30 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қызмет барысында жарақаттанған полицейдің отбасы баспана төлемдерін алуды жалғастырады

04 март 2021, 11:55
Қызмет барысында жарақаттанған полицейдің отбасы баспана төлемдерін алуды жалғастырады
Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік, индустриялық аймақтар, жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, энергетика, табиғи монополиялар және ішкі істер органдары қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Құжатқа толықтыру енгізілгендіктен, заң жобасы Мәжіліске қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасының мақсаты - өнеркәсіптік қауіпсіздік, индустриялық аймақтар, жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, энергетика, табиғи монополиялар және тұрғын үй қатынастары саласында заңнамалық актілерді одан әрі жетілдіру.

Атап айтқанда, Сенат депутаттары қызмет бабында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына тұрғын үй жәрдемақысын төлеуді ұсынды. Қызмет барысында қаза тапқан немесе жарақат алған полиция қызметкерлерінің отбасылары енді баспана төлемдерін алуды жалғастыра береді. Сенаторлар бүгін Заң жобасына осындай түзету енгізіп, оны Мәжіліске қайтарды.

Бұл тармақ бұрын реттелмеген болатын. Яғни егер полицей қызмет кезінде жарақат алып, не қайтыс болса тұрғын үй жәрдемақысы тоқтатылатын. Бұл полицей мен оның отбасының онсыз да күрделі жағдайын едәуір қиындатады. Сенаторлар сақшылар отбасы осындай жағдайға душар болған кезде белгіленген төлемдерді ипотека мерзімі аяқталғанға дейін немесе жалдамалы тұрғын үй толық сатып алынғанға дейін сақтап қалдыру туралы ұсыныс айтты.

«Бас комитет қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауыр жағдайға тап болған: жарақат алған, бір жерін сындырған немесе контузия алған ішкі істер органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ қаза тапқан қызметкердің отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғауға арналған түзетулер ұсынып отыр. Онда, атап айтқанда, ипотекалық шарт немесе кейіннен сатып алынатын тұрғын үйді жалдау шарты бойынша міндеттемелер орындалғанға дейін бұрын белгіленген тұрғын үй төлемдерін Үкімет белгілеген мөлшер мен тәртіпте сақтау ұсынылады», - деп атап өтті сенатор Сергей Ершов өз баяндамасында.
Просмотров материала: 639

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 206 543 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 187 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 205 677 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 205 735 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 103 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 994 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 043 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 348 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 987 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 065 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 248 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 685 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 718 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 465 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 328 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 086 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 564 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 272 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 677 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 488 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 348 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 184 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 045 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 372 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 265 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 749 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 873 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 100 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 336 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 712 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 081 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 025 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 154 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 098 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 304 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 463 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930