1 ноября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шенеуніктер қандай сыйлықтар үшін жауапкершілікке тартылады?

13 апрель 2021, 15:19
Шенеуніктер қандай сыйлықтар үшін жауапкершілікке тартылады?
13 сәуірде Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Департамент басшысының бірінші орынбасары Ғалымбек Досанов және басшының орынбасары Данияр Ақуан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жөніндегі құзыретін бекітетін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулер туралы айтып берді.

Алдағы уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 15-бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыратын болады.

Олардың ішінде Кодекстің 6 сыбайлас жемқорлық бабы (ӘҚБтК-нің 676-681-баптары), кәсіпкерлік қызмет саласындағы 2 құрам (ӘҚБтК-нің 154, 173-баптары), мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын және әкімшілік немесе қылмыстық іс жүргізу кезіндегі бұзушылықтарға байланысты 7 құқықбұзушылық (ӘҚБтК-нің 658-662, 665, 667-баптары) бар.

Ғалымбек Досанов өзі немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) немесе жеңілдіктер беру үшін, егер мұндай әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса лауазымды тұлғалар үшін көзделген жауапкершілік туралы айтып берді.

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген немесе оған теңестірілген тұлғаларға бұл жағдайда 600 айлық есептік көрсеткіш немесе 1,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Дәл осындай жағдай сыйлық берушілерге де қатысты. Сыйақылар, сыйлықтар немесе жеңілдіктер бергені үшін жеке тұлғалар ӘҚБтК–нің 676-бабы бойынша 200 АЕК көлемінде айыппұлға тартылады, бұл шамамен 600 мың теңге, – деді Ғалымбек Досанов.
Спикер қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілерінің болмауы ретінде алынған заңсыз сыйақы немесе сыйлық сомасының 2 АЕК аспауын, алдын ала уағдаластықтың не сыйақыны бопсалаудың болмауын атап өтті.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамағаны үшін лауазымды тұлғаларға 300 мың теңгені құрайтын айыппұл жазасы қарастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілікті көздейтін Кодекстің 680-бабы – аталған лауазымды тұлғаларға 100 АЕК көлемінде, бұл шамамен 300 мың теңге айыппұл салуға әкеп соғады - деді Данияр Ақуан.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдамау деп – "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңда белгіленген бірқатар талаптарды атайды. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау, мүдделер қақтығысын болдырмау, қаржылық бақылау шаралары, басшылардың тікелей қарамағындағыларының сыбайлас жемқорлығы үшін дербес жауапкершілігі, квазимемлекеттік секторда міндетті комплаенс-қызметтерді енгізу.

Сондай-ақ, спикерлер бұрын жемқорлық қылмыстарын жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактілері үшін айыппұлдың қарастырылғандығын атап өтті. Данияр Ақуан бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдағаны үшін мемлекеттік органның немесе ұлттық компанияның басшысы өз қалтасынан 100 АЕК көлемінде айыппұл төлейтінін хабарлады.

Спикерлер брифинг барысында ӘҚБтК сыбайлас жемқорлық баптары жөнінде егжей-тегжейлі ақпарат беріп, шара соңында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Просмотров материала: 897

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 224 886 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 224 591 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 224 084 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 224 121 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 224 486 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 979 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 007 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 347 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 038 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 061 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 259 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 931 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 058 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 682 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 564 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 604 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 794 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 554 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 962 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 744 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 556 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 406 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 251 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 625 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 497 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 983 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 421 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 310 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 544 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 943 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 288 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 226 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 371 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 307 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 558 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 682 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30