23 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қызылордада тілсіз жау тыйылмай тұр

13 март 2021, 10:43
Қызылордада тілсіз жау тыйылмай тұр
Қызылорда облысында тілсіз жау тыйылмай тұр. Былтыр отар-отар қой-қозыны тірідей үйіткен қызыл жалын биыл адам өмірін де аяусыз жалмап жатыр. Бар-жоғы екі айдың ішінде 69 өрт тіркеліп, айтып келмейтін апаттан 5 адам қаза тапты. Зардап шеккен жандар тіпті көп. Себеп-салдарына үңілсек, мәселенің мәні салғырттық пен қауіпсіздікке келіп тіреледі. Түйінін тарқатып көрейік.


Жыл басынан бері 47 тұрғын үй өртеніп, қыстың бел ортасында қаншама отбасы баспанасыз қалды. Адам шығыны да, зардап шеккендері де былтырғы кезеңмен салыс­тырғанда біршама артқанын байқай­мыз. Мәселен, ақпанның 18-і күні Қызылорда қаласына қарасты әл-Фараби шағын­ауданындағы жер үйдің бірінде өрт болды. Аталған мекенжайға шұғыл жеткен өрт сөндіру бөлімінен 3 техника 16 қызметкер жұмылдырып, қызыл жалын толық өшірілді. Алайда өрт салдарынан 2020 жылы туылған Төреханқызы Ардақ есімді нәресте қайтыс болды. Анасы 1993 жылы туған Дамира Тоқбергенова І дәрежелі көмірқышқыл газына уланып, күйік шалып, қалалық ауру­ханаға жатқызылды. Бүгінде жағдайы қа­лыпты деңгейде. Зардап шек­кендер әкімдік тарапынан кәсіпкер­лердің қолдауымен азық-түлік, мектеп құрал-жаб­дықтарымен қамтамасыз етілді. Қорлардың демеуші­лігімен жиналған қаржыға Арай шағын­ауданынан 6 бөлмелі жаңа үйдің кілті табыс­талды.

Сонымен бірге қыстың екі айында 14 автокөлік пен 6 объекті өртенді. Өрт салдарынан 5 адам қаза тауып, 9 адам зардап шеккен. Табиғи газдан уланып, 5 азамат ауруханаға түсті. Қызылорда облысы бо­йынша ТЖД бастығының міндетін ат­қарушы Руслан Қайрақбаевтың айтуын­ша, тілсіз жау жағдайы өткен жылмен са­лыстырғанда 34,8 пайызға көбейіп отыр. Былтыр дәл осы уақыт аралығында 43 өрт тіркеліп, 1 адам қайтыс болса, 2 адам зардап шеккен екен.

Тұрағы Түркістан, мекені Қызылорда еді

27 ақпан күні Түркістанды толқытқан оқыс оқиға бәрімізге ауыр тигені анық. Қазақ «Қайрат – қыран, қайғы – жылан» дейтін-ді, сумаңдаған сұм ажал 4 періштені жалмады, анасын да қоса әкетті.

Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне «103» қызметі арқылы Түр­кістан қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 23 үйде 5 адамның жансыз жатқанын көршілері хабарлайды. Оқиға орнына жедел жеткен құқық қорғау органдары 1980 жылғы анасы Г.Болатова және 2004, 2006, 2014, 2016 жылы туған балаларына иіс тиіп, қай­тыс болғанын анықтады. Үйде табиғи газбен жылыту жаб­дығы орнатылған. Оқиға болған кезде ота­ғасы Шымкент қаласына емделуге кеткен екен.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауда­нының әкімі Руслан Рүстемовтің айтуынша, бұл отбасы осыдан 4 жыл бұрын кәсіп­керлікпен айналысуға Жаңақорғаннан Түркістанға көшкен. Тіршілік үшін тыр­банған отбасы мұндай жағдайға тап болады деп кім ойлады дейсіз?! 28 ақпан күні таңғы сағат 03.00 шамасында Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов бастаған азаматтар марқұмдарды туған жеріне, яғни Жаңа­қорған ауданы Қыркеңсе ауылына әкелді.

Ел қабырғасын қайыстырған қаралы хабарды естіген бойда Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қыркеңсе ауылына келіп, марқұмның туған-туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ аймақ басшысы қайғы жұтқан қаралы үйге барынша қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Сонымен бірге Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов пен Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемұлы Дүйсенбековтер отбасына қаржылай көмек көрсетіп, көңіл айтты.

– Қайырсыз адам болса да, қайғысыз адам болмас, сірә. Бірақ ол қандай өлім?! Мәселе сол ғой. Бұлар періштелер ғой, жанды жегідей жеп, жүректі езгілеп жатқаны сондықтан. «Өмір – майдан, өлім – ойран» деген, шынында мына қайғылы оқиға бізді қатты есеңгіретті. Бұған дейінгі Жамбыл облысында болған жайсыз жағдай да әке ретінде, адами тұрғыда ауыр күрсініс әкелді, – дейді Р.Рүстемов.

Мазар мен базар, қой мен қора да өртенді

Өткен жылғы оқиғаларға зер салсақ. Тілсіз жау тірі адамнан бөлек, өлген адам­дардың мазарына да тыныштық бермеді. Былтыр Қызылорда қаласындағы «Орталық қазақ бейіті» маңынан шыққан жалын 2 гектарға жуық қураған шөпті жайпап өтті. Оған облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің 25 өрт сөндірушісі және 7 техникасы тартылды. Оқиға орнында Қызылорда қалалық Полиция басқармасы, облыстық Жұмыл­дыру дайындығы басқармасы, жедел жәрдем бригадасы, «Қызылорда тазалығы» ЖШС мамандары жұмыс істеп, жалын шарпыған аумақты қалпына келтіруге күш салды. Сондай-ақ шілденің ыстығында Қазалы ауданының Әйтеке би кентіндегі «Орын-Ай» жеке базары аумағынан өрт шығып, мамандардың жедел қимылдауымен дер кезінде тілсіз жау ауыздықталды. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ.

Одан кейін алты үйдің мал қорасы өрте­ніп, 2 000 дана престелген шөп күлге ай­налды. Оқиға Жалағаш ауданына қарасты Таң ауылында таңғы сағат 5.00 шамасында болды. Жалын бірнеше үйдің мал қорасына тиіп, ұшқыннан тұтанған өрт 900-ден астам шаршы метр аумаққа зиян келтірді. Сал­дарынан монша, тонналаған жемшөп және қора ішіндегі жылқы малы тірідей жанып кетті. Артынша Жаңақорған ауданында 700 бас асылтұқымды қой далада өрттің құр­сауынан шыға алмай қалды. Күріш егетін атыздар әр күзде тазаланып, қалдық қамыс­тар мен сабандарды өртеу науқаны бас­талатыны белгілі. Сол кезде «Түгіскен» шаруа қожалығы жиын-теріннен кейін күріш алқабын тазаламақ болып өрт қойған. Жалын сол жерде жайылып жүрген «Ын­тымақ» жауапкершілігі шектеулі серік­тестігінің малдарына ұшқан. Шопан оттың лезде жайылғанынан қорқып, өзі бас сау­ғалап қашқан. Сол кезде «Ынтымақ» ЖШС құрылтайшысы: «Аналық бас кем дегенде 60 мың теңге тұрады, асылтұқымды қой ғой. Міне, осы мал, оның ішінде, 500 бас тоқты өртке оранып, тірідей жанып кетті. Бәрі семіз, күйекке түсуге дайын тұр­ған. 90 мыңнан қошқар әкеліп, қосқанбыз, олар да оттың құрбанына айналды. Күріш алқабының қожайындары, жиын-теріннен кейін жерді тазалау мақсатында от қойыпты. Олар отар қойдың жайылып жүргенін де көрген. Бірақ мұның соңы бұлай болады деп ойламадық» деп күйінген еді. Шын мәнінде, өрт материалдық шығыны жоғары тілсіз жау екенін ескерсек, оның салдарымен күрес­кеннен гөрі алдын алудың әлдеқайда тиімді екенін сезіне түсеміз.

Осылайша, адам мен малды, үй мен қораны жайпап өткен өрт кен орнында 3 адамның өмірін қиды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан болған өрттен зардап шеккендер тіпті көп. Бұған қатысты мамандар: «Әр адам өз отбасының қауіпсіздігіне жауапты. Сондықтан тілсіз жаудың шаңырағыңызды шарпуына жол бермеңіз. Ол үшін қауіпсіздік шараларын естен шығармаған абзал. Өйткені сіздің салғырттығыңыздың соңы үлкен өкінішке әкеп соғуы мүмкін» деген пікірде. Ең бастысы, апаттың алдын алып, қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтаған жөн. Әйтпесе, тілсіз жау айтып келмейтіні, салғырттықты көтермейтіні белгілі.

Статистиканы сөйлетсек, былтыр рес­публика аумағында болған өрттің 47%-ы отты абайсыз пайдалану себебінен туын­даған. 2020 жылдың басынан бері осы себептен еліміздегі тұрғын үй секторында 2 349 өрт болыпты. Салдарынан 72 адам жарақаттанып, 74 адам көз жұмған. Бұл мәселеге қатысты Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин: «Ста­тистикаға қарағанда кейбір өңірлерде өрт саны, адамдардың жарақаттануы, қаза болуы көбейген. Әсіресе, Шымкент, Алматы қалаларында, Ақмола, СҚ, Қызылорда об­лыс­тарында жер үйлерде өрт саны көбей­геніне назарларыңызды аударғым келеді» деген еді. Бұл – былтырғы жағдай. Ал биыл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстыр­ғанда өрт кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны едәуір артып отыр. Оған қатысты ТЖД өкілдерінің пікірі өрттің жиі шығуы тұрғындардың қауіпсіздік ереже талаптарын сақтамауынан, нем­құрайды қарауынан пайда болып отыр дегенге саяды.

Дереккөз: %d1%82%d1%8b%d0%b9%d1%8b%d0%bb%d0%bc%d0%b0%d0%b9-%d1%82%d2%b1%d1%80/]Айқын.кз.
Просмотров материала: 720

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 311 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 127 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 783 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 801 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 108 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 667 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 837 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 915 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 155 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 299 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 667 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 397 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 570 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 380 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 501 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 352 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 692 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 457 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 455 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 290 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 140 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 384 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 845 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 171 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 391 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 732 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 155 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 130 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 356 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 507 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031