9 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Адамдар пәтер ақысын төлеуге 50-100 мың теңге іздеп жүр. Депутат Маминге мәселені төтесінен қойды

03 февраль 2021, 12:30
Адамдар пәтер ақысын төлеуге 50-100 мың теңге іздеп жүр. Депутат Маминге мәселені төтесінен қойды
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Снежанна Имашева Үкімет басшысына «Шаңырақ» бағдарламасына қатысты сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен сайлау науқаны аясында халықпен болған кездесулер барысында сайлаушылар бізге көптеген аманат-тілегін айтқан болатын. Олардың бір бөлігі әлеуметтік тұрғын үй алу мәселелеріне байланысты болды. Қазіргі уақытта тұрғын үй кезегінде 540 мың азамат тұр. Тұрғын үй құрылысының жоғары қарқынына қарамастан, әлеуметтік тұрғын үйге кезек азаймайды. Ал кей жерде тіпті өсуде. Тұрғын үй құрылысы өте белсенді жүргізілсе де, кезекте тұрған барлық адамның талаптары қанағаттандырылатын мерзімді атауға ешкімнің батылы жетпей отыр, - дейді депутат.

Ол Мемлекет басшысы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша кірісі 3,7 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын халықтың аса осал топтарына тұрғын үй қарыздарын беру үшін 5-10-20 «Шаңырақ» бағдарламасы іске қосылғанын, оның операторы «Отбасы банкі» екенін айта кетті.

Алайда бағдарламаның шарттары көпбалалы, жалғызбасты ата-аналар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, жетім балалар сияқты санаттарға қолжетімсіз. Келіп түскен 37 мың өтінімнің небәрі 1500-і ғана мақұлданған. Оның себептері бар. Біріншісі, соңғы 6 айдағы аударымдарымен еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен түскен отбасының кірісін растау қажет. Әдетте, мұндай талапты банктер клиенттің төлем қабілеттілігін растау үшін қояды. Бірақ азаматтардың осал санаттарының, көбінесе, жәрдемақылар мен зейнетақылардан басқа, мүлдем ешқандай ресми кірісі жоқ, - дейді Имашева.

Оның айтуынша, бұл ретте олардың көбі тұрғын үй жалдап, ай сайын жалға алу ақысын төлеуге 50-100 мың теңге іздестіруге мәжбүр. Бұл соманы олар тұрғын үй қарызын өтеуге жібере алар еді. Сонымен бірге жақсы кредиттік тарих олардың төлем қабілеттілігінің өлшемі бола алар еді. Өйткені, кірістерін растамай, оларға жоғары пайызбен тауарлық кредиттер мен микроқаржы ұйымдарының кредиттері ғана қолжетімді болады.

Бұл ретте олар кредиттік тарихын бүлдірмеу үшін оларды уақытында төлейді. Кепілсіз және қымбат кредиттерді уақтылы қайтаратын борышкерлер – тәртіпті, олардың бағдарламаға қатысуы мүмкін деп санаймын. Осы туралы жиналыстарда сайлаушылар да: «Бізге мемлекеттен баспана керек емес, оны ипотекаға сатып алуға мүмкіндік берсеңіздер болды!» деп сұраған болатын.

Екінші себеп. Тұрғын үйді бастапқы нарықта ғана сатып алуға болады. Бірақ жаңа тұрғын үйдің бағасы өте жоғары. «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша өңірлерде қарыздың ең жоғары сомасы 12 миллион теңгені құрайды. Бұл бағамен жаңа салынға үйден 1-2 бөлмелі пәтерді ғана сатып алуға болады, бірақ оның өзі де жоқ, - дейді депутат.

Оның айтуынша, мұндай тұрғын үй құрылыс салу кезеңінде сатып алынады. Жергілікті атқарушы органның қаражаты есебінен салынатын арзан тұрғын үй де жеткіліксіз. Қайталама нарық сұранысты ішінара қанағаттандырар еді. Бағдарламаны әзірлеушілер түсіндіріп отырғандай, бағдарламаның мақсаты құрылыс секторын дамыту ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік тұрғын үй алуға кезекті қысқарту болып табылады деп отыр.

Қайталама нарықтағы тұрғын үйдің шаршы метрінің құнын ақылға қонымды шектеу қайталама нарықтағы бағаның өсуіне жол бермес еді. Құрметті Асқар Ұзақбайұлы (премьер-министр Мамин), осы сауал арқылы сізден халықтың әлеуметтік жағынан осал санатындағы азаматтарға тұрғын үй сатып алу үшін мүмкіндіктерді кеңейтуді және 5-10-20 «Шаңырақ» бағдарламасының шарттарын қайта қарауды сұраймын, - деді Снежанна Имашева.

Ол айтқан екі шарт мынау:

1) азаматтардың осал санаттарына тұрғын үй қарыздарын кірісін растамай, олардың төлем қабілеттілігін қосымша параметрлер бойынша бағалай отырып алуға мүмкіндік беру.


2) бағдарлама бойынша тұрғын үйді жылжымайтын мүліктің қайталама нарығынан сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Просмотров материала: 4 759

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 217 024 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 697 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 216 199 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 216 244 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 613 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 543 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 581 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 902 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 566 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 622 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 815 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 804 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 908 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 571 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 445 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 393 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 683 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 424 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 831 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 624 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 449 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 296 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 147 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 494 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 382 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 866 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 219 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 196 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 442 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 827 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 179 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 261 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 205 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 436 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 581 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930