6 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жәрдемақыны аудару: Көмекке мұқтаж адамдарды ХҚКО-да тіркеуге тұрғызу ұсынылды

17 февраль 2021, 13:02
Жәрдемақыны аудару: Көмекке мұқтаж адамдарды ХҚКО-да тіркеуге тұрғызу ұсынылды
Әлия Әбсеметова әлеуметтік қолдауды қолжетімді ету мақсатында көмекке мұқтаж адамдарды халыққа қызмет көрсету орталығында тұрақты және уақытша тіркеуге тұрғызу мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде елімізде әлеуметтік қамқорлыққа мұқтаж жандар мемлекеттен тиісті әлеуметтік көмек түрлерін алып отырғаны белгілі.

Алайда, бұл тұста қиындықтар туғызып отырған мәселелер де бар. «Әлеуметтік-еңбек саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарына» сәйкес, кейбір көмектер мен жәрдемақыларды алу үшін азаматтардан тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы құжат талап етіледі. Мысалы, атаулы әлеуметтік көмек алу үшін бір жерде тіркеуде 6 ай тұру керек.

Әлеуметтік көмекке мұқтаж жандар негізінен жағдайы төмен отбасы мүшелері екені белгілі. Олардың көбісінің басында үйі жоқ, сәйкесінше белгілі бір жерде ұзақ мерзімде тіркеуге тұруға мүмкіндігі болмайды», - деді Ә. Әбсеметова Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың атына жолдаған депутаттық сауалында.

Осы орайда үйі жоқ болғандықтан, таныстарына, туыстарына, тіпті бөтен адамдарға жүгініп, ай сайын ақша төлеп тіркелуге мәжбүр болады.

«Олар өз үйі болмағандықтан, тұрғылықты жерін де жиі ауыстырады. Ал, түрлі себептермен олар тіркеуден шығып, басқа мекенжай бойынша тіркелгеннен кейін, олар әлеуметтік көмектен 6 айға қағылады. Бұл жағдай, онсыз да қиналып отырған көпбалалы аналарға қосымша ауыртпалық түсіруде. Ал енді мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін азаматтарға тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы талаптар қойылады. Уақытша тіркеу әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға жарамайды. Егер мұқтаж жандардың жеке меншігінде үйі болмаса, тұрғылықты тұратын жері жоқ болса, сонда бұл азаматтар әлеуметтік көмекті қалай алады? Сол себепті, баспанасы жоқ көпбалалы аналар мен мүгедек баланы тәрбиелеп отырған азаматтар, мүгедектер үшін және басқа да мұқтаж жандар үшін қажеттілігі бойынша әлеуметтік көмекті, жәрдемақыларды қолжетімді әрі тиімді ету мақсатында, оларды Халыққа қызмет көрсету орталығында тұрақты және уақытша тіркеуге тұрғызу мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынамыз», - деді депутат.

«Екінші мәселе, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамтуға қатысты. Қазіргі күні оларға мемлекет тарапынан кезекке сәйкес тұрғын үй тұрғылықты мекенжайы бойынша, яғни, тек өзі тұратын елді мекеннен беріледі. Ал бір ауданда көбірек үй беріліп жатса, екіншісінде тіпті мүлдем берілмеуі мүмкін. Өйткені, облыстар арасында және бір облыстың ішіндегі аудандар арасында республикалық бюджет қаржысы есебінен тұрғын үй салу мен беру қарқыны әртүрлі», - деді ол.

Депутаттың пайымынша, жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға облыстың кез келген ауданынан, болмаса еліміздің басқа облысынан тұрғын үйді таңдау мүмкіндігін беруді қарастыру керек. «Екіншіден, балалар үйінен тәрбиеленіп шыққан жасөспірімдердің аңғалдығын, жақыны жоғын пайдаланып, алаяқтар олардың баспанасын тартып алған жағдайлар да кездеседі. Сол себепті, жетім жасөспірімдерге берілген тұрғын үй алаяқтық жолмен қолды болып кетпесі үшін, оларға берілген сәттен бастап 5 жылға дейін тұрғын үйді сатуға шектеу қою қажет деп санаймыз», - деді Әлия Әбсеметова.

Просмотров материала: 635

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 203 132 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 202 759 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 202 251 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 202 310 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 202 672 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 814 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 869 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 177 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 797 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 871 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 054 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 639 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 671 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 443 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 296 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 917 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 540 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 236 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 635 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 454 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 325 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 157 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 014 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 335 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 235 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 724 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 697 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 072 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 306 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 687 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 062 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 004 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 123 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 068 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 273 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 426 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930