24 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Өткен жылы 14 мың қазақстандық жеңілдетілген ипотека алды

25 февраль 2021, 14:40
Өткен жылы 14 мың қазақстандық жеңілдетілген ипотека алды
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев Қазақстанда тұрғын үй құрылысын дамыту туралы Президент тапсырмалары қалай іске асқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


2020 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 15,3 млн шаршы метр немесе 140 мың тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2019 жылғы кезеңнен 17% жоғары.

«Рекордтық көлемге жету үшін біз жергілікті атқарушы органдарды 281,2 млрд теңгеге қаржыландырдық. Әкімдіктер 28 мың пәтерді немесе елде салынған тұрғын үйдің жалпы көлемінің 20%-ын белгіленген бағамен тапсырды. Отбасы банкі арқылы халыққа «Бақытты отбасы» және «5-10-20» әлеуметтік бағыттарын қоса алғанда, 145,7 млрд теңгеге 14,3 мың жеңілдетілген несие берілді. Биыл алдымызға аңағұрлым биік міндет қойылды – бұл барлық қаржы көздері есебінен 17 млн шаршы метр немесе 163 мың тұрғын үй салу», - деді Ә. Омарқожаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Алматы облысының тұрғыны Ұлзира Төлепберген – «Бақытты отбасы» бағдарламасымен баспана алған жандардың бірі.

«Мен жалғызбасты анамын және мүгедек бала асырап отырған отбасы санаты бойынша «Бақытты отбасы» бағдарламасымен баспана алдым. Шамамен 7-8 жыл бойы отбасымызбен пәтер жалдап жүрдік. Коммуналдық төлемдерді қосқанда ай сайын 60 мың теңге төлейтін едік. 2018 жылы әкімдікке баспана кезегіне тұрып, Отбасы құрылыс жинақ банкінен (Қазіргі «Отбасы банк» - ред.) есепшот аштым және ай сайын 50 мың теңгеден ақша жинадым. Әкімдік бағыт-бағдар беріп отырды және бастапқы жарна үшін 500 мың теңге есепшотыма аударды. Бұл – жалғызбасты аналар үшін үлкен көмек», - дейді Ұ. Төлепберген ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша, ірі қалаларда 15 млн теңгеге дейін, ал облыстарда – 10 млн теңгеге дейін баспана алуға болады.

«Ол үшін әкімдікке кезекке тұру анықтамасы, балалардың туу туралы куәлігі, некені бұзу туралы куәлік, баланың мүгедектігі туралы құжат және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама өткіздім. Бастапқы жарнаға алатын үйдің 10 пайызын жинау керек. Әкімдік қосқан 500 мың теңгеге өзім жинаған 500 мың теңгені қосып, Талғар қаласынан үш бөлмелі пәтер алдым. Үйіміз кең, 92 шаршы метр, екінші нарықтан өзім таңдап алдым», - дейді Ұ. Төлепберген.

Сонымен бірге, биыл 26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы тұрғын үй саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Осыған байланысты «Бәйтерек» холдингі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп қосымша тетіктер әзірлеген.

«Ең алдымен, Отбасы банк базасында Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық құрылады, осылайша тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алу және кезекке қою бір орталықтан жүзеге асырылады. Заңнамалық өзгерістер қабылданған соң, бұл орталық жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорымен біріктіріледі. Блокчейн және смарт бридж технологияларын қолдана отырып, барлық бизнес-процестерді автоматтандыруды жоспарлап отырмыз. Бұл азаматтарды есепке алу мен тұрғын үйді бөлуде адами факторға жол бермей, ашықтықты қамтамасыз етеді. Ал құжаттарға қол қою және тіркеу уақыты 3 есеге, яғни 3 күннен 1 күнге қысқарады», - дейді спикер.

Просмотров материала: 620

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 214 736 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 214 407 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 213 905 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 213 945 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 214 318 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 424 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 459 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 781 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 435 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 499 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 691 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 774 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 868 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 544 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 419 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 315 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 657 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 398 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 796 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 595 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 426 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 271 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 127 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 472 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 356 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 837 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 132 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 179 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 417 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 805 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 161 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 103 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 237 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 178 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 400 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 551 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31