22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мекемелердегі балалар құқығының бұзылуына қатысты дабылға жергілікті атқарушы органдар немқұрайлы қарайды

26 март 2021, 12:46
Мекемелердегі балалар құқығының бұзылуына қатысты дабылға жергілікті атқарушы органдар немқұрайлы қарайды
2019 жылдың шілде айында Президент жарлығымен Аружан Саин ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалды. Екі жылға жуық уақыт ішінде омбудсмен қандай мәселелердің шешіліп, қандай өзекті проблемалардың әлі де реттелмегені туралы Azattyq Rýhy тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша, елде шешімін таппай келе жатқан мәселелер әлі де көп. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары, түрлі ауруы бар балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық сот ісін жүргізу, қамқоршылық және қорғаншылық міндеттерді жүзеге асыру, интернат мекемелеріндегі балалардың құқығы, алимент өндіріп алу, зорлық-зомбылық, жыныстық мәселелер, ата-аналары ажырасқаннан кейін балалардың тұрғылықты жерін анықтау, тұрғын үй мәселесі, спорт секциялары мен өнер үйірмелерінің болмауы сынды проблемалар әлі де күн тәртібінен түспеген.

«Қуанышымызға орай, азаматтардан келіп түскен 800-ден астам өтініштің басым бөлігі оң шешім тапты, қазір 89 өтініш қаралып жатыр. Алайда ата-аналар мен Үкіметтік емес ұйымдар көтеріп жүрген «дұрыс жүйе құру» мәселесі әлі күнге дейін оң шешімін таппай келеді», - дейді Аружан Саин.

Орфандық және өзге де ауруы бар балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі бұған дейін жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдарда, Үкіметте, сонымен қатар Мәжіліс деңгейінде сан мәрте көтерілді. Алайда, маманның айтуынша, «баяғы жартас сол жартас» күйінде қалып отыр.

«Мен 2019 жылдың 25 сәуірінде өткен кездесуде Қасым-Жомарт Кемелұлына осы ҮЕҰ-дан келіп түскен хаттарды тапсырдым, кейін бұл мәселені Бала құқықтары жөніндегі уәкіл мәртебесінде көтердім. Алайда, әлі күнге дейін ата-аналар нақты кімнен көмек сұрайтынын білмейді. Әкімдіктер ДСМ-ге, ДСМ әкімдіктерге сілтейді. Нәтижесінде балалар дәрі-дәрмексіз қалуда. 2020 жылдың көктемінде біз ҚР ДСМ–ге саяси шешім қабылдау өтінішімен хат жолдадық. Онда балаларды дәрілік заттармен шұғыл және тұрақты қамтамасыз ету мақсатында препараттарды Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізу, сондай-ақ осы препараттарды сатып алу мақсатында оларды ТМККК дәрілік заттар тізіміне қосу мәселесі көрсетілген. Бірақ нәтиже болмады. Өкінішке қарай, бүгінде коронавирус пандемиясына байланысты дәрі-дәрмек пен оңалту құралдарына мұқтаж балалардың өміріне үлкен қауіп төніп тұр», - дейді уәкіл.

2020 жылдың жазынан бастап еліміздегі диабеттік қауымдастық өкілдері дабыл қағуда. Белгілі болғандай, қазір науқас балаларға қажетті дәр-дәрмектердің тізімі ұлғайған. Әсіресе, инсулинге тәуелді балалардың тиісті препарттарға қол жеткізе алмауы олардың ауруларының асқынуына себеп болып отыр.

«Біраз жылдар бойы пациенттер мен олардың жақындары дәрі-дәрмектерді өз күшімен өз қаражатына сатып алып жүрді. Ал әуе және теміржол қатынастарына шектеулер енгізіліп, азаматтар табысынан айырылып, шетел валютасы бағамының қымбаттаған сәтінен бастап науқас балалар маңызды препарттарға қол жеткізе алмай қалды. Оларды қолдануды күрт тоқтатқанда, балалардың денсаулығы мен өміріне үлкен қауіп төнетіні сөзсіз. Қазір ата-аналар билікке осы мәселелрді жеткізу үшін барлық қадамды жасауға дайын», - деді Аружан Саин.

МҮГЕДЕКТІКТІ ДЕР КЕЗІНДЕ АНЫҚТАМАУ - БЮДЖЕТКЕ ҚОСЫМША ШЫҒЫН

Омбудсмен сұхбат барысында тиісті деңгейде шешімін таба алмай жүрген тағы бір мәселені тілге тиек етті. Бүгінде балалардың денсаулығына қатысты құқықтары әрдайым дұрыс сақтала бермейді. Дәлірек айтқанда, баланың мүгедектігін дер кезінде анықтау үшін диагностика мен скрининг өткізу жүйесі дұрыс жолға қойылмаған. Өкінішке қарай, бүлдіршіндердің диагнозы тым кеш анықталып жатады. Бұл басқа проблемалардың туындауына әкеп соғады.

«Бұл проблемалар бюджет қаражатын көп шығынға ұшыратады. Өйткені мүгедектігі ерте анықталмаған бала есейген кезінде мемлекеттен медициналық көмекті, түрлі жәрдемақыларды, әлеуметтік қызметтерді, техникалық құралдарды тұрақты түрде талап етуге құқығы бар. Жүйені тәртіпке келтіріп, ведомствоаралық өзара іс-қимылды оңтайландыру қажет. Мен осы жылғы бюджеттің басым бөлігі тиімді жұмсалмай жатқандығына ерекше назар аударғым келеді. Кейде мұны жай ғана ысырапшылдық, ұрлық және сыбайлас жемқорлық деп сипаттауға болады. Осыған қатысты Бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл ретінде бір жарым жыл ішінде Роза Сүлейменова, Қорлан Сәдуақасова, Ирина Брежнева, Әсел Шәріпова, Вячеслав Локшин, Гүлзия Бидатова, Марат Рабандияров, Азамат Жайылғанов, Әлия Архарова, Әсия Ахтанова және басқа да азаматтық қоғамның ортасындағы жоғары білікті сарапшылар тобымен бірлесіп, ДСМ, Еңбек министрілігі, БҒМ атынан ел Үкіметімен көптеген мәселелерді пысықтадым. 2020 жылғы 17 тамызда «Қазақстан Республикасында мүмкіндіктері шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы» әзірленіп, бекітілді. Ол бойынша қазір Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Денсаулық сақтау вице-министрлерінің қатысуымен қауырт жұмыс жүргізілуде», - деді омбудсмен.

Бүгінде еліміздегі балалар үйі мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернаттардағы тәбиеленушілердің құқығының жиі бұзылатындығы қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Мұнда да жемқорлық салдарынан қаражат діттеген жеріне жетпей, қызметкерлердің сол ақшаны талан-таражға салып жатқан жайлары бар.

«Бала құқытарын қорғау жөніндегі уәкіл ретіндегі менің міндетім - бюджет қаражатын жұмсау мәселесінде балалардың құқықтарын қорғау және осы бағытта бөлінген әрбір теңге солардың қажеттілігіне жұмсалатынын қамтамасыз ету. Балалардың көптеген проблемалары және олардың құқықтарының бұзылуы жемқорлықпен, ұрлықпен, тиісті бақылаудың болмауымен және жауапсыздықпен байланысты.

2019 жылдың тамызында мен осы лазауымға тағайындалғаннан кейін Бас прокурордың атына интернат үлгісіндегі балалар мекемелеріне кешенді тексеру жүргізу туралы өтініш жаздым. Нәтижесінде 577 заңбұзушылық анықталды, 166 қадағалау актісі енгізілді, 2695 баланың және 221 білім беру қызметкерінің құқықтары қорғалды, 286 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 291 әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ақпаратты есепке алу кітабына 17 материал тіркелді, олар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды (18 тұлға сотталды, 3 іс тексеру сатысында), 7,2 млн теңге сомаға залал өтелді (оның ішінде 5 млн теңгеге жуық сома бюджетке қайтарылды), 170 бала тұрғын үй кезегіне енгізілді», - дейді Аружан Саин.

ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ ПЕДОФИЛ ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ БІР ЖЫЛҒА ҒАНА ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Жергілікті атқарушы органдар көп жағдайда заңбұзушы тұлғаға сөгіс жариялаумен немесе жұмыстан шығарумен ғана шектелетінін айтты. Ал арада белгілі уақыт өткенннен кейін қызметінен босатылған жетекші сондай бір мекемені басқаруға қайта тағайындалады. Мұндай жағдайды омбудсмен де жоққа шығармады.

«Бұл орайда бірнеше мәселелені тізіп шығуға болады. Мекемелердегі балалар құқығының бұзылуына қатысты дабылға жергілікті атқарушы органдар немқұрайлы қарайды. Уәкілетті органдар (білім беру, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау басқармалары) құқық қорғау және бақылау-қадағалау органдарына өз бетінше өтініш бермейді. Керісінше, олардан заңбұзушылықтардың, қылмыстардың себебін анықтауға көмектесетін ақпараттарды жасырады.

Прокуратура, Ішкі мемлекеттік аудит департаменті, СЭС және тіпті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарымен ұйымдастырылған тексерулерде көзбояушылық көп. Өңірде қайғылы оқиға болып, Төтенше жағдай жарияланғаннан кейін ғана бірқатар мекемелерде ауқымды тексеріс жұмыстары басталады.

Заң мен бала құқықтарын бұзуға қатысқан тұлғаларды анықтау барысында тергеу жұмыстары үстіртін жүргізіледі. Тиісінше, төменгі сатыдағы санаулы ғана қызметкер жауапқа тартылып, оларға жеңіл дәрежедегі баптарға сай үкім шығарылады.

Кейде тексерушілермен заңға қайшы өзара байламға келгендері байқалады. Мәселен, Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мекемеге тексеріс жүргізіп, ешқандай заңбұзушылықты анықтамайды. Ал Төтенше жағдай жарияланып, республикалық мемлекеттік органдар тексеріс жүргізгеннен кейін бар былықтың беті ашылады.

Дұрыс тергеу жүргізілсе де, сот қылмыстың ауырлығына сәйкес келмейтін үкім шығаруы мүмкін. Мысалы, балаларды педофил зорлаған Балалар үйінің директорын ақша жымқырып, немқұрайлық танытқаны үшін бар болғаны бір жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарды. Алайда, сот апелляциядан кейін тәркілеуді толығымен алып тастады (Педофил 15 жылға сотталды).

Қызметкерлер өзара тығыз байланыста жұмыс істейді. Мәселен, жұмыстан босатылған мекеме директорлары (қызметкерлері) сот арқылы бірнеше айдан кейін қызметке қайта қабылданған кезде, оларға жұмыстан босатылған кезеңге жалақы төленеді.

Тексеру аяқ-асты жүргізілмейді. Тексерістің қай күні, қай уақытта өтетіні алдын-ала ескертіледі. Бұл олардың дайындалуына және осы мекемелердегі балаларға қатысты шынайы жағдайды жасыруға мүмкіндік береді», - деп тізіп шықты Аружан Саин.

Сонымен қатар, өскелең ұрпақтың заман талабына сай өмір сүріп, бұқаралық спортты дамыту мақсатында осы жылдың 1 мамырынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балалар бюджет қаражаты есебінен спорт секциялары мен өнер үйірмелеріне қатысуға мүмкіндігі пайда болды. Аружан Саин бұл бағытта да қаражаттың тиімді игерілуіне алаңдатушылық танытып отыр.

«Мұнда ешкім аспандағы айды сұрап жатқан жоқ. Бастысы ақша бар, жыл сайын миллиардтаған қаражатты өңірлік спорт және мәдениет басқармалары игеруде. Бірақ олар ақшаны кәсіби клубтарға және түкке тұрмайтын мәдени іс-шараларға жұмсайды. Шындап келгенде, ол қаражатты халықтың мұқтаждығына, балалардың қажеттілігіне, білім алуға бағыттау керек. Мұндай өзгерістер балаларға сүйікті ісімен айналысуға, бойындағы қабілеті мен талантын дамытуға, сапалы адами капиталды қалыптастыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін», - деді Саин.

Бүінде қоғамдағы белсенділер саны жыл санап артып келеді. Омбдусмен олардың да ойын ескеріп, елеп жүретінін жеткізді.

«Бізде балалар құқығын қорғау ісіне үлесін қосуға дайын белсенді, жауапты азаматтар өте көп. Үкіметтік емес ұйымдардың, еріктілердің, ата-аналардың көмегінсіз менің де, мемлекеттің де жүйелі түрде жұмыс істеуіне мүмкіндігі болмас еді. Осылай бірлесіп жұмыс істегеннің арқасында нәтижелерге қол жеткізілді. Бұл жерде шенеуніктер тек естіп қана қоймай, сонымен бірге «тыңдайтын» және «айтқан өзінде тұратын» болуы маңызды», - деді Аружан Саин.
Просмотров материала: 3 194

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 157 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 122 989 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 631 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 656 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 962 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 468 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 647 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 714 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 900 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 047 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 425 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 096 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930