатын саясаттанушы.

Оның пікірінше, мұның бәріне қазіргі жүйе кінәлі. Кінәратты Кремльден іздеудің қажеті жоқ. Өткен отыз жыл бойы Мәскеуге қарсы келуден қаймыққан, сөйтіп өз қадірін өзі кетірген Қазақстан билігі жоғалған репутацияны қайтып қалпына келтіруі неғайбыл.

Сәтпаевтың айтуынша, Мәскеу геосаяси жалғыздықты жалғыз өзі өткергісі келмейді. Одақтастарын өзімен бірге іле кетпек. Олардың да өзге әлемнен оқшауланғанын қалайды.

«Бұл біздің елдің көпвекторы саясатына қайшы. Ресей «изгой» ел. Кремльдің авантюрасы Қазақстанды құзға құлатпасын десек, одақтан шығудың жолын қазірден бастап іздестіру қажет. Сол кезде тәуелсіздік үшін күрестің жаңа кезеңі басталады», – деген еді Сәтпаев.

Просмотров материала: 2 509

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 216 111 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 215 782 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 215 281 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 215 327 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 215 695 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 495 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 530 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 854 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 514 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 576 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 765 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 793 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 891 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 558 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 432 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 380 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 672 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 413 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 814 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 613 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 438 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 284 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 136 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 485 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 369 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 855 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 203 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 189 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 433 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 819 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 168 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 117 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 251 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 194 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 421 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 569 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930