9 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматы облысында құдаша үшін қанды қырғын салған жігіт әлі ұсталмаған

27 апрель 2021, 10:24
Алматы облысында құдаша үшін қанды қырғын салған жігіт әлі ұсталмаған
Алматы облысында сөз салған қызы қарамай қойғаны үшін жас жігіт мылтықпен сойқан салған. Қыз қонаққа барған үйдің қожайынына оқ атып, балаларын қорқытқан. Ал жараланған азаматтың ауруханада аяғын кесуге тура келіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Қазір ол жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр. Ал айдың-күннің аманында бүлік бастаған күдіктінің аты-жөні белгілі болғанымен, полиция әлі таппай жатыр.

- Адамды атып кетіп, отыр, үйіне кіріп, мына жердің бәрі қан...

Бұл қырғыннан кейінгі көрініс. Шашылған гильза, көл болған қан. Салтанат Сұлтановаға өткен сенбінің түні қорқынышты түстей. Сыртта атылған мылтықтың дауысын естіп, араша түсем деген жары Хитқожа Қайырбаевқа оқ тиіп, есік алдына омақаса құлаған.

Салтанат Сұлтанова, жәбірленуші:

- Күйеуімді мына жерде жайдан-жай атып кетті. Оны құтқарамын деп жүргенде, өзімді жағамнан бұрап ұстап алды. Оны мен жан айбатпен қашып үлгердім. Ол құдаша, сонымен неше жыл сөйлескен, сөйлескеннен кейін басқа жігітке тұрмысқа шығайын деп жатқан. Сол нашақор жігіт келіп, өш алайын деген шығар деп ойлаймын.

Өзіне қарамай өзгенін қолын ұстаған аруға ашуланған есер сезімді сойқан қызғанышты қарумен шатастырып алғандай. Үй иесін атқаннан бөлек, ішке кіріп ойранды әрі қарай жалғастырыпты. Бұл есіктегі тесік сол жігіттің қолтаңбасы. Қапелімде қайтерін білмей сасқандар кішкентай балаларымен үй артындағы шарбақтан секіріп қашқан.

Әсел Қайырбаева, жәбірленушінің қызы:

- Әрең дегенде жармасып жүріп, әйтеуір бірдеңе қылып шарбақтан секірдік. Балаларды алып лақтырдық, жерге қарай. Екінші сіңлім секіріп жатқан кезде қолы кесіліп, сіңірі үзіліп кеткен.

Қолына қару алып бүлік салған күдікті алдымен есіктен кірмек болған. Іштен жабық болған соң, атқан. Ол әрекетінен түк шықпаған соң, қаңылтыр шарбақты теуіп ішке басып кірген. Қабырғаның бәрі оқтан шұрық-тесік. Жалпы оқиға орнында бас-аяғы 17 оқты санаған. Күдіктінің аты жөні – Абылай Мадалиев. Тәртіп сақшылары Қаскелең қаласындағы мекенжайынан таппаған соң, іздеу жариялады. Оқыс оқиға болған Шалқар ауылының тұрғындары бұл жігіттің "жалғанды жалпағынан басуы" бірінші рет емес, әкесінің арқасында үнемі сытылып кетеді дейді. Әзірге оны іздеу оң нәтижесін бермеді.

Ақбота Қуанышбекқызы, Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі:

- Аталған қылмысты тексеру барысында Қаскелең қаласының 29 жастағы тұрғыны анықталды. Қазір оны қолға түсіру бойынша жедел іздестіру шарасы жүргізілуде. Істің себептері мен мән-жайы анықталатын болады.
Құдашасы үшін оққа ұшқан бір үйдің отағасы Хитқожа Қайырбаев Қаскелеңдегі аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Көп қан жоғалтқан. Жарақаты ауыр болғандықтан, сол аяғының жартысы кесіліпті.

Алтай Достияров, Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасы КМК жарақат бөлімінің меңгерушісі:

- Ауруханаға түскенде барлық ем-дом жасалды. Ота жасалды. Ауруханамызда қанға қажет компоненттер бәрі бар. Жағдайы әлі ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.
Қырғынға себепкер болған құдашаның өзі әңгімеден ат-тонын ала қашты. Ал махаббат машақатымен қылмысқа барған жігітке қатысты "Адам өлтіруге оқталу" бабымен іс қозғалды.

Просмотров материала: 2 627

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 217 032 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 705 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 216 207 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 216 252 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 621 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 544 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 582 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 903 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 567 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 623 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 816 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 804 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 908 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 571 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 445 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 393 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 683 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 424 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 831 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 624 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 449 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 296 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 147 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 494 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 382 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 866 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 219 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 196 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 442 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 827 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 179 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 261 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 205 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 436 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 581 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930