30 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шығыс Қазақстанда декреттік жәрдемақы алған ер азаматтардың басы бәлеге қалды

Шығыс Қазақстанда декреттік жәрдемақы алған ер азаматтардың басы бәлеге қалды
Шығыс Қазақстан облысында бала күтіміне байланысты бір жылға дейін төленетін жәрдемақыны өз атына рәсімдеген ер адамдар бұл ақшаны қайтаруы тиіс. Жалпы 254 ер адам "декреттік" жәрдемақы алған. Енді оларға 200 миллион теңгеден астам соманы қайтару жөнінде талап қойды, деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".

Мемлекеттік сақтандыру қоры өкілдерінің түсіндіруінше, бұл төлемдер негізсіз алынған. Ал тиісті қаражатты алған отбасылар мұндай уәжбен келіспей отыр. Олар құжаттарды рәсімдеуге ХҚКО қызметкерлері көмектескенін айтады.

Солардың бірі – Дмитрий Журавлев. Ол ХҚКО-ға кезекті рет келгенде мемлекетке 1 миллион теңгеге жуық берешегі бар екенін білген. Ер адам осыдан үш жыл бұрын бала күтіміне байланысты жәрдемақыны өз атына рәсімдеген.

Ол туу туралы куәлікті рәсімдеп, жәрдемақы жайлы ақпарат алу үшін ХҚКО-на барғанда, орталық қызметкері заңнамаға тиісті өзгертулер енгізілгенін, сондықтан жалақысы көп ата-ананың бірі жәрдемақыны рәсімдеуге болатынын айтқан.

"Сол жылдары табысым жоғары еді. Мен бұл жаңалыққа қуанып, ақша аударымы да тиісінше көп болады деп түсіндім. Содан барлық тиісті құжатты жинап тапсырдым", – дейді Журавлев.

Қңірде Журавлев секілді құжат тапсырғандардың саны аз емес. 254 отбасы дәл осындай жәрдемақыны отағасының атына рәсімдеген.

Қателік кімнен кетті…

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры облыстық филиалы наразылық хат жолдап, мемлекет алдындағы қарызын өтеу туралы хабарландырған.

"Бұл хат бізге 2 наурыз күні келді. Біз 10 наурызға дейін 976 мың теңге төлеу керекпіз. Бір аптаның ішінде. Әлеуметтік желіде де қоқан-лоқы жасалып жатыр. Бізді алаяқ деп атап, қарызды төлеуімізді талап етуде. Мен тұңғышымды босанғанда жәрдемақыны өз атыма рәсімдегенмін. Екінші баланы дүниеге алып келген соң ХҚКО қызметкері жәрдемақыны күйеуімнің атына рәсімдеу туралы ұсыныс жасаған?", – деді ШҚО тұрғыны Татьяна Ермолаева.

Бұл мәселеге қатысты Шығыс Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Азамат Есенболов өз қызметкерлерінің кінәсін толық жоққа шығарып отыр.

"Біз ешқандай ұсыныс жасамайыз. 700-ден астам қызмет түрін көрсететіндіктен, қатаң түрде бекітілген стандарт бар. Егер азамат тиісті құжаттар жиынтығын алып келсе, біз оны қабылдасақ, жәрдемақыны тағайындау туралы шешімді біз емес, уәкілетті орган қабылдайды", – деді Азамат Есенболов.

Бәріне заңның шикілігі себеп

Осы тұста уәкілетті орган ретінде қызмет ұсынатын – мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры сәбилердің әкелері негізгі табысынан айырылмастан бала күтіміне байланысты жәрдемақыны өз аттарына рәсімдегенін алға тартты. МӘСҚ мұның барлығына заңдағы шикілік себепші екенін мәлімдеді.

"Осы 254 адамның басым бөлігі сол кездегі, яғни 2018 жылдың қаңтарында қолданыста болған заңға сәйкес 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында жәрдемақыны рәсімдеген. Ол заңға сәйкес МӘСҚ филиалы құжаттарды тек стандарттар тізімі бойынша тексере алды. Ол тізімде кірісті растайтын құжат болған жоқ. 2018 жылдың 2 шілдесінен бастап заңға өзгертулер енгізіліп, қор филиалдарына ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығын тексеру құзыреті берілді", – дейді мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының облыстық филиалының директоры Нұрлан Қыстаубаев.


Бүгінде азаматтардың қалтасына салмақ түспес үшін қарыз болып қалған ата-аналарға ақшаны бөліп төлеуге рұқсат берілді. Ал Өскемен қаласының тұрғындары өздерінің кінәсіздігін дәлелдеу үшін сот төрелігіне жүгінуді көздеп отыр.
Просмотров материала: 638

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 206 536 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 180 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 205 670 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 205 728 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 096 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 993 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 042 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 347 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 986 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 064 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 247 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 685 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 718 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 465 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 327 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 086 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 564 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 272 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 677 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 488 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 348 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 184 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 045 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 372 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 265 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 749 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 873 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 100 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 336 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 712 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 081 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 025 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 154 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 098 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 304 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 463 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930