4 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



19 жастағы алматылықтың туыстары оқиғаның жантүршігерлік мән-жайын айтты

19 жастағы алматылықтың туыстары оқиғаның жантүршігерлік мән-жайын айтты
19 жастағы алматылық Аяжан Еділованы өлтірген адам туыстары қатаң жазалануы керегін айтады. Марқұмның туыстары #НемолчиKZ қорына оқиғаның жантүршігерлік мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Аяжан "Сымбат" академиясында төртінші курста оқып жүрген. Оның жеке коллекциясы мен интернет-дүкені де болған. Одан бөлек, Аяжан сұлулық салонында жұмыс істеген.

"Туыстарында оның неліктен ер адаммен кездескені туралы бірнеше нұсқа бар. Оның бірі интернет-дүкенімен байланысты. Оның туыстары Аяжан ер адаммен танысу мақсатында кездескені туралы нұсқамен келіспей отыр, себебі Аяжанның сүйіктісі болған", - дейді "Не молчи.kz" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі.

19 жастағы алматылықтың туыстары оқиғаның жантүршігерлік мән-жайын айтты


19 наурызда Аяжан жұмыстан 20.48-де шығып, жатақханаға оралмаған. Оны сүйіктісі мен құрбылары іздей бастаған. Таңға жуық олар жоғалып кеткені туралы хабарды Аяжанның туыстарына жеткізген.

"Ер адам Аяжанды жатақхананың алдында күтіп тұрған, сосын хабарласқан. Сосын Аяжан не басқа біреу сағат 23.00-да "Шығып келе жатырмын" деген. Содан кейін онымен байланыс үзілді.

20 наурызда таңертең іздеу жұмыстары басталды. Туыстары сағат 12.00-де полицияға хабарласқан, бірақ ол жерде митингіге байланысты жұмыс көп болғандықтан бастапқыда арызды қабылдамай қойған. Сосын достары мен еріктілер қосылды. Олар такси қызметтеріне хабарласа бастады. Аяжанның ағасы сағат 15.00-де 102-ге хабарласып, қарындасының жоғалып кеткенін айтты, сосын оларды шамамен сағат 17.00-де Аяжанның жұмыс орнына шақырған", - делінген #НемолчиKZ жазбасында.





Артынша 21 наурызда еріктілер Аяжанды қайда апарғаны туралы айтқан inDriver жүргізушісін тапқан. Ол таксиге Руслан есімді жігіт тапсырыс бергенін айтқан.

"Мекенжайды полицияға берген. Сосын оны абоненттік номердың базалық станция бойынша іздей бастады. Шамамен сағат 23.00-де мекенжай бойынша келген. Ол жерде полицейлер жүрген, туыстарын кіргізбей қойған. Одан бөлек, екі жедел жәрдем көлігі тұрған. Пәтерден қан құсаған ер адамды шығарып, жедел жәрдеммен алып кеткен. Артынша жедел уәкіл ол жерде қыздың жоғын айтып, марқұмның туыстарынан таңертең полиция бөлімшесіне келуді сұраған.

22 наурызда шамамен 12.00-де Аяжанның туыстары полиция бөлімшесіне келіп, куәлік еткен. Оларға Аяжанды 21 наурызда кешкі уақытта тапқанын ешкім айтпаған. Бір кезде Аяжанның ағасы Instagram арқылы оның өлі табылғаны туралы хабарды оқып қалған. Ол таңғалып, полицейлерден түсіндіруді сұраған. Полицейлер бұл хабарды қалай жеткізерін білмегенін айтқан. Аяжанның апасы, әпкелері, анасы мен әкесі де бұл туралы жаңалықтардан естіген", - делінген жазбада.

"Аяжан қатыгездікпен өлтірілді. Ол бөлшектелген күйінде табылған. Қылмыскер тез әрекет еткен, марқұмның туыстары ол жалғыз құрбан болмауы мүмкін екенін айтады. Ол бір тәуліктің ішінде Аяжанның денесін бөлшектеп тастаған. Оқиғаның мән-жайы жантүршігерлік болғаны соншалық, ол туралы жазу да мүмкін емес.

Егер Аяжанды туыстары мен еріктілер белсенді іздемегенде, оны таппауы да мүмкін еді. Қылмыскер тез әрекет еткен. Біз марқұмның туыстарымен сөйлестік, олар қылмыскер Аяжанды тірідей өлтірген болуы мүмкін екенін айтады", - деп жазды Дина Таңсәрі.

Марқұмның ағасының сөзінше, күдіктінің жоғары медициналық білімі бар.

"Сол күні оны полиция тауып алған, күдікті тамақ тұсына пышақ салып алған. Оны жедел жәрдем алып кетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Аяжанның туыстары қоғамға үндеу жасады. Олар басқа да құрбандар болуы мүмкін деп, ал қылмыскер психикалық ауру деп жазадан құтылып кетуі мүмкін деп қорқып отыр. Олар күдікті жасаған қылмысы үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылуы керегін айтады", - деді "Не молчи.kz" қорының негізін қалаушы.
Просмотров материала: 3 711

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 216 371 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 042 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 215 542 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 215 589 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 215 956 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 508 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 543 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 868 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 530 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 588 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 780 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 797 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 897 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 562 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 436 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 384 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 676 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 416 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 821 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 617 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 443 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 287 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 141 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 487 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 371 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 861 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 209 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 192 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 436 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 822 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 170 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 123 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 253 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 196 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 426 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 572 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930