2 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Зейнетақы жинағын алу: БЖЗҚ-ға алғашқы күні 10 мыңнан астам өтінім берілген

27 январь 2021, 15:09
Зейнетақы жинағын алу: БЖЗҚ-ға алғашқы күні 10 мыңнан астам өтінім берілген
Зейнетақы жинақтарының бір жолғы төлемін алу үшін БЖЗҚ-ға алғашқы күні 10 мыңнан астам өтінім түсті, деп хабарлады Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі, деп жазады BAQ.KZ.

25 қаңтарда «Отбасы банкінен БЖЗҚ-ға жалпы сомасы 114,6 млрд теңгеден астам сомаға 10 292 өтінім келіп түсті. Барлық өтінімді қор сол күні-ақ, еш кідіріссіз қарады. 8 460 өтінім (82% немесе жалпы сомасы 49,2 млрдтеңге) тексеруден сәтті өтті. Заңнамаға сәйкес «БЖЗҚ» АҚ-ға өтінім келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей, салымшылардың «Отбасы банкі» АҚ арнайы шотына шамамен 49,2 млрд теңге аударылады. Аударымның орташа сомасы – 5,8 млн теңге, - делінген хабарламада.
Қор 1 832 (немесе18%) өтінімді заңнама талаптарына сәйкес келмейтіндіктен төмендегі негізгі себептер бойынша қабылдамады:

1. Сомалар қате, яғни шоттағы зейнетақы жинақтарының көлемінен асыра көрсетілген. Сондықтан өтінімдерді «Отбасы банкі» ұсынымдарын басшылыққа ала отырып, мұқият толтыру керек.

2. Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға сұраныс жасалатын сомалар дұрыс көрсетілмеген.

Салық заңнамасы бойынша міндетті зейнетақы жарналарына қорға аударылған кезінде ЖТС салынбайды, сондықтан зейнетақы төлемдеріне салық салынуы тиіс. Салымшы біржолғы зейнетақы төлемін алған кезде ЖТС төлеудің екі тәсілін таңдауға құқылы. Бірінші тәсіл - кейінге қалдыру, екінші тәсіл - біржолғы зейнетақы төлемі кезінде салықты толық көлемде бірден төлеу. Салымшының шешімі уәкілетті операторға берілетін өтінімде көрсетілуі тиіс.

Егер өтініш беруші ЖТС төлеуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдаса, онда ол өтінімде сұратылатын соманы ЖТС-ты шегерместен көрсетуі тиіс. Егер өтініш беруші ЖТС-ты толық көлемде бірден төлеуді ұйғарса, онда ол өтінімде алуға болатын соманы 10% мөлшеріндегі ЖТС-ты шегере отырып көрсетуге тиіс.

Қордың беретін үзінді көшірмесінде салымшыға ыңғайлы және өз бетінше таңдау жасау үшін екі сома да көрсетілген. Салымшы көрсететін, алуға болатын сома зейнетақы қорынан оның уәкілетті операторда ашылған арнайы шотына түседі.

3. Өтінімде алуға сұраныс жасалатын сома ең аз жеткіліктілік шегін есепке алмастан көрсетіледі. Салымшылар өтінімінде алуға болатын және үзінді көшірмеде көрсетілген сома шегінде емес, жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының барлық сомасын көрсеткен.

4. Өтінімдерде валюта бағамдарының құбылмалылығы және зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі қаржы құралдары құнының өзгеруі нәтижесінде инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты өзгерістерді ескермейтін өзекті емес сомалар көрсетілген.

5. «БЖЗҚ» АҚ деректер базасында жеке зейнетақы шоттары және тиісінше зейнетақы жинақтары жоқ тұлғалардан да өтінім түскен.

6. Салымшылар бірін-бірі қайталайтын өтінім де берген.

Қор осы жәйттерді ескере отырып, азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтары туралы өзекті ақпаратты, оның ішінде қолжетімді сома туралы мәліметтерді enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен немесе Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мобильдік қосымшасы арқылы біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға тікелей өтінім берер алдында мұқият тексеруге кеңес береді.

Естеріңізге сала кетейік, салымшының БЖЗҚ-да жеткіліктілік шегінен асатын сомасы болған жағдайда, оны пайдалануға өтінім шексіз рет берілуі мүмкін. Егер қандай да бір себеппен салымшыға біржолғы зейнетақы төлемін алуға арналған өтінімді қанағаттандырудан бас тартылса, онда бас тарту себебін жойып, уәкілетті операторға қайтадан өтінім беруге болады. Егер салымшы өз жинақтарын әртүрлі мақсаттарға пайдаланғысы келсе, онда алуға болатын сома шегінде осы мақсаттарға жеке өтінімдер беруге болады.

Сондай-ақ, өтінім беруге және зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін нысаналы пайдалану шарттарына байланысты барлық мәселелерді уәкілетті оператордың «бір терезе» қағидаты бойынша қарайтынын және БЖЗҚ-ға жеке өтініш беру қажеттігі талап етілмейтінін естеріңізге саламыз.


Просмотров материала: 756

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 206 888 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 537 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 206 026 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 206 082 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 449 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 012 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 062 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 365 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 003 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 084 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 266 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 689 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 725 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 468 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 331 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 091 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 567 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 275 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 681 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 493 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 352 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 189 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 048 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 375 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 269 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 751 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 875 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 102 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 338 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 716 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 084 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 028 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 157 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 306 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 469 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031