11 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Түлектер назарына: Тағы үш ЖОО-ның аккредитациясы қайтарылды

02 апрель 2021, 9:20
Түлектер назарына: Тағы үш ЖОО-ның аккредитациясы қайтарылды
Қазақстандық аккредиттеу агенттіктері Орталық Азия университеті, Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті (бұрынғы Қазақстан теңіз университеті) және «Астана» университетінің аккредиттеу туралы куәліктерін кері қайтарып алды. «Білім туралы» Заңға сәйкес лицензиясыз және аккредитациясыз жоғары оқу орындары диплом бере алмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аккредиттеудің тәуелсіз қазақстандық орталығы Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті мен «Астана» университетіне қабылдаған шешімі туралы ресми хат жіберді.

Біздің ұйым оқу орындарының білім беру бағдарламаларын сараптап, сапа стандарттарына сәйкестігін анықтауға және оларға аккредитация беру жұмыстарына жауапты. Аталған екі жоғары оқу орны біздің сарапшыларымызды оқу ғимараттарына кіргізбей, аккредиттеуден кейін жүргізілетін мониторинг жұмыстарына кедергі жасады. Сондықтан біз олардың аккредитацияларын кері қайтарып алу туралы шешім қабылдадық, – деді «Аккредиттеудің тәуелсіз қазақстандық орталығы» коммерциялық емес ұйымның директоры Бегалы Халмұратов.
Айта кетейік, бұл жоғары оқу орындары бұған дейін Білім және ғылым министрлігінің өкілдеріне де жоспарлы тексерулер жүргізуге кедергі келтірген болатын. Жоспарлы тексеру жұмыстары болатыны туралы алдын ала хабардар болғанын ескеру қажет. Министрлік пен аталған жоғары оқу орындары арасындағы сот процедураларының жүргізіліп жатқанына бір жарым жыл болды.

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі де (НААР/IAAR) аккредиттеуден кейінгі мониторинг қорытындысы бойынша Орталық Азия университетінің аккредитациясын кері қайтарып алды.

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) рәсімдеріне сәйкес білім беру ұйымдары аккредиттеуден кейінгі мониторингтен өтуі тиіс. Бұл мониторинг кезінде оқу орнына берілген ұсынымдардың орындалуы тексеріледі. Орталық Азия университеті аккредиттеуден кейінгі мониторинг рәсімінен өтуден бас тартты және IAAR ұсынымдарының орындалуы туралы есепті бермеді. Осыған сәйкес IAAR Аккредиттеу Кеңесі жоғары оқу орнының аккредиттеу туралы куәлігін қайтарып алу туралы шешім қабылдады, – деді «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес ұйымның бас директоры Алина Жұмағұлова.

Сондай-ақ «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту департаментінің директоры Азамат Бейсенбенов жұмыс берушілер бұл жоғары оқу орындарының білім сапасына қанағаттанбайтынын атап өтті. Оқу орнында болашақ мамандарға білім мен кәсіби дағдылар қажетті деңгейде берілмейді.

Бұл университетке қатысты біраз дүниені айтуға болады. Мысалы, жоғары оқу орындары бойынша жасалған 2020 жылғы рейтинг қорытындысын алып қарайық. Орталық Азия университетінің білім беру бағдарламаларының сапасы мен өзектілігіне жұмыс берушілердің қанағаттану көрсеткіші небәрі 32 пайызды құрайды. Сарапшылар жоғары оқу орны ұсынып отырған білім беру бағдарламалары айтарлықтай пысықтауды талап ететінін атап өтті. Университетте оқытылатын пәндердің мазмұны басқа пәндерден сөзбе-сөз көшірілген, айырмашылық тек пән атауларында. Мұндайға жол беруге болмайды. Орталық Азия университетіне қатысты қатаң шаралар қабылдау қажет, – деді «Атамекен» ҰКП департамент директоры Азамат Бейсенбенов.

Білім және ғылым министрлігі, аккредиттеу агенттіктері және жұмыс берушілер жоғары білім сапасын арттыру бойынша ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

Естеріңізде болса, дәл осы үш жоғары оқу орны бізге де тексеру жұмыстарын жүргізуге кедергі жасады. Осыған дейін жүргізілген тексерулер нәтижесінде бұл оқу орындарында бірқатар бұзушылық анықталған болатын. Аккредитациялары бойынша да проблемалары болды. Өткен жылы түлектері дипломдарын уақытылы ала алмай қиналған еді. Салдарынан магистратураға оқуға түсу немесе жұмысқа тұруға байланысты қиындықтарға тап болды. Өкінішке орай, бұл жоғары оқу орындарында оқуын жалғастырып жатқан студенттер бұл жағдайдан сабақ алмады. Биыл да кадрларды дайындау сапасына қатысты сол мәселелер көтеріліп жатыр. Енді бұл оқу орындары бұған дейін жүргізген тексерулеріміздің нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылдауымызға кедергі келтіріп, түрлі амалдарымен уақытты созып жатыр, – деді БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.
Просмотров материала: 1 598

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 161 146 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 160 967 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 160 604 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 160 643 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 160 936 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 471 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 614 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 816 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 639 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 819 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 617 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 470 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 123 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 989 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 814 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 975 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 098 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 760 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 137 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 864 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 874 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 715 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 555 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 813 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 761 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 269 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 711 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 588 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 853 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 183 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 588 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 568 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 606 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 553 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 790 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 932 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031