10 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматы тұрғыны прокуратураның алдында өзін өртемек болды

09 февраль 2021, 16:13
Алматы тұрғыны прокуратураның алдында өзін өртемек болды
Алматыда бес жылдан бері әділдік таппай жүрмін деген қала тұрғыны өзіне қол салудан басқа амалы қалмағанын мәлімдеді. Медеу ауданында тұратын Кәмила Әдиева баспанасынан айрылып қалғанын айтады. Тұрғынның жалғыз үйін 2015 жылы Алматыдағы жеке сот орындаушыларының бірі сыртынан сатып жіберген көрінеді, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

Кәмила Әдиеваның басындағы оқиға 2014 жылы басталған. Алматыдағы «Көк базардың» маңында тұратын отбасы қаржылық қиындыққа тап болады. Үй иесінің қызы науқастанып, Кәмила әріптесінен 900 мың теңге қарыз алады. Осы берешекті жабу үшін Гүлбану Шайхисламова деген әйел ұсыныс жасап, баспананы кепілдікке қойғызады. Әріптесіне 556 мың теңге қарызын жауып берген адам ақырында үйдің құжаттарын қайтарудан бас тартқан. Көп ұзамай Алмасбек Елтоков есімді жеке сот орындаушысы келіп, К.Әдиеваның Жетісу көшесі 3 мекен-жайындағы үйін электрондық саудаға шығарғанын хабарлаған.



Аукционнан баспананы сатып алу үшін Егения Некрасова мен Шолпан Егембердиева деген екі әйел өтінім берген. Баспана небәрі 2,5 млн теңгеге сатылған. Оның нарықтағы құны он сес қымбат көрінеді. Жәбірленушінің айтуынша, аталған екі адам да жалған тұлғалар болып шыққан. Үй иесінің пайымынша, жеке сот орындаушысы өз қызметін асыра пайдаланып, бұл электрондық сауданы жеке мүддесі үшін ұйымдастырған.

«Мен мұны алматылық жеке сот орындаушысы Алмасбек Елтоковтың ұйымдасқан қылмыстық тобы жасады деп ойлаймын. Оған көптеген дәлелім бар. Мен қарызымды жабуға талпынып, алғашқы 100 мың теңгені Елтоковқа бердім. Салыстырмалы түрде айтқанда, жалғыз баспанамды сыртымнан сатып жіберетіндей көп сомма емес еді. Өзім екінші топтың мүгедегімін. Бұл үйде менен басқа 8 адам тұрамыз. Бес жыл болды. Үйді өзге біреудің атына аударып тастаған. Енді босатуды талап етіп жатыр. Өзіме қол салдуан басқа амалым қалмады», - дейді ашынған әйел.

Өткен 5 жылда іс сотта қаралып, Медеу ауданының соты Әсел Әбішева іске қатысты шешім шығарған. Судья Кәмила Әдиеваның «келісімшартты заңсыз деп тану» туралы талап арызын қанағаттандырусыз қалдырыпты. Жәбірленушінің айтуынша, сот қазысы кейін қызметтік этикаға қарсы әрекет еткені үшін жазаланған. Медеу ауданының тағы бір судьясы Дәулет Әбдіхалықов үй иесінен пара талап еткені үшін және алаяқтық жасағаны үшін жұмысынан шеттетілген. Ал жеке сот орындаушы Алмасбек Елтоковқа қатысты Алмалы аудандық полиция басқармасы «Қызметін асыра пайдаланғаны үшін» деген айыппен іс қозғағанымен, іс сотқа жетпеген.

Қылмыстық іс 19.09.2015 жылы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі №157570031002581 номерымен теркеліп, ҚР ҚК 190 бабы 4 бөлімімен іс қозғалған. Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену негізінде тергеу жүрген.

Алайда, Кәмила Әдиеваның баспанасына қатысты дау шешілмей отыр. Медеу аудандық полиция басқармасының Полиция бөлімі тергеушісі Н.Мейрамғали сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы 18.12 2020 жылы қаулы шығарған. Ал, оны аудан прокурорының орынбасары Ж.Жакаев мақұлдапты.

Амалы таусылған әйел бүгін қалалық прокуратураның алдына келіп, өзін өртеуге бел буды. Алайда, бұл акциядан алдына ала хабардар болған қадағалаушы орган қызметкерлері К.Әдиеваны қала прокурорының жеке қабылдауына жаздырып, ертең сағат 11:00-ге кездесуге шақырды. «Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев жәбірленушіге қатысты барлық құжаттарды тексеруге уәде берді», - дейді Қалалық прокуратураның баспасөз хатшысы Кенесары Бағбанұлы.
Просмотров материала: 741

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 190 236 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 189 785 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 189 341 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 189 386 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 189 720 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 068 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 180 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 452 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 772 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 916 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 384 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 307 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 529 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 349 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 184 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 524 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 427 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 116 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 522 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 275 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 226 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 062 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 899 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 187 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 120 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 621 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 303 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 940 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 207 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 576 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 963 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 910 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 985 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 944 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 159 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 307 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031