23 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Қан бұзылады, тексіз бала туады": донорлық ұрықтың қаупі бар ма?

15 апрель 2021, 16:34
"Қан бұзылады, тексіз бала туады": донорлық ұрықтың қаупі бар ма?
Парламент депутаттары жасанды ұрықтандырудың кейбір қызметтерін шектеуді талап етті. Атап айтқанда, донорлық ұрықты барынша қадағалау қажет. Әйтпесе бір әкеден немесе бір анадан туған балалар болашақта кездесіп, қосылуы да мүмкін. Ал бауырлар отбасын құрса, генетиканың бұзылатыны хақ, ауру балалар туады, қазақтың қаны бұзылады. Sputnik Қазақстан тілшісі осы мәселеге үңіліп, экстракорпоральды ұрықтандыру жолымен донорлық ұрықтан туған балалардың қосылу қаупін зерделеп шықты.

Депутат неге алаңдап отыр?

Күні кеше мәжілісмен Бекболат Тілеухан үкіметке депутаттық сауал жолдап, республика бойынша аталық және аналық ұрықтың бірыңғай базасын құруды талап етті. Бұдан бөлек, донорлықтың бұл түрін барынша шектеуді ұсынды. Депутат аталық және аналық ұрықты бір рет қана тапсыруға рұқсат беру керек деп санайды. Сосын оны ары кетсе, екі адам ғана қолдануы шарт. Сонда бір әкеден немесе бір анадан туған балалар аз болады.

"Бізде заң бойынша 35 жасқа дейінгі ер адам анонимді түрде донор бола береді. Дені сау, қол-аяғы балғадай, дене бітімі дамыған, генетикалық сараптамасы жақсы болса, аталық ұрығын тапсыра алады. Қанша рет тапсырады, өз еркі, шектеу жоқ. Анкетада жүзі, руы, бойы, салмағы, мамандығы көрсетіледі. Каталогтан көңіліңізге қонғанын таңдап аласыз, болды", – деді Тілеухан мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, статистика бойынша жыл сайын бір ғана клиникада дәл осы жолмен 70 бала дүниеге келеді.

"Ертең еліміздің түкпір-түкпірінде қаншама отбасыда бір әкеден қаншама бала тарайын деп жатыр. Ертең олар бір-біріне үйленуі мүмкін, басқа болуы мүмкін... Бір әкеден тараған жандардың бір-біріне үйленуінің алдын алу үшін, ауру балалардың санын азайту үшін бұл мәселе өте маңызды деп ойлаймыз", – деді депутат.


Осы орайда Тілеухан аталық және аналық ұрықтың бірыңғай базасын құрудың тиімділігін де жеткізді. Оның ойынша, донорлар баратын бір ғана орталық болуы қажет. Сол жерден аталық және аналық ұрық таратылса, болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтап қалуға болады.

Репродуктологтар не дейді?

Бүгінде Қазақстан аумағында экстракорпоральды ұрықтандырумен айналысатын 20-ға жуық клиника бар. Шынымен де, әрбіреуіне барып, аталық немесе аналық ұрықты тапсыра беруге болады. Бірақ донорды жан-жақты тексереді. Тіпті, білім деңгейіне де мән береді.

"Иә, ер адамдардың аталық ұрығын 35 жасқа дейін қабылдайды. Бұрын үйленген және кем дегенде бір баласы бар жігіттер ғана донор бола алатын. Қазір ол талапты алып тастады. Денсаулығы дұрыс болса, жеткілікті. Сосын мамандар онымен сөйлеседі, психологиялық денсаулығына және генетикасына қарайды. Тіпті, білім деңгейіне де мән береміз", - дейді репродуктолог Людмила Бадельбаева.

Маман анкетаға донордың қай рудан шыққаны туралы ақпараттың енгізілетінін де растады. Кейбіреулер зодиак белгісін де сұрайды. Оны да анкетаға жазатын болған. Соның бәрін ашық айтса да, аталық ұрықтың иесіне қатысты жеке мәліметтер құпияға жатады. Оның биоматериалын алатын адамдарға тек бала кезіндегі фотосы ғана көрсетіледі. Сосын дене бітіміне қатысты жалпы ақпарат беріледі. Әйелдің анонимді донор ұрығынан бала көтергенін клиника мамандары ғана біліп отырады. Ал аталық ұрықтың иесіне хабар берілмейді. Бірақ бір донордан туатын балалардың санына нақты шектеу қойылған.

"Өткен жылы желтоқсанда шыққан бұйрыққа сәйкес, донор болған бір еркектің аталық ұрығынан туатын балалардың саны 10-нан аспау қажет. Бұрын 20 бала болған. Былтыр екі есеге қысқартты. Бірақ біз өзіміз бір аталық ұрықты ешқашан он рет қолданбаймыз. Екі, ары кетсе, үш рет пайдалануы мүмкін. Алайда барлығында бала туа бермейді. Біреудің жүктілігі тоқтайды, енді біреуде түсік болып қалады. Ондайда әйелдер басқа донордың ұрығын таңдайды", - деп атап өтті Бадельбаева.

Бірыңғай база керек

Репродуктолог мамандар аталық пен аналық ұрықтың бірыңғай базасы керек дейді. Бірақ ол үшін арнайы орталық құрудың қажеті жоқ. Барлық клиникаға ортақ бір ақпараттық база болса да жеткілікті. Сонда мамандар донордың қай жерге және неше рет биоматериал тапсырғанын біліп отырады.

"Жалпы, ер адамдар ұрығын тапсыруға көп келе бермейді. Олар медициналық тексерістердің тізімін көреді де, ат-тонын ала қашады. Ал әйелдер жүгіре береді. Бір клиникаға барып тапсырады, одан кейін екіншісіне кіреді. Сөйтіп ақша табуға тырысады. Еркектер көп алдамайды. Әйелдер болса, жиі өтірік айтады. Содан басқа клиникаларға хабарласып, ондай әйелдің барғанын, я бармағанын сұрап отырамыз", - дейді Бадельбаева.

Оның айтуынша, кейбір әйелдер шетелге баруға да ерінбейді. Ал келгесін тағы клиникаға барады да, аналық ұрығын тапсырып жатады. Дегенмен отандық мамандар ондай әрекеттерді анықтауға тырысады.

Ал генетик Мақсат Жабағиннің айтуынша, аталық ұрық болсын, аналық ұрық болсын, донорлық жолмен дүниеге келген бала әкеден де, анадан да бірдей генетикалық ақпарат алады.

"Біз генеткалық ақпараттың 50 процентін әкеден, 50 процентін анадан аламыз. Біреудің тұқымында кемістігі бар аллель, яғни ген болу мүмкін. Ал бір әкеден немесе бір анадан туған балалар қосылса, ондай аллельдердің түйісіп қалу қаупі жоғары. Сол кезде дәл сол ген істемей қалады да, белгілі бір ауруға себеп болады. Ондай аурулар көп", - деп атап өтті Жабағин.

Статистикаға сүйенсек...

Сонымен, анонимді донордың ұрығынан туған балалар бір-бірін білмейді. Сондықтан болашақта кездесуі де мүмкін. Тіпті, қосылуы да ғажап емес. Оны репродуктологтар да мойындап отыр. Алайда мамандар бірнеше маңызды мәселені ескеру керек дейді. Біріншіден, бүгінде клиникаларда аталық ұрық тапшы. Себебі медициналық тексеріс тегін жасалса да, ер адамдар 20-30 мың теңге үшін басын қатырғысы келмейді. Екіншіден, әйелдер аналық ұрығын жиі тапсырса да, оларға қатысты анонимді шектеу көп қойыла бермейді. Донор әйел туралы толық ақпарат алуға болады, тіпті, танысуға да мүмкіндік бар. Әрине, ол үшін донордың келісімі керек.

Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, академик Вячеслав Локшиннің айтуынша, елімізде донорлық ұрықпен бала көтеретін отбасылар көп емес. Соның басым бөлігі жақын туысын донор ретінде пайдаланып жатады.

"Қазақстанда бір жылдың ішінде, шамамен 10 000 экстракорпоральді ұрықтандыру жасалады. Соның 0,5 проценті ғана донордың аталық ұрығын пайдалануды көздейді. Демек ер адам тапсырған шәуетті жылына 50 рет қолданады. Ал ондай ұрық салудың 40 проценті ғана сәтті аяқталады. Бұл дегеніміз, 23-24 бала туады. Соның ішінде тең жартысы туыстың шәуетін пайдаланады. Ағасы бар, інісі бар. Сосын аталық ұрықты сырттан алдыратындар да болады. Сондықтан анонимді донордың аталық ұрығынан ары кетсе, жылына 10 бала туатын шығар", - деді Локшин Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Ал Людмила Бадельбаева бір клиникада анонимді донордан туған балалардың есебін шығарып берді.

"Мысалы, біздің клиникамызда жеті жылдың ішінде үш донордың аталық ұрығынан екі-екі баладан ғана дүниеге келген. Бұл – өте төмен көрсеткіш. Демек бір әкеден туған балалардың кездесу қаупі де төмен. Негізі қазіргі кезде андрологиялық отаның түр-түрі бар. Сол арқылы денсаулығы келмейтін еркектің шәуетінен ұрық алып шығуға болады. Болмай бара жатса ғана донордың көмегіне жүгінеміз. Соның өзінде кейбір әйелдердің күйеуі келіспей жатады. Бұдан бөлек, жалғызбасты әйелдер бар. Олар да сәби сүйгісі келеді ғой", - деп түйіндеді Бадельбаева.
Просмотров материала: 999

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 255 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 071 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 726 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 745 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 052 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 664 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 835 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 912 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 153 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 296 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 664 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 396 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 570 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 380 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 501 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 352 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 691 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 456 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 455 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 290 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 139 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 383 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 845 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 171 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 391 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 732 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 154 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 130 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 356 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 507 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031