1 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда мемлекеттік үлгідегі дипломдар берілмейтін болды

29 январь 2021, 10:18
Қазақстанда мемлекеттік үлгідегі дипломдар берілмейтін болды
Биылдан бастап ЖОО түлектеріне мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейді. 2021 жылдан бастап әрбір университет студенттің білім алғанын растайтын құжатты өз қалауы бойынша жасайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Басты мақсат - білім ордалары арасында қызу бәсекелестіктің көрігін қыздыру. Десе де сарапшылар білім ордалары ашық бәсекеге дайын емес дейді, деп хабарлайды "Хабар-24".

Көзге үйреншікті көк немесе озат оқушыға берілетін қызыл дипломдар енді болмайды. Түлектің жоғары білімді екенін растайтын құжаттың мазмұны, түсі мен көлемін университет басшылығы өзі таңдайды және жасайды. Бұл жоғары оқу орындарының арасындағы бәсекелестікті күшейту үшін жасалған.

Аятжан Ахметжанұлы, сарапшы:

– Тең дәрежедегі университеттердің арасында бәсекелестік тудырады. Бірақ өңірдегі университеттер бәсекелесе алмайды. Кейбір өңірлік университетті сақтап қалу үшін арнайы сол университетке ғана грант бөлеміз. Ертең жаппай біртұтас грант бөліп, ашық бәсекеге қоя беретін болса ол университеттерді ешкім таңдамайды. Ал онда біз өңірлердің университетін жауып тастасақ, өңірлердің жабылуына келіп тіреледі.

Енді ашық бәсекелестік қалай жүретінін ашып айтсақ. Өзіндік үлгідегі дипломда Білім және ғылым министрлігінің мөрі болмайды. Сәйкесінше, жұмыс беруші компания кейбір білім ордасының дипломын мойындамауға құқығы бар. Яғни білім жүйесі нашар университеттің түлегін ешкім жұмысқа алмайды. Сондықтан абитуриент оқу орнын таңдағанда бір жапырақ қағаз үшін емес, оның мойындалуын және кейін жұмысқа орналасу жолдарын ескереді. Осылайша техникалық базасы және оқытушылар құрамы әлсіз университет ысырылып қала береді.

Ерболат Мұхамеджан, М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ басқарма төрағасының орынбасары:

– "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының шығарған рейтингісіне сәйкес 108-орында тұрған университеттің дипломымен бірінші орында тұрған ҚазМЗ университетінің дипломы бірдей мемлекеттік үлгіде беріледі. Сапасы тұрғысынан ҚазМЗУ-дің сапасы жоғары, 108 орында тұрған университеттің немесе 49 орында тұрған университеттің сапасы төмен болуы мүмкін. Кез келген жұмыс беруші міндетті түрде рейтингке қарайды. Әр ол алдына келген кезде әр университеттің өзінің дипломы болуы әділеттірек.
Әділдіктің болғаны жақсы әрине. Бірақ оған қалай қол жеткіземіз. Бізде мемлекеттік үлгідегі құжаттың өзін қолдан жасап, сатқандар болды. Енді оны жасау құқығын оқу орындарының құзырына қалдырсақ және мемлекет тарапынан бақылау азайса, кей университеттер диплом сататын базарға айналмай ма?

Аятжан Ахметжанұлы, сарапшы:

– Қандай университеттің қанша диплом таратып жатқанын, қанша студент түсіп жатқанын, қанша студент бітіріп жатқанын егер министрлік бақыламаса, онда жалған дипломның көкесі болады. Жалған білімнің көкесі болады. Мен бақылау болмайды деп ойламаймын. Бұл актілермен реттеледі. Заңның өзі енді қабылданды ғой. Сондықтан ол актілер енді талқыланып, министрліктің жоғары білім департаментінің құзырындағы дүние. Шетінен жасалып шыққанша кемі жарты жыл уақыт керек.
Ал министрлік өкілдерінің айтуынша, жалған диплом жасау мүмкін емес. Біріншіден, әр университет құжаттың бланкасын қорғаныш белгілерімен жасайды. Екіншіден, әрбір құжат министрліктің бірыңғай реестіріне тіркеледі.

Бану Нарбекова, ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары:

– Министрліктің тарапынан белгілі бір реестор қарастырылады. Ол реестерде әрбір ЖОО коды беріледі. Әрбір дипломның өзінің сериясы, нөмірі болады. Оның барлығы реестерде немесе тізілімде көрсетіледі. Олардың барлығы осы министрлікте жинақталады және сақталады. Былайша айтқан да, бірде бір дипломды жалған беруге университеттің мүмкіндігі жоқ. Оның барлығы есептеулі.
Айта кету керек, өзіндік үлгідегі диплом жасау ішкі істер, қорғаныс және медицина университеттеріне қатысты емес. Сондай-ақ колледж түлектеріне де мемлекеттік үлгідегі диплом беріле береді.
Просмотров материала: 2 194

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 206 742 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 390 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 205 878 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 205 936 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 302 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 005 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 056 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 359 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 997 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 077 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 259 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 688 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 723 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 468 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 331 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 090 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 567 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 274 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 680 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 491 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 352 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 189 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 047 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 375 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 269 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 751 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 875 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 102 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 338 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 714 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 084 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 028 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 157 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 306 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 466 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031