23 ноября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



20-дан астам мұғалім "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" атанды

20-дан астам мұғалім "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" атанды
Елімізде алғаш рет педагогтерге "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" мемлекеттік наградасы берілді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Бiлiм және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен 20-дан астам мұғалім білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік марапатқа ие болды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтерге мемлекеттік награданы табыс етіп, оларға алғыс білдірді.

Педагогтерге мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алғаш рет "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" мемлекеттік наградасы тағайындалды. Еңбектеріңіз бен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын. Наградаларыңыз құтты болсын! Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін, – деді Министр Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ Білім және ғылым министрі соңғы жылдары енгізілген оң өзгерістерге тоқталып өтті. Мәселен, жалақының өсуі, есептілік пен педагогикалық жүктеменің төмендеуі, оқулықтар мен оқу бағдарламаларын әзірлеуге қойылатын талаптардың күшеюі, мектеп директорларын тағайындау және педагогтерді жұмысқа қабылдау қағидаларының өзгеруі, педагог мамандығы бойынша оқуға түсуге қажет шекті ұпайдың артуы, болашақ мұғалімдердің ай сайынғы стипендиясының жоғарылауы туралы да айтылды.

"Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" мемлекеттік наградасы мұғалімдерге үздік жетістіктері мен мемлекет алдындағы ерекше еңбегі үшін беріледі. Жоғары атаққа ие болған педагог 1 000 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алады.

Еңбек ардагері, ұлағатты ұстаз Орынша Қарабалина бүгінгі таңда педагог мәртебесі заңмен бекітілгенін, ендігі кезекте барлығы мұғалімдердің өздеріне байланысты екенін атап өтті.

Қазақ халқы ағартушылар мен ұстаздарды төрге отырғызсақ деген еді. Сол идея бүгінгі таңда іске асты. Қазір біз төрде отырмыз. Мұғалімдерді қоғам да мойындады. Ата-ана да, оқушы да мұғалімдерсіз тәлім-тәрбие ала алмайтынын түсінді. Мұғалімдерге барлық жағдай жасалып отыр. Енді мұғалімдердің өзіне байланысты. Сондықтан айтарым, ұстаз осы атаққа лайық болу керек. Ол үшін мұғалімнің жүріс-тұрысы да, киген киімі де, сөйлеген сөзі де өнеге тұтарлықтай болу керек. Мұғалім сондай дәрежеге жетсе ғана оқушылардың жүрегінен орын алады, – деді Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Орынша Қарабалина.

"Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағын алғандарлың арасында Алматы облысы № 1 мектеп-гимназиясының химия және биология пәнінің мұғалімі Татьяна Михайловна Станкевич бар. Ол 35 жыл оқушыларға білім берген. Ұстаз шәкірттеріне экологиялық мәдениетті үйретіп, жас еріктілерді тәрбиелеген. Татьяна Станкевич көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы және 2013 жылы "Үздік педагог" атанған.

Бүгін ұстаздар үшін айтулы күн. Бұл еліміздегі мұғалімдердің атқарған жұмысына берілген жоғары баға. Оқушының қолына алғаш рет қалам ұстатып, әріп танытқан, білім берген мұғалімдердің зор еңбегіне көрсетілген құрмет үшін алғысым шексіз, – деді Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Татьяна Станкевич.

Мемлекеттік наградаға Петропавл қаласының М. Айтхожин атындағы № 1 мектеп директоры Александр Юрьевич Курленя да ие болды. Бұл марапатты 40 жылдан астам еңбек өтілі бар білікті басшы бүкіл мектеп ұжымының еңбегі деп санайды.

Осындай құрметке бөленгенім үшін өте қуаныштымын. Біздің мектебіміздің бой көтергеніне биыл 100 жыл. Бұл мемлекеттік марапатты ұжымдағы әрбір педагогтің атқарып жатқан еңбегіне берілген жоғары баға деп білемін. Мемлекет мұғалімдерге моральдық және материалдық жағынан да қолдау көрсетіп келеді, – деді Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Александр Курленя.
Просмотров материала: 2 134

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 176 211 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 175 874 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 175 482 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 175 533 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 175 825 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 326 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 463 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 693 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 798 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 962 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 614 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 995 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 417 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 246 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 067 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 276 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 340 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 017 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 404 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 126 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 136 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 969 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 806 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 065 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 007 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 524 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 002 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 839 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 113 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 461 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 855 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 806 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 855 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 814 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 045 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 190 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930