9 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Өкінішім – күйеуім екеуміздің арамызда бала жоқ – Жанар Айжанова

10 март 2021, 15:00
Өкінішім – күйеуім екеуміздің арамызда бала жоқ – Жанар Айжанова
Өзін бақытты жан санайтын әнші Жанар Айжанова өміріндегі бір өкініші, бір кем дүниесі туралы "Ең алғашқы" бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Бір кем дүнием – екінші тұрмысқа шықтым ғой, екеуіміздің арамызда бала жоқ. Арманым ер азаматымның өз кіндігінен Айжұлдызымның соңынан еретін іні болатын, не сіңлісі болып қарайласып жүретін бір перзент болса. Біз айтамыз, Алланың дегені болады. Маған салса, бірінші соны қалар едім", - дейді Жанар Айжанова.

Алайда барын бағалай білетін өнер иесі осы күніне де шүкіршілік ететінін айтты.

Ер бала сияқты өскен Жанар Айжанова балалық шағын еске түсірді. Өзінен жасы үлкен ағасы қарындасының қызыққа толы балалық шағын бүкпесіз баяндап берді.

Ер бала сияқты өсті. Ер бала сияқты басы тақыр, кішкентай кекіл қоятын. Ол кезде шорты жоқ, қара трусы киіп алады. Жалаңаш. Бірінші сыныпқа барарда бұзық болып, мектеп формасын қыз баланікі деп кимей, шатақ шығарды. Бізбен бірге рогатка атып, ләңгі тебетін, аяқ ойнайтын. Мұғалімдері фамилиясын сұраған. Бұл "Айжанова" деген. Бірге оқыған сыныптасы "немене, сен әжеңнің фмилиясына жазылғансың ба?" деген ғой. Сол жерде сонымен шатысып, мұрнын қанатып келіпті, - дейді ағасы Серік Кетіков.

Қара дамбалды киіп алып, атпен жайдақ шабатын Жанар "Шашым жыныма тисе, оңды-солды қайшымен кесіп тастайтынмын" деп еске алып күлді өнер иесі.

Жақында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері атағын алған әнші, актриса Жанар Айжанова бұл атақтың өзіне шабыт беретінін, қосымша жауапкершілік жүктейтінін айтады.

"Атақ мені өзгертті деп айта алмаймын. Алайда, адамға шабыт береді. Осыдан 20-25 жыл бұрын алып кетсем, қадірін түсінбес пе едім. Тағуға намыстанар едім. Ал қазір ұялмай тағам. 32 жылда еңбегім бағаланды. Нағыз толысқан шақта нағыз еңбегіммен алған атақты ұялмай тағасың, көрсетесің. Шынымен де маған концерт беру керек сияқты, осы атаққа лайықты жүру керек сияқты жауапкершілік қосып алған сияқтымын", - дейді өнер иесі.

Өзінің айтуынша, бұл Жанар Айжанованың ең алғашқы атағы екен.

Тағдырдың салуымен бірінші жолдасы көз жұмып, бүгінде екінші рет тұрмыс құрған Жанар Айжанова бұрынғы енесімен байланысы үзілмегенін, бүгінде сырлас жандарға айналғанын да айтты.

"Жанар жақсы келін болды, ақылы бар. Балам қайтыс болғаннан кейін өңменімнен итерген жоқ. Екінші рет күйеуге шығарда маған айтқан "Апа, руым енді басқа болайын деп тұр" деп. Өй, көкем, бақытты бол. Сен Алладан тілеген жоқсың, Айжұлдызға дұрыс қарайтын бала болса, қосыла бер деп, рұқсатымды бергенмін", - дейді марқұм күйеуінің анасы.

Екінші рет азаматтығы биік жанға тұрмысқа шыққан Жанар Айжанова отбасында марқұм болып кеткен бірінші күйеуіне құран бағышталатынын, өлгенге ешкімнің таласы жоқтығын баяндады.

"Бүгінде бас қосқан азаматым Ерболат – екінің бірінің басына бұйырмайтын бақ. Өткен-кеткеннің бәріне, әке-шешеме, қайтыс болған алдыңғы күйеуіме қой сойып, құран оқимыз. Бұрынғы күйеуімнің отбасымен байланыс үзілген жоқ. Айжұлдыздың (қызы) әжесі, күйеуімнің шешесі, ең алғаш аяғымды аттап басқан босағамдағы енем. Екеуіміз қазір жақсы сырласпыз, телефонмен хабарласып тұрамыз. Жаңалықтарымды айтым тұрам. Ол енді менің міндетім деп ойлаймын" , - дейді Жанар Айжанова.

Бекболат Тілеуханның анасы әнші Жанар Айжанованы ұлына алып беруді армандаған екен.

"Бекболат екеуіміз дос болдық, қатар шықтық. Бекболат – нағыз азамат, өнерін жақсы көремін. Мамасы мен қатты жақсы көргені соншалықты оңашада жылап та айтатын "Арманым – сені Бекболатқа алып берсем" дейтін. Алайда Бекболат екеуіміз достықтан аспадық", - деп өткенді еске алды өнер иесі.
Просмотров материала: 7 681

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 217 024 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 697 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 216 199 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 216 244 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 613 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 543 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 581 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 902 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 566 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 622 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 815 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 804 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 908 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 571 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 445 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 393 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 683 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 424 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 831 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 624 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 449 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 296 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 147 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 494 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 382 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 866 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 219 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 196 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 442 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 827 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 179 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 261 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 205 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 436 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 581 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930