7 ноября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Енді Facebook пен Instagram коронавирус вакцинасы туралы жағымсыз жазбаларды өшіріп отырады

10 февраль 2021, 16:18
Енді Facebook пен Instagram коронавирус вакцинасы туралы жағымсыз жазбаларды өшіріп отырады
Facebook пен Instagram коронавирусқа қарсы вакциналар туралы жалған ақпаратты жойып отырады. Бұл туралы StopCovAlmaty коронавирустың таралуына қарсы әрекет ететін Алматы ақпараттық алаңдарының ресми желісі жазды, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

Бұған дейін аталған ақпаратты The New York Times басылымы да жазған болатын. COVID-19 вакцинасы «адамды өлтіреді» немесе «денсаулығына елеулі зиян келтіреді», «аутизмге немесе бедеулікке алып келеді», «ДНҚ-ны, тіпті адамды маймылға айналдырып жіберетіндей дәрежеде өзгертеді» деген сияқты мәтіндері бар хабарламалар ендігі жерде Facebook желісінің барлық платформасынан жойылатын болады.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Флорида штатындағы Тампе қаласында жүздеген медицина қызметкері көшеге плакат ұстап шығып, вакцинаға қарсы шара өткізді. Бұдан бұрын елдің экс-президенті Дональд Трамп та коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырмайтынын айтқан еді. Бүгінде әлемде вакцина салдыруға қарсы көңіл-күй басылмай тұр. Өткен ғасырларда екпе миллиондаған жанды ажал аузынан арашалап алғаны тарихтан белгілі. Сондықтан, вакцинадан бас тарту тенденциясы ДДСҰ-ын алаңдатып отыр. Бұл жағдай қазір дүниежүзілік денсаулық сақтау саласына қарсы әлемдік қауіп-қатерлер тізіміне енгізілді.

Енді «вакцина алғанша, вируспен ауырып тұрған әлдеқайда қауіпсіз» және «вакциналау адамдардың белгілі бір топтары үшін қауіпсіз емес» деп келетін жалған ақпараттар да әлеуметтік желіден алынып тастап отырады.

Белгілі ІТ маманы, интернет маркетолог Тимур Бектұр Azattyq Rýhy ақпарат агенттігіне берген сұхбатында The New York Times келтірген мәліметтерден хабардар екенін айтады. Ол бұл бастаманың өте орнды екенін және халық көп қолданатын әлеуметтік желілерде сүзгінің болғанын қолдайды.

«Facebook өзінің барлық платформасында, оның ішінде Instagram да осы шектеулерді енгізді. Сосын WhatsApp-қа ойысатын шығар. Жалпы Deep Web деп аталады, яғни Google арқылы іздеу тетігі жоқ мессенджер болғандықтан, алдағы уақытта ақпаратты көп таратпауға мүмкіндік беретін техникаларын іске қосатын шығар», - дейді Тимур Бектұр.

Facebook желісінің денсаулық саласы бойынша басқарма басшысы Кан-Син Джин ДДСҰ мен басқа да денсаулық сақтау белсенділерімен ақылдасып, осындай шешімге келген. Негізінен Фейсбуктегі ресми парақшалар мен пейдж-лайк деп аталатын жүйелерге шектеулер болады. Ал, жеке аккаунттан жазылатын жазбаларға шектеулер қою қиын. Яғни ресми парақшалар мен топтардағы антивакциналық жазбалар сүзгіден өтетін болады, деп жазады америкалық басылым.

«Қазақстанда жеке аккаунттарды көп қолданып, өз ойымызды жеке парақшаға жазамыз. Ал батыс елдерінде көбі топтарда немесе лайк пейдж қолданады. Фейсбуктегі ресми парақшалар мен топтардағы антивакциналық посттар жазбалар мен материалдар өшірілсе, бұл талап орынды деп ойлаймын. Ал жеке адамдар жазса, олардың сөз бостандығына, жеке пікіріне қол сұғу. Бұл Батыс елдерінің, демократияның қағидаларына жат. Бірақ, ондай жазбаларды лентаның астына түсіріп, мейілінше аз оқылатындай жасаймыз деп отыр. Көрінбейтін, іздегенде ғана табылатын етіп, алгоритмнің бір тұңғиығына тығып жібереміз деп түсіндім. Себебі, кезінде Трамптың коронавирусты мойындамағаны бар, басқа да жарқын үндеулері бар. Содан кейін Facebook есін жиып жатқанға ұқсайды. Енді осы ковидтен кейінгі вакцинаға қарсы, денсаулыққа қарсы батыл қадамдарға барып жатыр», - дейді ІТ маманы.

Алматы клиникалық балалар инфекциялық ауруханасының бас дәрігері Ержан Сералин вакцина салдыруға қатысты үгіт-насихатта интетнеттің рөлі зор екенін айтады. Оның ойынша бұл қарсылық жекелеген азаматтарға екпе салу кезінде тағы да өршуі мүмкін. Ал вакциналаудың алғашқы кезеңінде негізінен дәрігерлер ың-шыңсыз салдырып жатыр.

«Вакцина салдыру әркімнің өзінің еркі дедік. Ал, әлеуметтік желіге не жазамын десе, заң аясынан асып кетпесе ол да әркімнің өз еркі. Көп жағдайда өзінің білімі мен санасына байланысты ғой. Бұл бөлек әңгіме. Ал менің айтайын дегенім, біз вакциналау науқанына кірісіп кеттік. Өзіңіз білесіз, ауруханалар алғашқы болып өз қызметкерлеріне екпе салып жатыр. Алматыда инфекциялық аурухана болғандықтан бұған үлкен мән бердік. Біздің қызметкерлер өткен аптада жоспар бойынша өтті. Жапа шекті дейтіндей факт жоқ. Бір-екі күн қызуы көтерілген адамдар болды. Олар қайтадан жұмысына оралды. Бізде 680 адам жұмыс істейді. Соның 70-тен астам адам қабылдау бөлімі мен реанимация бөлімінде істейтіндер вакцина салдырды», - дейді Е.Сералин.

Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының дәрігер-эпидемиологы Эльвира Ибрагимова Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында COVID-19-дың алдын алу шаралары туралы айтты. Қалада бірінші кезең барысында 1 315 медицина қызметкері вакцинацияланды. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Алматыда COVID-19-ға қарсы кезең-кезеңмен вакцинациялау басталды.
Просмотров материала: 534

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 174 138 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 173 972 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 173 594 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 173 642 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 173 935 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 238 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 377 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 605 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 665 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 825 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 519 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 941 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 399 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 234 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 056 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 262 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 329 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 003 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 390 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 113 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 126 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 959 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 793 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 049 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 994 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 511 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 981 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 828 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 104 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 443 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 845 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 798 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 846 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 804 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 030 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 180 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930