23 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Өмірдің мәні әйелде» деген айтыстың Асанқайғысы 70 жасқа толды

12 февраль 2021, 15:17
«Өмірдің мәні әйелде» деген айтыстың Асанқайғысы 70 жасқа толды
Бүгін ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман 70 жасқа толды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жүрсін Ерман 1951 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Байқоңыр кеңшарында дүниеге келген.

Әлеуметтік желіде құттықтап жатқандар көп.

Қазақтың қолына өлең тағ-ақ сеніп тапсыруға болатын ақтаңгер ақыны Жүрсін Ерман жетпістің жотасына шықты. Жетпіске кім келмей жатыр дерсіз. Бірақ мәселе әйтеуір келуде емес, қалай келуде ғой. Биікке жорғалап жүріп жылан да шығады, екпіндей ұшып қыран да шығады деген бар. Жүрсін жүйрік осының соңғысына жатады. Өйткені, ол атаулы жасына жомарт ой мен жоғары шеберлік иесі ретінде жетті. Жомарттық ұғымының да жетерлік қыры бар ғой. Өз басым соның бастысы - әйтеуір төпей бермей, бір соқса да иін қандырып, икемге келтіріп беру деп ұғамын,- деп жазды балқаштық ақын Абзал Бөкен.
Жүрсін Ерман дегенде көпшілік оны қазақтың бекзада өнері айтыстың жүргізушісі ретінде таниды. Өзі де үнемі сұхбаттарында айтып жүреді.

Менің айтыстағы танымалылығым, айтыстың жүргізушісі, ұйымдастырушысы ретіндегі беделім шығармашылығымды басып кете береді. Жұрт мені көбіне сол жағынан таниды. Менің есімді білгеннен бергі кәсібім, құштарлығым – әдебиет, өлең, қара сөз,- дейді Жүрсін Ерман Qamshy.kz порталына берген сұхбатында.
Ақынның ел арасында кеңінен танымал өлеңдерінің бірі «Әйелге ода» деп аталады.

ӘЙЕЛГЕ ОДА

Қай жерде, мейлі, қай елде

Әлемнің мәні – Әйелде.

Мықтымын десең оныңды Әйелге барып дәлелде!

Әйелсіз айтпан әнді мен,

Әйелмен дәмді әңгімем.

Сүйкімді болсаң шынымен,

Әйелің сүйсін алдымен!

Әйелге мәлім көп сырың,

Сүрінсең – әйел деп сүрін.

Халыққа сыйлы болмайсың,

Әйелге болсаң жексұрын.

Әйелсіз қонды бақ қашан,

Әйел деп түстік отқа сан.

Әлемнің тілін таппайсың,,

Әйелдің тілін таппасаң!

Болмасын әйел назалы,

Болмасын әйел жазалы.

Кеудесін қаққан талайдың,

Әйелден болған ажалы!

Әйелден ыстық от бар ма?

Сол үшін түстік көкпарға.

Қарғағың келсе біреуді,

Әйелcіз өтсін деп қарға!

Әйелмен құның өлшенер,

Құдайдан кейін – сол шебер.

Бақытты сен де болмайсың,

Әйелің сорлы болса егер!

Жөн емес қазақ нақылы,

Болсаң да әлем ақыны,

Жетеді билеп-төстеуге

Әйелдің қысқа ақылы.

Сырыңды соған ашасың,

Шөліңді содан басасың.

Адамның күні әйелмен,

Әйелдер мәңгі жасасын!

Айта кетейік, Жүрсін Ерман 15 жасында аудандық газетке әдеби қызметкер ретінде жұмысқа тұрады.17 жасында бөлім меңгерушісі болып тағайындалады. Ол жұмысшы жастардың кешкі мектебін аяқтап, Алматыдағы Абай атындағы пединститутқа оқуға қабылданады. 1992-1994 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетіндегі поэзия бөлімінің меңгерушісі, 1995-1997 жылдары «Жұлдыз» журналындағы поэзия бөлімінің меңгерушісі болады. 2003 жылдан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғылыми қызметкері, 2006 жылдан 2009 жылдың қазан айына дейін «Қазақстан» РТРК Қазақ республикалық радио бас директорлығына тағайындалды. Осы күні Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы.

Тұңғыш өлеңдер жинағы «Жанартау» 1983 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрді. Қазақ халқының кеңес дәуірінде үзіліп қалған бағзы заманғы суырыпсалмалық өнері – ақындар айтысын жандандырып, дамытуға ұйтқы болып жүр. 1984 жылдан жүздеген ақындар айтысын өткізіп, оған меценаттар тарту арқылы жанжақты қолдау көрсетті. Ақындар айтысын жинақтап, жариялау, зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. «Қазіргі айтыстар» (2005, Астана, 2 том) жинағын құрастырды. «Жанартау», «Арайлы күн, армысың», «Ұлытауға бардың ба…» (1989), «Құдіретке жүгіну» (2005), «Екі тізгін, бір шылбыр» (2007), «Құстың көлеңкесі» (2008) атты жыр жинақтарының авторы.

М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері, С.Сейфуллиннің 100 жылдығына арналып өткізілген республикалық ақындар мүшәйрасының Бас жүлдегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Ұлытау ауданының Құрметті азаматы.

Просмотров материала: 1 282

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 214 561 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 214 231 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 213 729 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 213 770 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 214 144 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 417 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 451 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 774 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 424 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 489 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 682 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 771 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 866 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 543 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 418 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 315 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 656 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 393 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 794 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 595 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 425 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 270 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 125 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 469 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 354 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 834 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 129 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 178 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 416 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 804 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 160 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 101 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 235 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 177 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 396 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 549 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31