21 апреля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қарағандылық дәрігер министрлікті сотқа берді

12 февраль 2021, 11:57
Қарағандылық дәрігер министрлікті сотқа берді
25 жыл адам жанына араша бол­ған Роза Көккөзова панде­мия кезінде коронавирус жұқ­тырып, өзі дәрігер көмегіне зәру болды. Індет ушыққанда демалыс­сыз жұмыс істеген дә­рі­герге министрлік уәде еткен 2 миллион теңге төленбеді. Қа­ра­ғандылық акушер-гине­колог өзіне тиісті өтемақыны талап етіп, сотқа жүгініп отыр, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Роза Көккөзова Қарағанды об­лысы Абай қаласының орталық ау­руханасына облыс орталығынан қатынап жұмыс істейді. Ол жүкті әйел­дерді перзентханада да, про­визор­лық ауруханада да емдейді. Пнев­мония асқынған уақытта бөлім меңгерушісі қызметін атқарды.

Егер дәрігер айына 176 сағат жұ­мыс істеуі керек болса, мен 23 күнде 228 сағат жұмыс істедім. Күні-түні жұ­мыста болдым. Көптеген дәрі­гер сияқты мен де коронавирус жұқ­тыр­дым. Біздің бөлім екі аптаға каран­тинге жабылды. Акушер дәрігерлер министрлік уәде еткен төлемді күт­тік. Бірақ маған корона­вирусты ав­тобуста немесе үйде жұқтырған деген шешім шығарып, тиісті төлем­ді өтемеді. Мен жұмысқа қызметтік көлікпен барып-келіп жүрдім. Үйде жалғыз тұрамын», – дейді дәрігер.

Эпидемиологиялық картада Роза Көккөзова вирусты үйде немесе қызметке барарда жұқтыруы мүмкін деп жазылған. Картадағы дерек­термен дәрігер келіспейді. Мәселен, дәрігер коронавирусқа талдауды Қарағандыда тапсырған. Ал картада оны Абай қаласында тапсырды деп көрсеткен. Әрі картадағы барлық мәлімет науқастың сөзімен тол­тырыл­ған деген жазба да дәрігерді шамдандырып отыр.


«2 миллион теңгені алу басты мақсатым емес. Дәрігерлерге берілген уәде орындалуы керек. Әр маман өзінің денсаулығына келген зиян үшін өтемақы алуы тиіс», – дейді Роза Көккөзова. Оның айтуынша, бөлімде одан бөлек тағы төрт дәрігер коронавирус жұқтырған. Олардың бірде-біреуіне бұл өтемақы төленбеген.

Құқығын қорғау үшін Роза Көк­көзова сотқа шағым түсірді. Арыз­да бес жауапкер көрсетілген. Жауап­керлер: Денсаулық сақтау ми­нистрлігі, облыстық Денсаулық сақ­тау басқармасы, облыстық және ау­дандық Санитарлық-эпи­демио­логия­лық бақылау де­партамен­­ті және Абай қаласының орта­лық ауру­ханасы.

Дәрігердің адвокаты Майра Жақу­­­баеваның айтуынша, эпи­демиологиялық картаны толтырған мамандар қазір жұмыс істемейді. Біреуі жұмыстан шыққан, екіншісі – декреттік демалыста.

«Құзырлы орган өтемақыны тө­леу бойынша әрекетсіздік танытып отыр. Өтемақыны қарайтын комис­сия бүгінде жұмысын тоқтатқан. Біз сол себепті сотқа жүгініп отырмыз»,– дейді адвокат.

Қарағанды облысының Ден­саулық сақтау басқармасы сот ше­шімінен кейін ғана жауап бе­ріледі деп отыр. Адвокатқа ко­рона­вирус жұқтырған тағы үш дәрі­гер құқығын қорғауды өтініпті.

Былтыр наурызда Үкімет коро­на­вирус жұқтырған медицина қыз­меткерлеріне 2 миллион теңге кө­лемінде өтемақы төлеуге шешім қабылдады. Ал дәрігерлер асқынған коронавирустан көз жұмса, от­басына 10 миллион теңге көмек таға­йындады. Дегенмен бұл өтем­ақыны алу үшін ақ халаттылар ви­русты жұмыста жұқтырғанын дәлел­деуі керек болды.

Жеті ай өткен соң, 20 қазан­да коронавирус жұқтырған меди­цина қызметкерлеріне берілетін өтемақы тоқтатылды. Үкімет ауруханалар санитарлық режимді сақтауға өздері мүдделі болуы тиіс екенін алға тартты. Санитарлық дәрігерлер де бұл жеңілдік дәрі­герлерді босаң­сытып жібереді деген қауіп айтты.

«Осыған дейін бірреттік өтем­ақыны алдыңғы шепте жүріп, коро­на­вирус жұқтырған 9 мыңға жуық медқызметкер алған. Енді дә­рігер ауырса, мемлекет тарапынан төлем жасалмайды. Бірақ көмек жергілікті атқарушы орган есебінен көрсетілуі мүмкін. Бұған дейін ауру жұқтыр­ған­дарға 2 мил­лион, қайтыс болғандарға 10 мил­лион теңгеден төленіп келді. 20 қа­заннан бастап өтініш қабылдан­байды. Ал осыған дейін 13 мың ме­дицина қызметкері коронавирус жұқтырды. Олардың 95 пайызына өтемақы төленді. Қалған 5 пайызы осы аптаның аяғына дейін алады» деген болатын Денсаулық сақтау министрлігінің бірінші вице-ми­нистрі Марат Шоранов.

Пандемия кезінде 13 мыңға жуық медицина қызметкері коро­навирус жұқтырды, оның 182-сі қайтыс болды. Бұл нақты статистикаға кірген мәлімет. Де­генмен індет ө­ршігенде ПТР-тесті мен КТ ап­параттардың жеткілік­сіздігінен біраз медицина қызмет­кері қауіпті вирус жұқтырғанын дер ке­зінде дәлелдей алмады. Кейбірі үйін­де емделді. Ал Роза Көккөзоваға тоқ­татылған төле­мнің берілу-беріл­меуін сот шешеді.

Просмотров материала: 462

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 144 673 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 144 475 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 144 135 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 144 156 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 144 462 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 568 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 721 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 863 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 382 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 584 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 640 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 895 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 865 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 746 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 566 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 703 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 858 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 525 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 887 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 622 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 627 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 470 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 313 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 561 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 502 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 013 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 425 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 347 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 583 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 935 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 344 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 328 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 370 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 314 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 537 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 685 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930