25 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстан БАӘ-мен 2,2 млрд долларға инвестициялық келісім жасасты

15 март 2021, 14:42
Қазақстан БАӘ-мен 2,2 млрд долларға инвестициялық келісім жасасты
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Абу-Даби қаласына жұмыс сапары аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті және Премьер-Министрі, Дубай әмірі Мұхаммед ибн Рашид әл Мактуммен және БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансұр бен Заид әл Нахаянмен келіссөз жүргізді, дейді ҚР премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы.

Тараптар осыған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын және сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, көлік-логистика, агроөнеркәсіп, туризм, ғарыш, тау-кен металлургиясы, энергетика және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ Үкімет басшысы БАӘ бизнес капитандарымен — "Mubadala" мемлекеттік холдингінің, "Aldar Properties", "ADQ", "Al Dahra Holding", "International Holdings Company" ("Royal Group") компанияларының басшылығымен кездесті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша ҚР мен БАӘ арасында құс фабрикалары мен сүт-тауар фермаларын салу, жемістер мен саңырауқұлақтарды өндіру және өңдеу, ТМК және геологиялық барлау салаларындағы ынтымақтастық, Екібастұз қаласының өнеркәсіптік аймағында Индустриялық парк құру, Шығыс Қазақстан облысында "Қатонқарағай" туристік кешенін құру, сондай-ақ Қазақстанда электромобильдер компоненттері өндірісін ашу бойынша бірлескен жобаларды іске асыру жөнінде 17 үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойылды.

БАӘ Қарағанды облысында сумен жабдықтау және су бұру бойынша жобаларды іске асыруға қатысады, бұл жобалар озық технологияларды беруді және кейіннен Қазақстанда өндірісті жергіліктендіруді көздейді. АӨК жобаларын қаржыландыру үшін Қазақстан мен БАӘ жалпы капиталы $100 млн болатын бірлескен қор құруға ниетті. АХҚО алаңында "E-Banking" саласындағы ынтымақтастық дамитын болады.

Көрсетілген жобалар бойынша ҚР экономикасына инвестициялардың жалпы сомасы шамамен $2,2 млрд құрайды. Инвестициялық жобалар қосылған құны мен рентабельділігі жоғары, сондай-ақ ішкі және перспективалы сыртқы нарықтарда сұраныстың үлкен әлеуеті бар жаңа өндірістерді құруды көздейді. Оларды іске асыру Қазақстанда жаңа сапалы жұмыс орындарын құруға, озық технологиялар мен іс-тәжірибені енгізуге мүмкіндік береді.

Екі ел арасындағы әуе қатынасын кеңейту аясында әмірліктің "Wizz Air Abu Dhabi" лоукостері биылғы мамыр айында "Абу-Даби – Алматы" және "Абу-Даби – Нұр-Сұлтан" бағыттары бойынша тұрақты жолаушылар әуе тасымалын бастайды.

А.Мамин БАӘ батырларының "Уахат әл-Карама" мемориалына гүл шоқтарын қойып, "Masdar City" эко-қаласының аумағында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты және Мұхаммед бен Заид атындағы жасанды зерде университетіне барды.

Дубай қаласында Үкімет басшысы Дубай халықаралық қаржы орталығының (DIFC) және "Дубай инвестициялық корпорациясының" басшылығымен келіссөз жүргізді, оның барысында ҚР мен БАӘ қаржы-инвестициялық ынтымақтастығын, оның ішінде АХҚО алаңында одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Жұмыс сапарына Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы – АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, әділет министрі Марат Бекетаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов, ҚР іскер топтарының өкілдері және т. б. қатысты.
Просмотров материала: 814

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 201 504 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 201 124 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 200 619 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 200 678 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 201 041 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 721 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 785 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 087 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 696 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 770 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 972 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 615 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 650 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 429 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 285 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 857 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 523 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 222 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 620 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 433 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 312 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 144 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 996 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 317 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 222 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 713 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 626 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 063 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 295 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 674 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 048 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 990 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 109 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 061 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 259 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 407 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031