7 июля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шешіндіріп, дубинкамен ұрады – Шымкент түрмесінің сұмдығы

09 февраль 2021, 14:33
Шешіндіріп, дубинкамен ұрады – Шымкент түрмесінің сұмдығы
Түрмедегі балаларымыз бен жақындарымыз азапталып жатыр. Шымкентте бір топ жазасын өтеушілердің туыстары осылай деп шағымданды. Олар Қылмыстық атқару жүйесіне қарасты 167/3 түзеу мекемесінің қызметкерлері осындағы жазасын өтеушілерді ұрып-соғып, сан түрлі әдістермен қинап жатқанын айтады. Ішкі тәртіпке мойынсұнбадың деген желеумен, тәулік бойы суық бөлмеге заңсыз қамап, тіпті, жарығы жоқ казармада ұстаған көрінеді. Қала берді, тағамның да мәнісі кеткен дейді сотталушылардың ет-жақындары. Бұл жайында Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне, Бас прокуратураға бірнеше мәрте шағым жазыпты. Бірақ, оңды жауап жоқ дейді, Есесіне, шындықты айтып, шырылдағандарды азаптап жатыр екен, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Бауыр еті баласының түрмеде азап шегіп жатқанын естіген Зулқия Қалменова жанына келінін ертіп, жаны жәй таппастан 167/3 түзеу мекемесінің алдына келді. Үлкен қақпаның арғы жағында экономикалық қылмыс жасады деген айыппен баласы жазасын өтеп жатыр екен. Бір жыл болыпты Оралдан осында ауыстырылғанына. Содан бері, азаптан көз ашпай келеді дейді ол.

Зулқия Қалменова, жазасын өтеушінің анасы:

Целый отрядқа воды нет деді. Света нет. Вот щас данный момент тоже их днем закрывает клубқа дейді. Темный клубқа. Там ни отопления ни воды. На целый день закроет. А утром им дают манную кашу без молока, яйцо ничего такого не дают.

Азаптауды тоқтатсын деген жазуды қолдарына ұстаған ата-аналар түрменің алдын торуылдап жүрді. Бәрінің айтары бір, талаптары ортақ. Заңға сәйкес, темір торға қамалды, ендеше, жазасын өтесін, тек, оларды қинамасын дейді. Айтуларынша, түрме әкімшілігі сан түрлі азаптау әдістерін меңгеріп алған.

Қалмұрат Ишанқұлов, жазасын өтеушінің әкесі:

Балам айтты, біреуі камераға түсіріп тұрыпты. Біреуі сыртқы күртесін шешіп алып, мына жерінде жазуы болады ғой, аты-жөні. Сол курткасын шешіп алып, екіншісі соның астына лезвия тығып жатыр дейді. Табанынан ұрады екен, құйрығынан ұрады екен. Дубинкамен ұрады екен шешіндіріп тастап.

Лунара Жақсылыққызы, жазасын өтеушінің жұбайы:

Жуырда ғана жолдасым хабарласты. Айтуынша, 2020 жылдың 29 желтоқсанында заңсыз, жалғыз өзін қамап қойған. Түрменің жылуы жоқ, суық бөлмесінде үш тәулік аш-жалаңаш ұстаған. Үстіне, жамылғы бермеген. Тек, 5-ші тәулік дегенде ғана, оның өзінде де түзеу мекемесі басшылығына талап-арызы жоқ екенін жазбаша түрде тапсырған соң, жамылғы берген. Міне, содан кейін, жолдасым ауруханаға түсті.
Сотталғандардың түрмедегі былықтан әбден шаршағандықтан, туыстарына аудио хабарлама жіберген. Онда әрбір жазасын өтеушінің аты-жөні және кімнен қалай таяқ жегендерін ашық мәлімдеген.

Жазасын өтеуші:

Мекемеде ұрып-соғу мәселесі болғаннан кейін, мекеме әкімшілігіне, басқа да бір, тағы басқа да нәрселерге арыз жазған едім прокуратураға. Сол себепті мен "безопаскада" болдым. "Безопаскадан" бүгін шықтым. Қазір, енді мен жазғаннан кейін, бұл мекемеде сондай бір қысым болып жатыр, әр жағынан сондай нәрселер болып жатыр бұл мекемеде.

Осы сынды жазбаларды естіп білген сотталушылардың туыстары енді бауырларын басқа өңірге ауыстыруын талап етіп отыр. Бірнеше рет Бас прокуратураға жазғандарын айтады. Бірақ, оңды шешімге қол жеткізе алмаған. Есесіне, тексеру қорытындысынан кейін түрме әкімшілігінен оңбай таяқ жейміз деп жазасын өтеушінің бірі. Осыған алаңдаған ата-ана ұлымды әкетпей кетпеймін деп отыр.

Жазасын өтеушінің анасы:

Енді қазір не дейді. Сендер қазір жалоба жазсаң, мамаңа үйге звондағанда жалоба айтсаң, еще хуже қыламыз. Сен ДИЗО-дан шығасың, еще жылына жыл қосып береміз екі жыл деп. Енді менің балам осы жерде, не істеймін мен. Оралда 2 жыл СИЗО-да отырғанда мұндай жағдай болмаған еді.

Түрме әкімшілігі болса, жабық мекемеде ондай заңсыз әрекеттер жоқ деп шаң шуытпады. Құзырлы органдардан келген өкілдер кемшіліктерді таба алмай кетіпті.

Нұрлыбек Сандыбаев, ИЧ 167/3 түзеу мекемесі басшысының орынбасары:

Сіздің өткенде арыздарыңыз қазір құзырлы органдар прокуратурада қаралып жатыр. Сотталғандарды азаптау және басқа да заңсыз іс әрекеттер болып жатқан жоқ.

Дегенмен, сотталушылардың туыстары қарап қалмақ емес. Енді олар Президент әкімшілігінен көмек сұрап отыр. Бұл жолы хатқа аудиожазбаны тіркеп, шағымдарды дәлелімен жолдауды жөн көрді. Бірақ, сонда да осы жариялылық үшін жазасын өтеушілер заңсыз жауапқа тартылмас па екен деген күдігі де жоқ емес.


Просмотров материала: 1 257

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 155 855 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 155 665 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 155 312 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 155 345 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 155 643 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 189 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 333 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 520 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 238 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 430 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 296 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 289 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 047 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 914 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 741 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 895 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 028 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 695 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 064 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 793 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 801 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 642 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 482 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 744 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 686 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 196 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 623 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 517 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 773 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 111 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 522 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 498 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 540 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 479 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 719 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 862 Просмотров





Опрос


«    Июль 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031