30 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Министр: Қазіргі уақытта жан-жақты даму үшін тек білім қоры жеткіліксіз

18 февраль 2021, 9:35
Министр: Қазіргі уақытта жан-жақты даму үшін тек білім қоры жеткіліксіз
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазіргі уақытта жан-жақты даму үшін тек білім қоры жеткіліксіз. Әр адам жинаған білімі мен білігін дұрыс пайдалануы маңызды дегенді атты, деп хабралайды BAQ.KZ.


Министр Facebook-тегі парақшасында дебаттық қозғалыстарды жандандыру және мектептегі өзін-өзі басқару туралы ойын жазды.
Дебатқа алғаш рет курстасымның өтініші бойынша қатыстым. Негізі ойынға басқа азамат шығуы керек болатын, бірақ ол бара алмады. Осылайша екінші курста оқып жүргенімде дебаттарға қатыса бастадым. Әр ойын сайын тәжірибе жинап, жарты жылдан кейін факультет деңгейінде, кейін университет, қала, облыс деңгейінде жеңімпаз болдық. Одан кейін Ұлттық пікірсайыс турнирі болды. Сол жылдары дебат қозғалысы өте белсенді дамып жатты. Әрбір университет пен мектеп қабырғасында дебат клубтары жұмыс істейтін, - деп жазды ол.
Мектептерде пікірсайыстар Карл Поппер форматында, ал университеттерде негізінен америкалық парламенттік форматта ұйымдастырылатын. Ойынның қай тілде өткізілетініне байланысты дебат үш лигаға бөлінетін.

Қазіргі уақытта жан-жақты даму үшін тек білім қоры жеткіліксіз. Әр адам жинаған білімі мен білігін дұрыс пайдалануы маңызды. Бұл ретте дебат ойындары мен мектептегі өзін-өзі басқару тетіктері жоғарыда аталған қабілеттерді қалыптастырады. Дебат тек зияткерлік ойын емес, ол – сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге, сұрақ қойып, оларға нақты жауап беруге үйрететін білім беру технологиясы, - деп жазды министр.

Ойынға қатысушылар кейін үгіт-насихат пен популистік идеяларды оңай ажыратып, өз ұстанымын көпшілікке нақты аргументтер арқылы жеткізе алады.

Мұндай тәжірибе жастарға күнделікті ақпарат ағынын сыни қабылдауға да көмектеседі. Балалар бір-бірімен қарым-қатынас жасай отырып, өздерінің әлеуметтік байланыстары мен бір-біріне деген сенімін нығайтады. Пікірсайыстарда жетістіктерге жету үшін көзқарас, мықты мінез, өз ұстанымын дәлелді түрде қорғай білуге жетелейтін ұмтылыс маңызды. Ол үшін көп кітап оқып, танымдық бағдарламаларды қарап, қарым-қатынас орната білу, аргументация дағдыларын дамыту бойынша үнемі жұмыс істеу керек, - деді Аймағамбетов.

Жалпы еліміздегі оқушылар арасында дебат ойындары алғаш рет 1996 жылдың сәуір айында өтті.

Сол уақытта Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар облыстарында, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ұйымдастырылған ойындардың өзіндік стилі мен бағыттары қалыптасты. Әрине, ол ойындар оқушылардың бойында коммуникативтік құзыреттілікті дамытуға мүмкіндік берді. Біз еліміздегі мектептерде, колледждер мен университеттерде дебат қозғалысын қайта жаңғыртып жатырмыз. Әрбір оқу орнындағы білім алушылардың жан-жақты дамуына барынша мүмкіндік жасау қажет. Бұл ретте мектептегі өзін-өзі басқару жүйесінің де ықпалы зор. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы арнайы әдістемелік нұсқаулық әзірлеп шығарды. Соның негізінде еліміздегі мектептер өзін-өзі басқару технологияларын енгізе алады, - деді ол.

Мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқаруы қалай жүргізілмек?

Әдетте оқушылар арасында сайлау ұйымдастырылып, мектеп парламентінің мүшелері сайланатын. Оның құрылымында атқарушы органдар да болуы мүмкін, олардың әрқайсысы өз бағытына жауап береді. Бұл жүйе оқушыларға басқарудың не екенін түсінуге, олардың саяси және құқықтық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді. Балаларға жауапкершілік жүктеп, өз бетінше әрекет етуге жағдай жасайды.

Мұның маңызы неде?

Ең алдымен оқушылар мектептегі барлық білім алушалардың мүддесіне сәйкес бастамалар көтеріп, тиісті шешім қабылдауды және оларды жүзеге асыруды үйренеді. Мектептегі өзін-өзі басқару білім беру процесін демократияландыру, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға және бар мәселені бірлесіп шешуге өз ықпалын тигізеді. Алдағы уақытта өзін-өзі басқару үрдісі де дебат ойындары сияқты мектептердегі, колледждер мен жоғары оқу орындарындағы тәрбие жұмысының ажырамас бөлігіне айналады. Біз өз кезегімізде балалар мен жастардың шығармашылық және зияткерлік тұрғыда дамуына бағытталған жобаларды қолдайтын боламыз. Мұндай кішігірім бастамалар біздің қоғам үшін өте маңызды. Пікірсайыстар мен өзін-өзі басқару жүйесі әлеуметтік капитал мен қоғамдық сенім деңгейін көтеруге де әсер етеді, - деп жазды министр.

Просмотров материала: 1 637

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 206 633 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 280 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 205 769 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 205 826 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 193 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 999 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 046 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 352 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 991 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 070 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 253 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 685 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 719 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 465 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 328 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 088 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 565 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 272 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 679 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 489 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 348 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 184 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 045 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 372 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 265 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 749 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 873 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 100 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 336 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 712 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 081 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 025 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 154 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 098 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 304 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 464 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930