13 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алқаш күйеуінен көйлекшең қашқан әйел аязда үсіп өлді

26 февраль 2021, 15:00
Алқаш күйеуінен көйлекшең қашқан әйел аязда үсіп өлді
Аяусыз сабаған алқаш күйеуінен қашамын деп аяздан үсіп көз жұмды. Жұбайының жұдырығынан қорыққан келіншек қыстың қақаған суығында сыртқа көйлекшең шығып кеткен екен. Ащы судың әлегінен болған сұмдық жайттың жай-жапсарын арнамызға марқұмның туысқандары айтып берді. Олар бауырларын өлтірген қаскөйдің бостандықта жүргеніне наразы, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Арағы бар үйдің берекесі қашады дейді. Рас. Отағасы мас болған сайын, бұл шаңырақ ұрыс-керістен көз ашпайтын. Үйдегі соңғы айқай да ащы судың әлегінен басталған.

Марқұмның қызы:

Жатқалы жатқанбыз. Мама киімін ауыстырып жатқалы жатқан ғой. Сол кезде маманың шыңғырып, айқайлаған дауысын естідім көмек сұраған. Мен барсам, маманы кәдімгідей шашынан жұлып, пышақты алып өлтіремін деп қорқытып жатыр екен.

Кейін, анасына араша түскен баланы итермек болғанда, әйелі алды-артына қарамай, сыртқа қаша жөнеліпті. Өлтіремін деп артынан қуып барған күйеуінен қорыққаны сонша, қаһарына мінген қыстың суығына да қарамаған.

Теңлік Сағындықова, марқұм Гүлшат Махатжанованың әпкесі:

Далаға шығып адам іш киіммен кетпейді ғой. Оның ақыл есі тізу. Ешқандай учетта тұрмаған адам. Дені сау адам олай жасамайды ғой, қандай ашу болса да, қандай ұрыс жанжал болса да, ол үйден шығып кетпес еді. Ол сол жерге барып жатып, өлейін деп жатпайды ғой 35 градус аязда, ешқандай адам шыдамайды. Адам түгілі айуан да шыдамайды.
Ал таң ата полицейлер марқұмды үсіп қалған күйінде үйден жарты шақырым жерден табады.

Міне, бір домашний тапочка мына жерде жатыр, екіншісі мына жерде жатыр.
Қайғыдан қан жұтқан туыстары енді әділдік іздеп шырылдап жүр. Бауырларын өлтірген қаскөй әлі бостандықта деп наразы. Погондылар марқұм үсіп көз жұмды деп істі жаба салған екен.

Теңлік Сағындықова, марқұм Гүлшат Махатжанованың әпкесі:

Ол ізінен қоса жүгіріп шыққан адам, қатты ұзап жүгіре алмайтын адам, қалай жете алмай қалады, қалай көрмей қалады. Мен көрмей қалдым деп айтты дейді. Ол қалай көрмей қалады ізінен шығып тұр ғой. Осының ақ-қарасын анықтайтын бізде заң жоқ па? Заңымыз соншалықты жұмсақ, соншалықты солқылдақ па?!
Дәурен Иманмәдиев, ШҚО ПД ТБ бастығы міндетін атқарушы:

Медициналық сот-сараптама бойынша, иә дене жарақаттары бар. Бірақ ол жарақаттардың өлімге қатысы жоқ. Қазір қосымша сот-медициналық сарапта өтсе, біз тиісті тергеу жүргізіп, процессуалдық шешім қабылдаймыз.
Алайда, марқұмның ет жақындары азаматтық некедегі күйеуінің кінәлі екеніне сенімдіміз дейді. Бұған келтірер айғақтары да жетерлік.

Жандарбек Қағазбеков, марқұм Гүлшат Махатжанованың күйеу баласы:

Бұл азамат егер ер жігіт болса, ол 102 хабарласып, шығып кетті деп айту керек еді. Егер ол өзі шығып кетсе біздің күдігіміз. Екіншіден ол Аягөзге қашып кеткен машинамен. Үйдегі баланың оқуына төлеу керек ақшаның бәрін алып кеткен. Егер ол кінәлі болмаса, сол арада отыруы керек еді, міне басымды кесіп ал, шығып кетті таппадым деп. Балаларға да звандатпаған. Звандама деп. Уақыт әбден өткен.
Осылайша, күдіктінің қамауға алынуын талап еткен марқұмның туыстары қалалық медициналық сараптама қорытындысымен келіспей, енді облыстық сараптамаға үміт артып отыр.


Просмотров материала: 11 667

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 195 252 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 194 844 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 194 357 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 194 411 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 194 762 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 368 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 462 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 754 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 217 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 316 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 643 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 478 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 589 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 393 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 236 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 725 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 476 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 171 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 568 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 345 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 271 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 104 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 950 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 252 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 168 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 670 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 486 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 001 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 259 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 632 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 009 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 040 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 004 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 206 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 362 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930