13 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Құрылыс жобаларының жаңа мемлекеттік банкі іске қосылды — ҚР ИИДМ

02 февраль 2021, 15:16
Құрылыс жобаларының жаңа мемлекеттік банкі іске қосылды — ҚР ИИДМ
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 26 қаңтарда өткен кеңейтілген Үкімет отырысында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар қаралды. Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндады, деп хабарлайды primeminister.kz.

"Бекітілген әдістемелерге сәйкес жергілікті қамту үлесі бойынша мәлімделген сандарды қайта тексеру" тапсырмасына қатысты

Министр атап айтқандай, бұл тапсырманы орындау үшін өңірлерге көшпелі тексерулер ұйымдастырылады.

Жұмыс тобы және көшпелі тексерулер кестесі құрылды. Топ құрамына Бас прокуратура, қаржы, ұлттық экономика және энергетика министрліктерінің өкілдері кірді.

"Отандық тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің қолданылуын растайтын барлық конкурстық құжаттарды тексеруді жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда жергілікті қамту үлесінің көрсеткіштері Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында төмен болып отыр", – деді Б. Атамқұлов.

Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде өңірлерде жалпы сомасы 882,2 млрд теңгеге 6491 жоба іске асырылып жатыр.

"Шығыстарды жоспарлау кезеңінде (техникалық-экономикалық негіздеме және жобалау-сметалық құжаттама) бағаны көтеруге мүмкіндік бермейтін тетіктерді енгізу" тапсырмасына қатысты

Бүгінгі таңда бюджеттік инвестициялар есебінен іске асыру кезінде үлгілік жобаларды міндетті түрде қолдану заңнамамен белгіленген.

Биыл 10 қаңтарда құрылыс жобаларының жаңа мемлекеттік банкі іске қосылды, бұл оң сараптама қорытындылары бар жобаларды қайта қолдануға қосымша мүмкіндік береді.

2020 жылдың 1 мамырынан бастап сараптама порталында әлеуметтік нысандар құрылысы құнының шекті лимиттерін белгілейтін онлайн-калькулятор іске қосылды.

"Бюджет заңнамасында тыйым белгіленді, енді бюджеттен расталған қаржыландырусыз жобаларды әзірлеуге жол берілмейді. Оған қосымша, өңірлерде қажетсіз жобаларды әзірлеуді болдырмау үшін жоспарлау кезінде объектіні салалық орталық мемлекеттік органдармен алдын ала келісуді көздеуді ұсынамыз", – деді Б. Атамқұлов.

Әрбір арнайы экономикалық аймақ бойынша орындылыққа талдау жүргізу және арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеуінің жаңа моделін әзірлеу" тапсырмасына қатысты Мемлекет басшысы арнайы экономикалық аймақтар қызметінің тиімділігі төмендігін және жобалардың әлсіз толықтырылуы байқалатынын атап өтті.

Мысалы, Жамбыл облысындағы Химпарк-Тараз аумағында құрылған сәттен бастап барлығы 1 жоба іске қосылған. Алматы облысында Қорғас-Шығыс қақпасы мен "Қорғас" Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында да жағдай осындай.

Министр атап өткендей, ведомство әрбір арнайы экономикалық аймақ бойынша талдау жүргізді, дамыған елдердің тәжірибесі зерделенді.

Мынадай жаңа тәсілдер ұсынылады:

Бірінші. Жұмыс істеу мерзімін 49 жылға дейін ұзарту ұсынылады, өйткені инвестициялық жобаларды іске асырудың оңтайлы мерзімі осындай.

Екінші. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы қызмет түрлерінің басымдығын алып тастау және өңдеуші өнеркәсіптің барлық салалары мен секторлары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Үшінші. Әрбір инвестор үшін жеңілдікті топтаманың инвестициялар көлемі бойынша өлшемдерге сәйкестігіне (қолданылуына) байланысты түрлі қолданылу мерзімдерін ұсыну (5 жылдан 20 жылға дейін).

Төртінші. Жауапкершілікті қарастыру. Яғни, міндеттемелер орындалмаған жағдайда, бизнес тиісті кезең үшін барлық жете есептелмеген салықтарды қайтаруы тиіс.

Бесінші. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жобаларды іске асыру үшін дайын өндірістік үй-жайларды ұсыну мүмкіндігін қарастыру.

"Біз энергетика, сауда және интеграция министрліктерімен, сондай-ақ әкімдіктермен бірлесіп әрбір арнайы экономикалық аймақты дамыту бойынша жол карталарын әзірлейміз", – деді Б. Атамқұлов.

"Тұрғын үй саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстардың жаңа пакетін енгізу" тапсырмасына қатысты

Министрдің айтуынша, жалға берілетін тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарта отырып, тұрғын үй құрылысының жаңа тетігі әзірленеді.

Соның аясында жеке құрылыс қорларын құру туралы шешімдер қаралады.

Осы шараларды іске асыру қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізілгеннен кейін Нұрлы жер бағдарламасы шеңберінде іске асырылады.

Сонымен қатар, кредиттік тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту және "5-10-20" жобасын жалғастыру ұсынылады (кезекте тұрғандар үшін Отбасы банкі арқылы жылдық 5% - ға дейін жеңілдікті қарыздар беру).

"Ол үшін республикалық бюджеттен жыл сайын "Отбасы банк" арқылы 420 млрд теңге бөлу қажет. Бұл жеке құрылыс салушылар мен әкімдіктерге жыл сайын тіркелген бағамен 35 мың пәтер салуға мүмкіндік береді. Осы тетік арқылы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары табысы бар 353 мың адам (10 жыл ішінде) қолдауға ие болады", – деп түйіндеді Б. Атамқұлов.
Просмотров материала: 626

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 222 068 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 758 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 221 256 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 221 290 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 221 664 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 819 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 852 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 184 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 864 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 894 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 102 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 874 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 007 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 638 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 516 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 534 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 756 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 510 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 908 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 700 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 517 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 360 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 203 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 572 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 446 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 938 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 366 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 265 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 502 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 899 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 241 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 189 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 336 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 263 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 507 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 642 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031