26 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Энергетика министрлігі бензин бағасының өсуін тоқтата алмайтынын айтты

15 апрель 2021, 9:26
Энергетика министрлігі бензин бағасының өсуін тоқтата алмайтынын айтты
14 сәуірде Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформалар және өңірлерді дамыту комитеті төрағасы Альберт Рау Үкімет жанармай нарығындағы жағдайды тұрақтандырудың шұғыл шараларын қабылдауы қажет, деп мәлімдеді. ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі бензинге төмен бағаны ұстау үшін жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстанның ішкі жанар-жағармай нарығын субсидиялайды, деген жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.


Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы мұнай өнімдерінің ішкі нарығында АЖҚС-та бензиндердің бөлшек сауда бағасының өсуі байқалады. Бұл ретте мұнай өнімдеріне бағаны мемлекет емес (бензинге 2015 жылдан бастап, дизельге 2016 жылдан бастап) нарық реттейтінін атап өтеміз, делінеді хабарламада.
Мұнай өнімдерінің нарығы өте құбылмалы болып табылады, Қазақстанның ішкі нарығында да, көршілес елдерде де салық салу, баға белгілеу жүйесі және ЖЖМ-мен қамтамасыз етілуі (бақыланбайтын ағын), сұраныстың маусымдылығы, МӨЗ-дегі технологиялық іркілістер немесе күрделі жөндеулер туралы ақпарат сияқты көптеген факторлардың әсеріне байланысты.

Жоғарыда аталған жағдайлар мұнай өнімдеріне баға "тепе-теңдігін" үнемі іздеуді талап етеді.

Ішкі нарықта баға төмен болған жағдайда отандық өнімнің көрші нарықтарға ауысуына байланысты тапшылық қаупі туындайды, ал жоғары бағалар болған жағдайда импорттық бензиннің профициті және соның салдарынан ҚР МӨЗ-де қайта өңдеу көлемінің кейіннен төмендеуімен қазақстандық қоймалардың отандық отынмен толып кетуі мүмкін.

Атап айтқанда, соңғы апталарда шекаралас аймақтарда бензинді бөлшек саудада сатудың айтарлықтай өсуі байқалады.

ЖЖМ-ға төмен баға дәлізін жер қойнауын пайдаланушылар өңделетін шикізатқа неғұрлым төмен баға беру арқылы әрдайым субсидиялаған. Мұнайдың экспорттық бағасының айырмашылығы 1 тонна үшін 50$ шамасында болды, қазір ол мұнай жеткізу бағытына байланысты 1 тонна мұнай үшін 80-130$ дейін өсті. Бүгінгі күні АМӨЗ-ге өңдеуге жеткізілетін мұнай бағасы тоннасына 20-45 мың теңге деңгейінде ауытқиды, бұл қайта есептегенде барреліне 6,5-15,2$ құрайды. Бұл ретте мұнайдың нарықтық бағалары бүгінде барреліне 60$ асты.

Қазіргі уақытта жекелеген өңірлер бойынша жер қойнауын пайдаланушылар өндірілетін шикізаттың шамамен 75-80% - ын ішкі нарыққа жеткізеді, бұл ретте келісімшарттық міндеттемелер айтарлықтай аз.
Тәжірибе көрсеткендей, бағаларды мемлекеттік реттеу сыртқы факторларға жедел ден қоюға мүмкіндік бермейді – мемлекеттік органдар объективті жағдайларға қарамастан бағаларды қайта қарауға құлықсыз. Сонымен қатар, әр нақты жанармай бекеттерінің барлық нақты жағдайларын ескеру мүмкін емес, олардың арасындағы дұрыс бәсекелестік үшін жағдайлар жоғалады.

Тиісінше, мемлекеттік реттеуді енгізу кезінде объективті жағдайдан алшақ болуы мүмкін төмен бағаларды белгілеуді күту керек. Қысқа мерзімді перспективада бұл жеткізу тізбегіндегі жергілікті де, ауқымды да іркілістерге, мұнай өнімдерін жеткізудегі іркілістерге әкелуі мүмкін.

Ұзақ мерзімді осындай жағдай ішкі нарыққа мұнайды жеткізу көлемінің ілеспе ұлғаюы кезінде мұнай өткізуден түсетін табыстан айырылудың теріс салдары болуы мүмкін – саланың инвестициялық тартымдылығының төмендеуі және жұмыс істеп тұрған кен орындарының сарқылуына қарай тиісінше мұнай өндіру, мұнай экспорты мен мұнай сервистік жұмыстар көлемінің төмендеуі.

Егер динамикада қарайтын болсақ, бағаның ұқсас деңгейі Қазақстанда үш жыл бұрын 2018 жылғы наурызда қалыптасты. Ол кезде ол литріне 155-тен 172 теңгеге дейінгі баға диапазонында орта есеппен литріне 162,6 теңгені құрады.

Бағаларды реттеу және "арзандатылған" мұнай өнімдерін тарату бойынша жүйені құру тиімсіз және шығыны көп шара деп санаймыз:

1) төмен бағаның пайдасын мұқтаж азаматтар ғана емес, шекаралас жатқан көрші елдердің тұрғындары да пайдалануы мүмкін;
2) әр түрлі әдістерді қолдану арқылы мұнай өнімдерін экспортқа "көлеңкелі" түрмен шығаруға жол беріледі;
3) мұнай-газ өндіру саласын тұрақты дамытуға кедергі болатын тәуекелдер туындайды.

Қолданыстағы мемлекеттің табыс алу және халықтың әлеуметтік-осал топтарын қорғау жүйелерін есепке алғанда, нарықтық қарым-қатынасты құруда басқа балама түрі жоқ деп пайымдаймыз, оның ішінде ЖЖМ сату секторында. Яғни, салаға нарықтық механизмдер арқылы инвестиция тартуды, мұнай өндірушілердің табысын арттыру, халықты жұмыспен қамту, қорыта келгенде бюджетке салықтық түсімді қамтамасыз ету. Салықтық түсімдер арқасында адрестік әлеуметтік көмек бойынша шығындарды өсіру.

Әрине, нарықтағы бағаны қалыптастыруда транспарентті жағдайды жақсарту бойынша жұмыстарды жалғасатыру қажет. Отын нарығының жоғары құбылмалылығы, оның сезімталдығы туралы мәселеге қайта орала отырып, Атырау МӨЗ-інде ағымдағы жөндеу жұмыстары және Шымкент МӨЗ-ін жөндеуге күтілетін жоспарлы тоқтау туралы ақпарат мұнай өнімдерінің құнына әсер етуі мүмкін.

Мұнай өнімдерінің ішкі нарығын тұрақтандырудың құралы ретінде Энергетика министрлігінің құзыреті заң аясында мұнай өнімдерінің ресми экспортқа шығатын көлемін реттеу қарастырылған. Осы механизм шеңберінде 2021 жылдан бастап Министрлікпен экспортқа жөнелту алынып тасталды.

Жалпы елдегі АИ-92 бензинінің ағымдағы қоры жайлы деңгейде – қабылданған шаралар арқасында жылдың басымен салыстырғанда қор іс жүзінде 60 мың тоннаға өсті, яғни 270 мың тоннаға жетті.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, нарықтағы бағаның тұрақталуы күтілуде.
Просмотров материала: 374

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 804 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 621 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 127 278 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 127 295 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 604 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 692 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 863 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 940 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 184 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 332 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 697 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 410 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 684 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 576 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 387 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 510 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 686 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 358 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 698 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 461 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 459 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 295 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 144 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 388 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 325 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 849 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 212 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 174 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 396 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 739 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 152 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 160 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 200 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 136 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 362 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 512 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031