23 мая 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«AsiaCredit Bank» лицензиясынан айырылды

12 февраль 2021, 10:10
«AsiaCredit Bank» лицензиясынан айырылды
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2021 жылғы 11 ақпандағы № 22 қаулысына сәйкес «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ-ты агенттік банкке банк және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берген лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңы 48-бабы 1-тармағының 7), 15) тармақшаларына сәйкес:

- пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзу;
- қадағалап ден қою шараларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамау;
- уәкілетті органның қосымша капиталдандыру жөніндегі талаптарын банктің ірі қатысушысының орындамауы лицензиядан айыруға негіз болды.

Лицензиядан айыру күнгі жағдай бойынша банк активтерінің мөлшері 45,4 млрд теңге, несие портфелі - 45,0 млрд теңге, оның ішінде 31,6 млрд теңге немесе банктің несие портфелінің 70,0%-ы 90 күннен астам мерзімі өткен жұмыс істемейтін кредиттер. Лицензиядан айырылған күні «AsiaCredit Bank» өтімді активтерінің мөлшері 75 млн теңгені құрады, бұл ретте орындалмаған клиенттік төлемдердің мөлшері 8,0 млрд теңгеден асады, - делінген хабарламада.

2019 жылғы қазаннан бастап клиенттер қаражатының кетуін өтеу үшін өтімді активтердің жетіспеушілігінен Банк реттеуші белгілеген пруденциялық нормативтерді бұза бастады. Осы кезеңнен бастап Агенттік тарапынан Банкке қатысты Банктің жағдайын жақсартуға бағытталған 14 қадағалап ден қою шарасы қабылданды және әкімшілік құқық бұзушылық туралы 73 хаттама жасалды.

2019 жылғы қазанда Ұлттық банк банктің жалғыз акционері қатысты банкті капиталдандыру жөніндегі талап түрінде мәжбүрлеу шарасын қолданды, ол шара орындалмады. 2020 жылы қанағаттанарлықсыз қаржылық жағдайының сақталуына байланысты агенттік банкті қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызып, банктен және оның акционерінен банктің қаржылық жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауды талап етті.

Осы Жоспарды орындау шеңберінде банк акционері 15,4 млрд теңге мөлшерінде өтімділікпен қолдауды жүзеге асырды. 2020 жылғы қаңтардан бастап 2021 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде ақшалай өтеу және активтерді клиенттік депозиттерді өтеу есебіне беру нәтижесінде банктің міндеттемелері 21,8 млрд теңгеге азайды.

2020 жылғы қарашадан бастап 2021 жылғы ақпан аралығында банк акционерінің қаражаты есебінен әлеуметтік маңызы бар мекемелер (мектептер мен ауруханалар) және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ алдындағы міндеттемелер толығымен өтелді.

Банктің қаржылық жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының мерзімі 2020 жылғы 25 желтоқсанда аяқталды. Банк және оның акционері қабылдаған шаралар Банктің қаржылық жағдайын тұрақтандыруға әкелген жоқ. Банк пруденциялық нормативтерді бұзуды жалғастыруда және Банк клиенттері алдындағы төлемдер мен аударымдар бойынша міндеттемелерді орындамайды. Банктің қосымша провизиялар қалыптастыру үшін қажетті меншікті капитал тапшылығы 19 млрд теңгені құрайды.

«AsiaCredit Bank» АҚ-та 2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша

23 174 жеке тұлғаның депозиттері бар, олардың жиынтық қалдығы шамамен 19 млрд теңге. Банк салымшыларының, жеке тұлғалардың 97,7%-ның депозиттері ҚДКҚ кепілдігімен толық көлемде өтеледі, - делінген хабарламада.

Агенттік төрағасының 2021 жылғы 11 ақпандағы №51 бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған банктің барлық басқару органдарының өкілеттіктері өтті. Уақытша әкімшілік банктің тарату комиссиясы тағайындалғанға дейін жұмыс істейтін болады. Уақытша әкімшілік жетекшісі болып агенттіктің қызметкері Ерлан Сәрсенбекұлы тағайындалды.

2021 жылғы 12 ақпаннан бастап ҚР заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және банктің өзінің банктік шоттары бойынша барлық операция тоқтатылды. Агенттік банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтінішпен сотқа белгіленген тәртіппен жүгінеді.

Сот банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғаған күннен бастап кредиторлардың банкке талаптары банкті ұстауға ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да жағдайларды қоспағанда, тарату ісінде ғана қойылуы мүмкін.



Просмотров материала: 485

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 149 340 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 149 150 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 148 808 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 148 830 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 149 134 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 810 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 962 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 117 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 727 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 930 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 896 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 049 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 919 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 798 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 619 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 757 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 910 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 575 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 943 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 676 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 679 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 521 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 363 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 618 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 560 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 071 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 492 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 400 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 641 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 992 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 399 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 383 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 425 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 365 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 594 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 742 Просмотров





Опрос


«    Май 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031