18 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Оралда "өгей қызын зорлау" күдігіне ілінген адамның соты басталды

Оралда "өгей қызын зорлау" күдігіне ілінген адамның соты басталды
10 наурызда Оралда аса ауыр қылмыстарды қарайтын арнайы сотта "жасөспірімді зорлады" және "жас баланы азғырды" деп айыпталған 33 жастағы ер адамның үстінен сот басталды. Жабық өтіп жатқан сотқа жәбірленуші тарап сот залында, айыпталушы видеобайланыс арқылы қатысты, деп жазады centralasian.org.

Айыптау актісіне сай, былтыр қыркүйекте айыпталушы өгей қызын бастығы Италия азаматы шығып кеткен жалдамалы пәтерге алып барып, зорлаған. Жәбірленуші қыздың анасы Самира Дүстәлиеваның сөзінше, бес күннен кейін қызы болған жағдайды айтып, диктофондағы жазбаны тыңдатады. Диктофонда өгей әке қызға "тағы пәтерге келіп, шаруаны қайталауды" ұсынады.

- Біз бірден полицияға қайырылдық, бес күн өтіп кеткен соң еркектің анализі таза болып шықты. Полицияға барғанда ол жуынып, тырнақтарын алып, дайындалып келіпті. Экспертиза қызымнан ештеңе таппады, бірақ физиологиялық жаратылысы сондай, - деді қыздың анасы.
Самираның сөзін адвокат Сағынғали Елеуов та қоштайды. Бірақ ол құпияны ашпау жөнінде қағазға қол қойғандықтан көп жайтты айтпады.

Балада психологиялық жарақат болғанын психолог Райса Байдалиева да растады. Ол сотта сарапшы ретінде қатысып жатыр және баламен терапия жүргізіп жүр. Байдалиева балада стресстік жарақаттан кейінгі бұзылыстардың барлық белгісі бар дейді.

Айыпталушының адвокаты Мереке Ғабдуалиетің сөзінше, күдікті өзіне тағылған айыптарды "толық мойындамайды". Ғабдуалиев те істің жабық өтіп жатқанын алға тартып, көп жайтты айтпады. Ол сәрсенбіде өткен сот отырысында бірнеше шағым түсіргенін, оны сот қанағаттандырғанын ғана айтты.

Айыпталушының анасы Айсұлу Аймағамбетова ұлына тағылған айыппен келіспейді. Оның ойынша, келіні "ұлын қызғанып, қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр". Аймағамбетова "Самира күйеуін италиялық әйелдер қызғанып, ажырасуға мүмкіндік бермегенін" айтады.

– Ұлым ажырасқысы келді, бірақ Самира рұқсат бермеді. Ол кек алу үшін осының бәрін ойдан шығарды. Келін ұлымды түрмеде шірітемін деп айтқан еді, дейді сотталушының анасы.
Азаматтық соттың Азаттыққа берген ақпаратынша, Досталиевадан ажырасу туралы өтініш былтыр 24 тамызда түскен, ол екінші рет сотқа 2020 жылы 20 желтоқсанда қайырылған.

Самираның сөзінше, күйеуі жиі қол көтере берген соң ажырасуға шешім қабылдаған. Күйеуі ажырасу туралы соттан хабар алған соң өзін және қыздарын соғып, телефонын тартып алып, үйге қамап тастаған.

- Уақытымнан бұрын босанып, ажырасуды соңына дейін жеткізе алмадым. Желтоқсанда ажырасуға тағы арыз жаздым, қаңтарда ол мүлікті бөлісу туралы арыз түсірді, дейді Самира.

Айсұлу Аймағамбетова ұлының мүлікті бөліскісі келетінін жоққа шығармайды. Бірақ ол "ұлым басында тек ажырасуды қалады, ал осы іс басталған соң үй мен көлікті бөлісемін деген шешім қабылдады" дейді.

Просмотров материала: 1 068

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 213 742 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 213 413 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 212 909 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 212 947 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 213 321 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 376 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 406 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 727 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 376 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 445 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 635 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 759 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 849 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 533 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 410 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 302 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 643 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 380 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 781 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 583 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 416 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 261 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 116 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 459 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 346 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 823 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 113 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 170 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 410 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 796 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 154 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 089 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 226 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 165 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 387 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 538 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31