23 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



2021 жылдың қыркүйегінен ЖОО педагогтарына минималды жалақы белгіленеді - министр

2021 жылдың қыркүйегінен ЖОО педагогтарына минималды жалақы белгіленеді - министр
2021 жылдың қыркүйегінен жоғары оқу орындарының штаттағы оқытушылары үшін минималды жалақы белгіленеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

«Оқытушыларға лайықты жалақы төлеп, олардың қалыпты жұмыс атқаруы үшін жағдай жасау - жоғары білім сапасын арттыру үшін маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында жоғары оқу орындарындағы педагогикалық-оқытушылық құрамның жалақысын арттыруға қатысты тапсырма берген болатын. Нәтижесінде 2019 жылғы қыркүйекте Білім және ғылым министрлігіне тікелей бағынышты ЖОО оқытушыларының жалақысы 20 пайызға, кейін 2020 жылғы қыркүйек айында тағы 20 пайыз ұлғайтылды», - деп жазды министр Facebook-парақшасында.

Дегенмен, оның атап өтуінше, қабылданған іс-шараларға қарамастан жалақы көлемін әлі де арттыру қажет. Бұл ретте, болған жалақының базасының төмен болуына байланысты, тіпті жалақыны 20-40 пайызға ұлғайту да жеткіліксіз болып отыр. Мәселен, ҚазҰУ-да оқытушының орташа жалақысы 108 мың теңге болса, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 105 мың теңге, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде – 101 мың теңге, ал Қарағанды индустриалды университетінде 99 мың теңге. Мұндай жалақы мөлшері оқытушыларды аса ынталандыра қоймайтыны анық.

«Кейбір жоғары оқу орындары оқытушылардың жалақысын көтеру кезінде лауазымдық жалақы мөлшерін негізге алған. Ал лауазымдық жалақы мөлшері оқытушылардың түрлі қосымша ақыларды қоса алғандағы нақты жалақысынан төмен екенін айта кеткен жөн. Басқа жоғары оқу орындары жалақыны педагогикалық жүктемені көбейту арқылы арттырды. Нәтижесінде бірқатар оқу орнында оқытушы ставкасының көлемі 900 сағатқа дейін жетті», - деді ол.

Асхат Аймағамбетов осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін екі норма бекітілгенін айтады.

«Бірінші. 2021 жылдың қыркүйегінен бастап штаттағы оқытушылар үшін минималды жалақы мөлшерін белгілеу. Яғни, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап БҒМ-ге ведомстволық бағынышты жоғары оқу орнында штаттағы оқытушы айына кем дегенде 200 мың теңге, аға оқытушы – 230 мың теңге, қауымдастырылған профессор – 260 мың теңге; профессор 350 мың теңге (ұлттық жоғары оқу орындарында – 400 мың теңге) алуы тиіс. Бұл жалақының ең төменгі мөлшері болуы тиіс. Сондай-ақ әр жоғары оқу орны оқытушылардың белгілі бір жетістіктері үшін басқа да ынталандыру төлемдерін белгілеп, төлей алады», - деді министр.

Оның атап өтуінше, екінші нормада педагогикалық жүктеменің максималды көлемін 1 ставка үшін 680 сағаттан асырмау көзделген.

«Әрине, бұл педагогикалық жүктемесі аталған көрсеткіштен төмен ЖОО-ларды (жылына 450 немесе 500 сағат) ештеңеге міндеттемейді. Яғни, сағат санын белгіленген 680-ке дейін жеткізу міндеті тұрған жоқ. Оқытушыға берілген 1 ставка көлемі 700-900 сағат немесе одан жоғары болатын жоғары оқу орындары сағат санын 680-ке дейін төмендетуі керек. Бұл бұйрықты ерте қабылдап жатқанымыздың өзіндік себебі бар: 2021 жылдың қыркүйегіне дейін ЖОО басшыларына өздерінің шығыстарын қайта жоспарлап, оңтайландыру және кірістерін ұлғайту үшін уақыт береміз. Аталған шешім жоғары оқу орындарындағы әкімшілік-басқару персоналы мен педагогикалық-оқытушылық құрамның арақатынасын өзгертуге, басқа да маңызы басым емес шығыстарды қысқартуға және бюджеттердің шығынын қайта қарауға мәжбүрлейтіні анық. Біз ректорлармен 2021 жылдың қыркүйегіне дейін тиісті жұмыс жүргізілетіні туралы келісімге келдік. Президенттің бұл тапсырмасының орындалу барысын ЖОО директорлар кеңестері мен Білім және ғылым министрлігі бақылауда ұстайтын болады», - деді министр.
Просмотров материала: 2 640

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 210 037 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 209 698 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 209 189 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 209 231 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 209 607 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 187 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 221 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 521 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 172 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 252 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 432 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 722 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 783 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 497 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 371 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 168 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 597 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 325 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 727 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 533 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 377 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 218 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 077 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 413 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 300 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 784 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 966 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 135 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 368 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 749 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 111 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 052 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 187 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 131 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 339 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 498 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031