14 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Күйеуім әкесінің көзінше шешіндіріп сабады": Қазақстандық әйел елден көмек сұрады(ВИДЕО)

18 март 2021, 17:14
"Күйеуім әкесінің көзінше шешіндіріп сабады": Қазақстандық әйел елден көмек сұрады(ВИДЕО)
"Азаттық рухы" басылымы Қазақстандық Эльвира Келмағамбетова Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында видеоүндеу жариялап, көпшіліктен көмек сұрады. Ол өзінің 6 жыл бойы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырап келгенін және 2 баласын көрмегеніне 1 жылдан астам уақыт өткенін айтты деп хабарлайды Azattyq Rýhy басылымы.

"Мен - Әліби және Саида есімді екі баланың анасымын. Балаларыммен жүздеспегеніме 1 жылдан асты. Менің қолымда балалардың тұратын жерін анықтау туралы сот шешімі бар. Мен 2020 жылы сотта балаларыммен бірге болу құқығым үшін күрестім. Алайда, балаларымның әкесі ол шешімді орындап отырған жоқ. Мен оның басшысына хат жазып, көмек сұрадым. Алайда, одан да ешқандай нәтиже болмады», - дейді Эльвира.

Балаларына жете алмай отырған ана Қазақстандағы заңдардың іс жүзінде орындалмайтынын айтып қынжылды. Оған мысал ретінде Сымбат Құлжағарованың оқиғасын келтірді.

«Президент мырза, сізден Конституцияның кепілі ретінде көмек сұраймын. Мемлекеттік органдар өз жұмысын атқармайды. Менің балаларым қайда, оларға не болғанын білмеймін, менің олармен еш байланыса алмаймын. Маған көмектесуіңізді сұраймын", - деп жазды ол.

Эльвираның айтуынша, ол алты жыл бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген.

"Күйеуім менің қабырғамды, саусақтарымды сындырған. Шашымды жұлып, металмен ұратын. Ол – "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты. Өзгелердің алдында үлгілі болып көрінеді. Мен енді бұл адамның үйде қандай екенін, не істегенін айтайын.

Мәселен, мына жағдай: Мен ауылда ата-енеммен, балаларыммен бірге төрт жыл тұрдым. 2019 жылдың жазы еді... Апта соңына қарай, жұма күні ол (жолдасы-ред) келді. Ұшып келетінін ескерткен жоқ. Кешкі сағат жетілер шамасы болатын. Мен жуынатын бөлмеде едім. Ол үйге ашулы түрде кірді де, телефонымды тартып алды.

Мен көшеге қарай қашып үлгердім. Сыртта оның әкесі тұр екен. Мен әкесінен оны тоқтатуды сұрадым. Алайда, әкесі тоқтатуға оқталмады.

Сосын ол менің ішімнен тебе бастады.

Мен одан тоқтауын өтіндім. Содан кейін ол айқайға басты. Мұның бәрі оның әкесінің көз алдында болды. Күйеуім мені тыржалаңаш етіп шешіндіріп, сабады. Кішкентай Саида бәрін көрді. Сосын мені үйге сүйреп әкелді. Бөлмеге кіргізді де есікті орындықпен жапты. Мен қорыққанымнан қабырғаға қарай тақалып отырып алдым. Ол мені еденге жатқызып сабады. Менің үстіме отырып алып, бетімнен, ішімнен және кеудемнен ұрды", - деп жазды Эльвира.

Оның жазбаларынан белгілі болғаны, сот шешімі орындалмағаны үшін әкімшілік сот өтеді. Мекен-жайы белгісіз балаларды полиция қызметкерлері іздеуге кіріседі.

Эльвира президент пен ҚР ІІМ, қоғам қайраткерлерінен көмек сұрауда. Ол өзінің экс-жолдасы секілді үш бірдей адвокат жалдауға қаражаты жоқ екенін жазды.

Бұл мәселеге қатысты Newtimes.kz агенттігі Нұр-Сұлтан полициясынан жауап алған. Департаментте 15 наурыз күні елорда тұрғыны әкесімен бірге тұратын балаларының мекенжайын анықтау үшін арыз жазғанын айтқан. Ол балалардың әкесімен ұзақ уақыт сөйлеспеген.

"33 жастағы келіншектің балалардың әкесімен ресми түрде некеге тұрмағаны анықталды. Аталған факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде",- делінген құқыққорғаушылар хабарламасында.

Просмотров материала: 3 223

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 179 221 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 178 724 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 178 314 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 178 366 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 178 665 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 467 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 601 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 832 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 993 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 143 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 765 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 055 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 439 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 267 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 093 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 299 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 356 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 035 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 431 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 150 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 156 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 984 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 824 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 089 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 025 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 540 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 058 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 858 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 127 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 490 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 872 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 825 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 875 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 839 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 068 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 211 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031