24 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жүргізушілер 13 ақпаннан бастап көлікті тек жеке куәлікпен жүргізе алады

05 февраль 2021, 9:42
Жүргізушілер 13 ақпаннан бастап көлікті тек жеке куәлікпен жүргізе алады
13 ақпаннан бастап еліміздің азаматтарына көлікті қажет құжаттарды алып жүрмей-ақ, тек жеке куәлікпен жүргізуіне болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Бұл туралы ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды.

2019 жылғы желтоқсанда ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жүргізуші құжаттарын ақпараттық жүйелер арқылы тексеру, жүргізушілерге құжаттардың қағаз нұсқаларын өзімен бірге алып жүрмеуге мүмкіндік беру туралы мәселені көтеріп, ІІМ-не заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тапсырды", - дейді министр Facebook желісіндегі парақшасында.


Жаңа заң ағымдағы жылдың 13 ақпанынан бастап күшіне енеді.
Бұрын Қазақстанда жүргізуші құжаттарының бірінің жоқтығы үшін ескерту (егер алғаш рет болса) немесе 5 АЕК үайыппұл қарастырылған болатын.

Енді жүргізушілерге көлікті жүргізген кезде өзімен бірге тек бір ғана құжат - жеке басын куәландыратын куәлікті алып жүру жеткілікті.

"Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу куәлігін, сақтандыру полисін, сондай-ақ техникалық байқаудан өткенін растайтын құжатты полицей планшет арқылы тексереді. Ал Интернет желісіне қолжетімділік жоқ елді мекендерде және тас жолдарда тексеру радиобайланыс арналары арқылы жүзеге асырылатын болады. Жаңа нормалардың қазақстандық жүргізуші куәлігі жоқ шетелдіктерге және Қазақстанда тіркелмеген көлік басқарушыларына қатысы жоқ", - деп жазды министр.

Автокөлікті жүргізуші құжаттарынсыз басқарудың осындай мүмкіндігі Грузия, Украина, Польша, Латвия, Литва сияқты мемлекеттерде бар, ол елдерде де ұлттық заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілген.

"Жүргізушілердің құжаттарын өзімен бірге алып жүру және жүргізуші құжаттарын ұсыну міндетін алып тастау - бұл заманауи технологиялық "сервистік" полицияны дамытуға бағытталған тағы бір қадам. Мемлекет көлікті басқаруды едәуір жеңілдетті, бірақ жүргізушілер басқа жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті есте ұстауы керек. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жүргізушілерді де, жаяу жүргіншілерді де жол жүрісі ережелері мен көлік жүргізу мәдениетін мүлтіксіз сақтауға шақырғым келеді", - дейді министр.
Просмотров материала: 733

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 223 782 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 223 488 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 222 982 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 223 016 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 223 383 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 919 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 951 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 283 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 973 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 997 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 196 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 915 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 041 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 667 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 548 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 580 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 779 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 540 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 948 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 732 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 546 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 394 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 231 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 606 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 480 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 964 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 403 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 295 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 532 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 924 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 272 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 216 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 360 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 295 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 541 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 669 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031