2 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бірнеше басылымды біріктіру – газет-журналды жабу деген сөз емес

15 март 2021, 10:08
Бірнеше басылымды біріктіру – газет-журналды жабу деген сөз емес
Күні кеше Мәжіліс депутаты Мақпал Тәжмағамбетова бастап, бірнеше халық қалаулысы қостаған топ мемлекеттік баспа басылымдарын «Қазақ газеттері» бірыңғай брендімен біріктіргенде, оның құрамына жасөспірімдер мен балалар басылымдары – «Балдырған», «Ақжелкен» журналдары, «Дружные ребята» және «Ұлан» газеттерінің кіруіне қарсы боп, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваға депутаттық сауал жолдаған еді.


Мақпал Мыса өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: «Бүгінгі таңда балалар әдебиетін дамытуда түйіні шешілмеген мәселе көп. Балаларға арналған кітап аз. Екінің бірі айтатын уәж: «Кітап дүкендерінен қазақ тілінде балаларға арналған кітап таба алмай жүрміз», - дейді.

Ал, енді осы тұста ғасырға жуық уақыт бойы жас ұрпақты әдебиетке баулып, білім көкжиегін кеңейтіп, таным-түсінігін қалыптастырып келе жатқан балалар басылымдарын бірыңғай брендпен біріктіру жұмысы жүріп жатыр.

Бұл біріктіруге түбегейлі қарсылығымызды білдіріп депутаттық сауал жолдадық», - деп жазған еді.

Осы орайда біз бұл өзекті мәселеге қатысты Аида Ғалымқызының жауабын жариялағанды жөн санадық.


– Құрметті Аида Ғалымқызы, Парламент Мәжілісінің сәрсенбі күні өткен отырысында депутат Мақпал Тәжмағамбетова балалар басылымдарына қатысты мәселе көтеріп, депутаттық сауал жолдаған еді. Осы сауалға орай Сіздің пікіріңізді білсек деп ек?

– Иә, депутат сауалымен мұқият танысып шықтым. Бұл мәселе баспасөз беттерінде, жекелеген азаматтар тарапынан да үнемі айтылып жүрген тақырып.

Расында, бүгінгі таңда «Қазақ газеттері» бірыңғай бренді аясында бірнеше отандық басылымдарды біріктіруді бастадық. Бұндай шешім қабылдаудағы басты мақсат – қазіргі қаржылық және басқа да қиын жағдайларда тұрған қазақ баспасөзін, соның ішінде – «Балдырған», «Ақжелкен» журналдары мен «Дружные ребята», «Ұлан» газеттері сынды балалар басылымдарын сақтап қалу.

Бірнеше басылымды біріктіру – ол газет-журналды жабу деген сөз емес. Біріншіден, ешқандай басылым жұмысын тоқтатпайды. Екіншіден, олардың медиа кеңістікте қалыптасқан брендтік атаулары өзгермейді. Үшіншіден, басылымдарды мемлекеттік ақпарат тапсырысы аясында қаржылық қолдау тоқтамайды.

Біріктіру арқылы тек әкімшілік-шаруашылық ресурстар қысқарады. Яғни, барлық басылымға ортақ – бір қаржылық бөлім, бір заң бөлімі, бір кеңсе бөлімі сияқты оңтайландыру жұмыстары жүреді. Нәтижесінде, бірінші кезекте әрине қаржы үнемделеді. Ол үнемделген қаржыны шығармашылық ұжымға бағыттауға мүмкіндік туады.

Сондай-ақ, басылымдарды дамытудың, оның бәсекеге қабілеттін арттырудың арнайы әзірленген стратегиясы жүзеге асырылады. Оның аясында басылымдардың контенті ғана емес, өндірістік-шығармашылық процестері, жарнама және маркетинг қызметтерін жетілдіру жұмыстары да қамтылады. Әрине балалар басылымының ұлттық идеологиялық тәрбие берудегі мәні мен маңызын жақсы түсінеміз. Соның ішінде, жас ұрпақтың тілін – қазақ тілінде қалыптастыру бүгінгі күнде ең өзекті мәселе. Бүгінгі балалардың тілін қалыптастыратын құрал – әрине бірінші кезекте – телеарналардағы мультипликациялық фильмдер мен балалар әдебиеті. Бұл ретте, «Balapan» арнасының мазмұндық контентін, бағдарламалар сапасын күшейтуді үнемі қадағалап отырмыз.

Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында балаларға арналған қазақ тілді теле-өнімдердің ауқымын кеңейту мақсатында шет елдік балалар телеарналарын (Nickelodeon, TiJi, Карусель) қазақ тіліне аударып, таратуды қолға алып отырмыз. Сондай-ақ, биылғы жылы балалар әдебиетінің әлемдік бестселлерлерін, атап айтқанда, Е.Х.Гомбрихтің «Әлемнің қысқаша тарихы», Лбюис Кэрролдің «Алиса ғажайыптар елінде», Джордж Оруэллдің «Хайуанаттар бағы», Ева Ибботсон «Теңіз өзеніне саяхат» сынды барлығы 20 кітапты қазақ тіліне аударып, балалар аудиториясына ұсынуды көздеп отырмыз.

Бұдан өзге, «Қазақ радиосының» типтік кестесінде балаларға арналған арнайы уақыт пен хабарлар желісі бар. «Балаларға базарлық», «Балапан саз», «Тапқыр бала» хабарлары бүгінде өзіндік аудиториясы бар, радио танымал бағдарламаларға айналды.

Сондай-ақ, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанынан құрылған «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі арқылы еліміздегі өзге этнос өкілдерінің ертегілерін қазақ тіліне аударып, мектепке дейінгі және бастауыш сынып балаларының назарына ұсынуды қолға алып отырмыз.

Расында да бүгінгі таңда, балалар басылымдарының ресми таралым саны көңіл қуантарлық емес. Өкінішке орай, бұл мәселе «Қазақ газеттері» құрамындағы басқа газет-журналдарға да қатысты жайт. Әрине бірінші кезекте, бұл мәселе қазіргі интернет пен технологияның қарқынды дамуына байланысты екені түсінікті. Және бұл - бүкіл әлемдегі медиа саласына ортақ құбылыс.

Сондықтан қазіргі баспасөз басылымдары ең алдымен стратегиялық даму жоспарларын қайта айқындаулары қажет. Яғни, әрбір басылымдар мазмұн-контентті сұранысқа сай бейімдеп, сапасын арттыру, оқырманға тартымды ету арқылы бәсекеге қабілеттілігін күшейту қажет деп санаймын.

Дереккөз: Ұлт.кз.
Просмотров материала: 3 053

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 211 391 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 211 059 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 210 549 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 210 595 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 210 966 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 262 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 294 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 602 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 250 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 332 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 504 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 738 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 812 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 515 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 385 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 235 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 618 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 346 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 751 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 557 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 396 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 239 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 093 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 436 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 322 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 803 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 037 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 148 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 391 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 777 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 128 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 071 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 205 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 147 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 365 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 516 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31