19 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Коронавирус: Вакцина өндірісінің басты мақсаты коммерциялық пайда табу емес

Коронавирус: Вакцина өндірісінің басты мақсаты коммерциялық пайда табу емес
Қарағанды өндірістік кешенінің базасында вакцина өндіру туралы шешім ҚР Денсаулық сақтау министрлігі (ҚР ДСМ) және Ресейдің Тікелей Инвестициялар Қорының (РТИҚ) арнайы мамандар тобының қазақстандық фармацевтикалық (ҚФК) кәсіпорындарына жүргізілген сараптамаларының нәтижесінде қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сарапшылардың деректері бойынша ҚФК ресейлік субстанциядан дайын өнімді өндіруге анағұрлым дайын болып шықты. РТИҚ мамандары жүргізген техникалық аудит нәтижесі өндірістік алаңның коронавирусқа қарсы вакцинаның дайын түрін шығару үшін барлық талаптарға сәйкес келетінін растады. Бүгінгі таңда ҚФК халықаралық GMP стандартына сай, биотехнологиялық препараттарды өндіруге толық мамандандырылған, барлық қажетті инфрақұрылымға ие, әлемдік жетекші өндірушілердің технологиялық және зертханалық жабдықтарымен жабдықталған Қазақстан Республикасындағы алғашқы және әзірге жалғыз фармацевтикалық кәсіпорын.

Ресейлік «Спутник V» вакцинасын өндіру шеңберінде ҚФК мен вакцина өндірісінің лицензиясы және ноу-хау иесі болып табылатын РТИҚ арасында серіктестік қарым-қатынас орнатылған. РТИҚ-тан жеткізетін шикізаттан (фармацевтикалық субстанция) дайын вакцина шығарады. ҚФК тиесілі зертханасында және вакцина жасаушы - Мәскеудегі Гамалея атындағы Ғылыми-зерттеу институтының зертханасында сапасы бойынша екі реттік бақылауды жүзеге асырады. Қатаң бақылаудан өткеннен кейін вакцина ҚР ДСМ бірыңғай дистрибьюторына жеткізіледі. Препаратты әрі қарай алып жүру - фармакологиялық қадағалау ҚФК міндетіне кіреді. Екпеден кейінгі жайларды мониторингілеу, екпе қабылдаған адамдардың өтініштері мен шағымдарын жинау мен талдау да кіреді.

Қарағанды фармацевтикалық кешені негізінде COVID-19 қарсы вакцина өндіру - Қазақстан халқы үшін басым мәнге ие стратегиялық маңызды әлеуметтік жоба болып табылады. Бұл өндіріс жоғары тиімді болып табылмайды, себебі, сату бағасы тек өндіріс шығындарын жабады. Алайда, вакцина өндірісінің басты мақсаты коммерциялық пайда көру болмағандықтан, вакцинаны ерекше жағдайларда, яғни пайданы ескерусіз шығару туралы шешім қабылданды.

Жоба мемлекетаралық келісімдердің нәтижесі және екі мемлекет үкіметтерінің және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тікелей жетекшілігінде. ҚР ДСМ мен РТИҚ арасында ресейлік вакцинаның 2 млн. мөлшерін жеткізу туралы меморандумға қол қойылды. Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, 2021 жылдың маусымына дейін вакцинаның қажетті көлемін өндіру жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта ҚР ДСМ мен ҚФК арасында тиісті келісім жасасу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қарағанды фармацевтикалық кешені жайында қосымша ақпарат.

Қарағанды өндірістік кешені – бұл жаңа фармацевтикалық технологияларға сәйкес жеке инвестициялар үшін жабдықталған қазақстан-ресей бірлескен кәсіпорны. Инвесторлар тарапынан алдыңғы қатарлы фармацевтикалық кешенді жабдықтауға 50 миллион доллардан астам қаржы жұмсалды. Мақсаты - қазақстандық пациенттерді емдеу үшін өмірлік маңызды дәрілік препараттар өндірісін оқшаулау, сонымен қатар, бұл үшін жетекші ресейлік ғылыми зертханалардың құзыреті тартылған.

ҚФК жыл сайын жеткізілетін дәрі-дәрмектердің тізбесін кеңейте және іс жүзінде біздің еліміздің тұрғындары үшін стратегиялық маңызды бағытта импортты алмастыру бағдарламасын жүзеге асыра отырып, өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектерді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қажеттіліктері үшін жеткізуді іске асырады. ҚФК онкология, гемофилия, гепатит, қант диабеті және басқалары сияқты әлеуметтік маңызы бар күрделі ауруларды емдеуге арналған заманауи препараттарды шығарады. Осы орайда, 2020 жылдың соңына қарай фармацевтикалық кешен соңғы бір жылдың өзінде 20-ға жуық жаңа препаратты шығаруды игеріп, 60 атаулы дәрілік құралды өндірді.

Қазақстанда бұрын өндірілмеген бірқатар дәрі-дәрмектер желісін кеңейту және импортты алмастыру үздіксіз жалғасуда. Препараттар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бірыңғай мемлекеттік дистрибьюторы «СК-Фармация» компаниясына жеткізіледі. Бұрын шетелдік өндірушілер жеткізген препараттар бағасының төмендеуінің арқасында еліміздің мемлекет бюджеті осы мақсаттарға жыл сайын 1 миллиард теңгеден астам қаражат үнемдейді.

Сонымен қатар, ҚФК Қарағанды облысындағы ең ірі салық төлеушілер мен жұмыс берушілердің бірі, кәсіпорында 200 жұмыс орны ұйымдастырылған. ҚФК-да жоғары технологиялық фармацевтикалық өнімдерді өндіру саласында білім мен тәжірибеге ие жоғары санатты мамандар тобы (ҚФК мамандарының 99%-ы - ҚР азаматтары) жиналған.

Просмотров материала: 527

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 179 983 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 179 487 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 179 077 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 179 129 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 179 437 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 502 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 633 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 867 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 036 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 194 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 802 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 069 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 442 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 270 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 099 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 305 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 357 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 039 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 432 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 153 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 158 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 987 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 826 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 092 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 028 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 543 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 063 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 861 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 129 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 495 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 880 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 826 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 881 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 841 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 070 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 214 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031