3 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Депутат Наталья Дементьева: Балаларымыздың қазақшасы бәрібір нашар

10 февраль 2021, 12:02
Депутат Наталья Дементьева: Балаларымыздың қазақшасы бәрібір нашар
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Наталья Дементьева Білім және ғылым минтстрі Асхат Аймағамбетовке мектептерде қазақ тілін оқытуға байланысты сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.


Ұлттың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген еді. Кезінде сондай қауіптің қазақ тілінің басына да төнгенін біз бәріміз жақсы білеміз. Ата мен немере екі тілде сөйлесетін күйге түскенін, республиканың астанасы Алматыда қазақ тілінде оқытатын жалғыз мектеп болғанын ұмыта қойған жоқпыз. Шүкіршілік, тәубе етер жалғыз киеміз – Тәуелсіздік ол қауіпті сейілтіп, қазақ тілінің бағын ашты. Алайда «Тәрбие тал бесіктен басталады» дегенді ұмытпаған жөн. Ал тілдің тал бесігі не? Ол, әрине, мектеп. Мектептерде мемлекеттік тілді оқытудың жағдайы қай деңгейде? Осы мәселелерге назар аударсақ, талай нәрсенің көңілді көншітпейтінін көріп, жанымыз жабырқайды, - дейді Дементьева.

Ол Қазақстандағы орыс мектептерінде қазақ тілі 1958 жылдан бастап тұрақты түрде оқытыла бастағанын, 60 жылдан асса да әлі күнге дейін орыс мектептерін бітірушілердің арасында қазақ тілін еркін меңгергендер саны аз екенін айтып, назын білдірді.

Оқушылар да, мамандар да қазақ тілін оқыту әдістемесінің сапасына қатысты сын айтады. Жаңа оқулықтар жылда шығады, қаражат бөлінеді, әдістемелер, жаңа контенттер толып жатыр. Бірақ балаларымыздың қазақшасы бәрібір нашар. Әрине мектептерде әртүрлі іс-шаралар өткізілмейді емес, өткізіледі, бірақ олар баланың санасына қаншалықты сіңісуде деген сұраққа қатты қиналамыз. Оқулықтардың сапасы сын көтермейді. Жаттығулары өте күрделі. Қарапайым ауызекі сөйлеу дағдысы қалыптаспаған балаға үйіп-төгіп қиын грамматикалық тапсырмалар беріледі. Мағынасы ауыр өлең-тақпақтарды айтпай-ақ қояйық, - деді депутат.

Ол бұл мәселені шешудің мынандай жолдарын ойластыруды ұсынатынын жеткізді:

Біріншіден, оқушылардың қазақша еркін сөйлеп, қазақ тілінде өз ойын еркін жеткізе алуы үшін мұғалімдер тарапынан айтылым тапсырмаларын сабақ үдерісінде жиі қолдану, оқушының ауызекі сөйлеуіне басымдық беру, осыған қол жеткізуге мүмкіндік жасайтын әдіс-тәсілдерді әзірлеу;

Екіншіден, қазақ тілі оқулығындағы айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым тапсырмаларының тақырыптарға сай келуін бір жолға қою;

Үшіншіден, қазақ тілін еркін меңгеріп, күнделікті өмірге толыққанды енгізу үшін әр мектепте тілдік орта құру. Бұл орайда Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі тілдік ортаға бойлау сыныптарының іс-тәжірибесін әр мектепке енгізуді қарастырған жөн болар еді;

Түптің түбінде қазақ тілінің қазақстандықтардың ортақ тіліне, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын уақыты келеді. Қазірше оны қолдан жылдамдатудың, осы мәселені оңайлатудың қажеті жоқ. Бірақ сол мақсатқа бастайтын қадамдарды осы бастан қолға алу қажет. Ал оны алдымен қолға алатын да, алдымен жүзеге асыратын да – мектеп.

Құрметті Асхат Қанатұлы (білім және ғылым министрі Аймағамбетов - тілші) біз қазақ тілінің орыс тілді мектептерде оқытылу сапасына мемлекеттік деңгейде мән берілуі міндетті деп санаймыз,- деді Наталья Дементьева.
Просмотров материала: 741

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 193 749 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 193 325 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 192 850 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 192 908 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 193 257 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 273 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 376 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 662 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 092 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 206 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 565 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 435 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 566 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 379 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 212 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 684 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 457 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 148 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 549 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 319 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 257 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 934 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 226 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 151 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 653 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 450 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 242 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 616 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 996 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 939 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 025 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 981 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 192 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 347 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930