6 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Аяжан Еділованың денесін жақындары жер қойнына тапсыра алмай отыр(ВИДЕО)

Аяжан Еділованың денесін жақындары жер қойнына тапсыра алмай отыр(ВИДЕО)
Аяусыз өлтірілген Аяжан Еділованың денесін жақындары әлі жер қойнына тапсыра алмай отыр. Мұны марқұмның туыстары айтты. Олар қоғамда тараған қауесеттер күдіктінің жазасын жеңілдету мақсатында жасалып жатыр деп топшылайды, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

«Аяжан пәктігін саудалаған» деген ақпаратты ол оқыған колледж ұстаздары жоққа шығарды. Олар бойжеткеннің оқуда озат әрі өзінің өте тәрбиелі болғанын айтады. Сондықтан «Аяжан күдіктінің үйіне 500 мың теңге үшін барған» дегенге сенбейді.

«Мен бұл пікірмен мүлде келіспеймін. Өйткені ол қызды мен басқа жағынан білемін. Қазақи, қарапайым қыз болған. Өзінің сөйлесіп жүрген жолдасы болды. Осы соңғы курсы еді, 4 жыл бойы осы колледжде оқып шықты, бірінші курстан бастап грантта оқыды. Үлгілі, үздік оқушылардың бірі болды», - дейді ұстазы Томирис КУСТОВА.

Дизайн және технология мамандығына түскен Аяжан кейін киім дизайнымен әуестеніпті. Жасаған жұмыстарын әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеп отырған. Колледж директоры бойжеткеннің қосымша сән салонында да жұмыс істегенін айтты.

«Еділова Аяжанның өзінің коллекциялары болатын. Ол жұмысын өте ерте бастады. Басқа студенттер одан үлгі алатындай жан-жақты қыз болатын. Бізге көмектесетін бос уақыты болмайтын. Оның артық жүрісін ешқашан байқамағанмын», - деді «Сымбат» дизайн және технология академиясы колледжінің директоры Гүлнәр ОРАЗЫМБЕТОВА.

Түрік тілінің ұстазы Әйгенім Үсенова Аяжанның арманы асқақ еді деп еске алды. Ол тіл үйреніп, шетелге барып жұмыс істеуді жоспарлаған еді деп отыр.

«Жексенбі күні, яғни 14 наурыз күні ол менен сабақ оқыды. Сосын 17-сінде келді. Сол кезде «Аптасына үш рет келсем қалай? Жазға дейін түрікше үйрене аламын ба?» деп сұрады. Аяжанды жеңілжүрісті қыз деп айта алмаймын. Ол өте аңқау қыз, мүмкін, алдап шақырған шығар», - дейді ұстазы Әйгерім ҮСЕНОВА.

Жатақханада көрші тұрған Баян да соңғы күндері болып жатқан жайттардан ес жия алмай жүр. Ол қылмысқа барды деген күдіктіге қатысты қандай да бір әңгімені Аяжанның аузынан еш естімеген екен.

«Арамызда қаншама әңгіме болды. Бірақ ол ондайға баратын қыз емес. Алдап шақырған шығар. Жұмыс бабымен. Өйткені ол жұмысқа қатты беріліп кеткен болатын», - деді құрбысы Баян БАЛТАБАЙ.

Ал сұхбат беруден бас тартқан Аяжанның туыстары марқұмның денесін әлі жер қойнына тапсыра алмай отырғанын айтты. Олар «Тергеу салдарынан дене бөлшектері бізге берілмей отыр» дейді. Ал қоғамда тараған қауесет әңгімелер күдіктінің жазасын жеңілдету мақсатында шығарылған деп топшылайды. Атышулы іске қатысты Ішкі істер министрлігі түсінік берді.

«Бұл қылмыстық істі 26-шы наурыздан бастап арнайы прокурорлар жан-жақты тергеп жатыр. Біз тергеу барысын жария ете алмаймыз. Оны таратуға немесе қандай да бір ақпарат айтуға құқығымыз жоқ. Қазір 28 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр», - деді ҚР Ішкі істер министрлігі тергеу бөлімінің бастығы Ермек ШҮЛДЕН.

Естеріңізге салсақ, 19 жастағы Аяжан 19 наурыз күні кешкісін жұмыстан шығып, қайта оралмаған еді. Оның бөлшектелген денесі араға екі күн салып Нұркент ықшамауданындағы пәтерлердің бірінен табылды.

Айта кетейік, күдікке Түркістан облысының 28 жастағы тумасы ілікті. Оның кінәсі дәлелденсе, Қылмыстық кодестің 99-бабы бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Просмотров материала: 21 803

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 212 005 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 211 674 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 211 168 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 211 208 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 211 581 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 291 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 322 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 631 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 283 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 361 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 541 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 744 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 820 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 516 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 392 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 240 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 622 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 357 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 756 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 564 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 400 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 243 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 101 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 443 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 326 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 807 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 048 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 157 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 393 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 782 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 136 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 074 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 209 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 150 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 370 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 522 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31