24 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Өзімді өртеуден басқа амалым жоқ»: елордада көпбалалы ана балаларының құқығын сотта қорғай алмай жүр

14 апрель 2021, 15:25
«Өзімді өртеуден басқа амалым жоқ»: елордада көпбалалы ана балаларының құқығын сотта қорғай алмай жүр
Астаналық көпбалалы ана Дана Асыми жалғыз асыраушысынан былтыр шілдеде айрылып қалған. Күйеуі танымал кәсіпкер Айдын Тұрғамбаев 2020 жылдың жазында коронавирус инфекциясынан қайтыс болған еді. Марқұм көзі тірісінде танысынан 84 млн теңге қарыз алып, қайтарып үлгермеген. Сот енді бұл ақшаны оның екі әйелінен қалған 9 бала мен заңды некедегі әйелінің және анасының мойнына іліп отыр, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

Тоғыз баланың үшеуі бірінші әйелден болса, қалған алтауы екінші әйелі Дана Асымидан. Көпбалалы ана мұрагерлік дүние-мүліктің дұрыс бөлінбегенін, қарыздың үлкен бөлігі оның кішкентай балаларының мойнына ілініп кеткенін айтып әділдік іздеп жүргенде, осыдан бірнеше күн бұрын кенжесінен айрылып қалды. Үйде болған оқыс оқиғадан жасына толмаған нәресте шетінеп кеткен.

«2020 жылы 8 шілдеде менің алты баламның әкесі Айдын қайтыс болды. Мұрагерлікті бөлу ісі заңгер Жоламанова Салтанат Нығметқызының нотариусында ашылды. Маған Айдынның басындағы қарыздар туралы және оны төлемеген жағдайда болатын салдары туралы ең алғаш осы кісі ескертті. Өйткені, Салтанат Нығметқызы өзі Айдынның қарыз алу туралы нотариалды келісімшарттарын әзірлеген. Мен сот істерінен ешқандай хабарым я тәжірибем болмағандықтан, оның сөзіне күмәнданған жоқпын», - дейді Дана.

Айдын Тұрғамбаев пен Дана 20 жыл бірге тұрғанымен, екеуінің заңды некесі қиылмаған.

«19 жасымда мен Айдынмен таныстым. Оның жасы 21-де еді. Менің ата-анаммен танысып, алда сөз байласу болатыны жөнінде хабарлаған. Алайда, аяғым ауыр екенін білгенімізде, Айдын маған өзінің бұған дейін үйленгенін, заңды некеде әйелі бар екенін айтты. Әрине, менің төбемнен жай түскендей болды...

Айдын дүниеден озған соң, өтеп үлгермеген қарызы туралы маған нотариустан кейін оның туыстары және қарыз берген адамның адвокаты хабар берді. Олар бірауыздан «Айдынның қарызы сенің де қарызың. Тек балалар ғана емес, сен де жауаптысың. Сотсыз, ешқандай жариясыз ақшаны қайтару керек» деді олар», - дейді Дана.

Нотариуста жасалған келісімшарт бойынша, марқұмның қарызы – 84 млн тг.

«Заңгер мен нотариустың кеңесінен кейін мен балалардың мұрагерліктен бас тартуы мәселенің шешімі емес екенін түсіндім. Себебі, заң балалар жағында. Мұрагерлер әкесінің қарызын мұрагерлік масса шегінде кәмелет жасына толғаннан кейін өтейді екен», - дейді көпбалалы ана.

Дана Асыми балаларының әкесі өтеп үлгермеген қарыздан қашпайтынын, заң жүзінде төлейтінін айтты. Алайда, қарыз берген азамат оны сотқа беріп үлгерген.

«Қарыз беруші сотқа арызданған кезде судья заң бойынша бұл істі қаралымсыз қалдыруы тиіс еді. Себебі, мен жауапкер емеспін. Бірақ сот ісі қаралды, ол аздай, медиатор Баймурзина менің жеке мүлкіме тыйым салу туралы анықтама берді. Ол қаншалықты заңды? Менің мүлкімнің мұраға не қатысы бар? Медиатор сондай-ақ, балаларға мұрагерлік бойынша алуы тиіс мүлікке меншік құқығын тіркеуге тыйым салды. Біз бұл анықтамалар жөнінде 23 күннен кейін білдік. Жоғарыда айтылғандардың бәрі заңның өрескел бұзылуы», - дейді Дана Асыми.

Көпбалалы ана алдымен 84 млн теңге қарыздың дұрыс бөлінбегеніне наразы. Одан кейін кәмелетке толмаған балаларының құқығы қорғалмай отыр дейді.

«Судья Ордабаев бұл істі қарау барысында кәмелетке толмаған балаларымның құқығын бұзды. Оның шешімі бойынша әкесінің қарызының көп бөлігі кішкентай балалардың мойнына ілініп отыр. Сотқа қорғаншылық және қамқоршылық органының мамандары қатысқан жоқ. Балалар алдымен әкесінен қалған мүлкіне қол жеткізбей жатып, оның қарызын қалай өтейді? Оған менің мүлкімнің не қатысы бар?

Сот ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі (АІЖК) 6-бабының (заңдылық) талаптарын, ҚР АІЖК 13-бабының (тараптардың теңдігі) талаптарын бұзды – бұл сот төрелігінің қағидаттары. ҚР АІЖК 47-бабының да талаптары бұзылды (жауапкер және талапкер). АІЖК-нің 63-бабы Нұр-Сұлтан қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасына сұрау салу бойынша адвокат дәлелдеме ретінде бұрын растаған құжаттар назарға алынбаған. АІЖК-нің 195-бабының талаптары бұзылған, адвокаттың дәлелдемелерді тану туралы өтінішхаттары қаралмаған. Шешім ҚР АІЖК-нің 224-225-бабының талаптарын бұза отырып шығарылды (шешімге қойылатын талаптар)», - деді көпбалалы ана.

Дана Асыми бұл заңсыздықтар моральдық тұрғыда да әбден шаршатқанын айтады. 23 наурыз күні ол әлі жасына толмаған алтыншы баласынан айырылды. Енді әйел сотта 5 баласының құқығын қорғауға мәжбүр.

«Балаларымның әкесі Бурабайдағы Green Park Burabay қонақ үйінің иесі еді. Оның алғашқы кірпіші салынғаннан бастап, әлеуметтік желілердегі жарнамаларына дейін бірге жүргіздік. Бесінші ұлымның тұсауын осы қонақ үйде кестік. Айдынның бұл бизнесінен басқа оның шоттарында қанша ақша болғанын білмеймін. Артында қалған елордадағы ең қымбат үйлердің алғашқы бестігіне кіретін коттеджі заңды әйеліне қалды. Оған мен таласып отырған жоқпын. Бар болғаны балаларымның құқығы шектелмесе болғаны. Соттың әділ шешіміне жетпесек, бәрі заң аясында шешілмесе, маған Бас прокуратураның алдына шығып, өзімді-өзім өртеу ғана қалды. ҚР Неке және отбасы, кәмелет жасына толмаған балаларға қатысты, мұрагерлік туралы заңдар аясында шешілгенін қалаймын», - дейді ана.

Әділ сот шешіміне жете алмадым деп ашынған көпбалалы ана Елбасы, Бас прокуратура және Жоғарғы Сотқа ашық хат жазу туралы шешім қабылдады.

Просмотров материала: 1 221

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 210 102 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 209 763 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 209 256 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 209 296 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 209 672 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 189 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 223 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 524 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 175 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 255 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 436 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 722 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 786 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 497 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 373 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 168 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 599 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 327 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 727 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 534 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 377 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 219 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 079 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 414 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 300 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 784 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 967 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 136 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 368 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 749 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 113 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 052 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 187 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 131 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 342 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 498 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031