23 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Ұлы Абайдың туысының бірімін», – дейді қарасайлық Серік апамыз

27 январь 2021, 11:30
«Ұлы Абайдың туысының бірімін», – дейді қарасайлық Серік апамыз
Әрбір адам баласы шыр етіп дүниеге келісімен-ақ, жаратқанның жазуымен оның алдағы өмір жолының «жоспар-жобасы сызылып» қоятын тәрізді. Бұған тағдырыңа әсер ететін әртүрлі оқиғаларды және заманның сан алуан құбылысын, уақыттың неше түрлі бұрылысын қосыңыз.

Қаскелең қаласының тұрғыны, сексен үш жасты алқымдап қалған Төлеубекова Серік апамызды айтқанда осындай ойға тірелеріңіз анық.

«Ұлы Абайдың туысының бірімін», – дейді қарасайлық Серік апамыз

Аудандық орталық кітапхананың қызметкері Ақмарал қарындасымыз арқылы қолымызға «Өмір – өзен, көш керуен» атты кітап тиді. Әрине, бұл тек бір әулетке арналған өмірбаяндық жазба, дегенмен, басқалардың да оқуына болады, авторы ұзақ жылдар бойы кітапханашылық қызметте істеген Серік Ұйтқыбайқызы Төлеубекова екен. «Ішімдегі шерімді шығару үшін, ата-ана, бауырларды, балалық шақты еске алу үшін...» деп түсіндіріпті басында апамыз өзінің қолға қалам алуының себебін.

...1933 жылғы бүкіл қазақ жерін жайпап өткен алапат ашаршылық кезінде сонау Семей жеріндегі қазіргі Абай ауданында тұратын әкесі Ұйтқыбай жаламен сотталып, Қаскелеңнен бір-ақ шығыпты. Жалпы, ол кездерде әжептеуір дәулеті бар, Шыңғыстауды жайлаған Тобықты руына жататын Шүкібай шал мен Сәлиқа кемпірдің Қарамырза, Сермырза, Ұйтқыбай, Сүттібай деген ұлдары болған.

Сонымен Серік апаның әкесі жазасын өтегеннен соң осы жерде қалып қояды. Ұлы жүздің Айтбала атты қызымен бас қосып, шаңырақ көтереді. Екеуі бес бала тәрбиелеп өсіреді.

«1904 жылы Абай атамыз дүниеден өткенде 25 жаста болған қайран әкем оларды асырап, адам етем деп жүріп туған жеріне, өскен өңіріне кейін де мүлдем бара алмай, армандаумен көз жұмды ғой» дейді ол кісі өкіне сөйлеп.

Ең қызығы, Серік апамыз ұлы Абайға туысқан болып келеді екен! «Абайдың әкесі Құнанбай, атасы Өскенбай, арғы атасы Ырғызбай. Ал, одан арғы атасы Олжай болса, оның кіндігінен Айдос, Қайдос, Жігітек тарайды. Жігітектің баласы Кеңгірбай, Қайдостан Бөкенші. Айдостың Айпара деген әйелінен 4 ұл туған, олар: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай, – дейді тағы да Серік апамыз. – Ал, Ырғызбайдан Абай, Көтібақтан менің әкем тарайды. Яғни, Көтібақтан Шоқа, одан Еділ, одан Есей, одан Шүкібай, одан Ұйтқыбай болып келеді».

Кейіннен осы жақтан әкесінің туыстары табыла бастайды. Олардың ішінде Әбдусағит Жиреншин, Жанәбіл деген ағайын және Есмағамбет Ысмайылов бар еді.

... Қарасай ауданы жеріндегі үйлері Шамалған өзеніне таяу екен. Ұлы Мұқанның, Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романын жазып жүрген кезі болса керек, сонда жиі-жиі келіп, әкесі Ұйтқыбаймен ұзақ әңгімелеседі екен. Шығармасының кейбір бөлігін осы өзен жағасына шатыр тігіп жатып, жазған көрінеді.

«Мұхтар атамыз әкеме қыста соғым байлататын. Үйге келгенде анама көйлек, орамал, шай, кәмпит әкелетін, – дейді енді жан-жүрегі елжіреген Серік апа. – Әлі есімде, бір күні Мұқаңның «Победа» көлігі балшыққа тығылып қалды, сонда әкем оны атпен арқан байлап шығарған еді. 1952-53 жылдары тамаша қаламгерді қудалау басталды ғой. Сонда бір түнде, ешкімге айтпаңдар деп, үйге көп кітап әкеліп тыққанын да білемін. Әкем марқұм Шәкәрім туралы да жиі әңгімелейтін, оның өлеңдерін жатқа айтып отыратын. Бір күні, қай жыл екені есімде жоқ, үйге аппақ киінген әдемі жас жігіт келді. Ол Шәкәрімнің ұлы Ахат екен. Біздің үй оны қой сойып, өте құрметтеп күтті. Сонда Ахат атамыз әкесінің өлеңдері мен жазбаларын іздеп, жинақтап, кітап етіп бастырғалы жүр екен. Ал, Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған ғой. Яғни, Шәкәрім Абайдың бауыры болатын».


Серік апа Алматыдағы атақты №12 қазақ орта мектебін бітірген соң туған жері Тұрар ауылына оралған. Содан 1956 жылы 18 жасында көрші Көлащының 19 жасар Төлеубеков Салинша атты жігітіне тұрмысқа шығыпты, өздері бұрыннан бір-бірін білетін жақсы таныс екен. Болат, Роза, Қайрат, Бибігүл деген ұл-қыздары дүниеге келген. Ері Салинша 1992 жылы 55 жасында ауырып қайтыс болыпты.

– Әкем Ұйтқыбайды жапырағын жайған алып бәйтерек дегім келеді, – дейді Серік апа сөз соңында ойлана сөйлеп. – Оның барлық балаларынан тараған ұрпағының саны бүгінде жүзден асып кетіпті. Менің өзімде 17 немере, 18 шөбере бар. Құдайға шүкір, солардың ортасында, әрбірінің қызық-қуанышына куә болып, аман-есен жүріп жатырмын. Туған халқымызға да берекелі өмір тілеймін. Әйтеуір, ел аман, жұрт тыныш болсын, қарақтарым!

Берікбай Қадықов, журналист
Просмотров материала: 777

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 210 030 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 209 691 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 209 182 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 209 222 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 209 600 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 186 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 220 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 520 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 171 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 251 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 431 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 722 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 783 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 497 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 370 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 168 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 597 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 325 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 726 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 533 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 377 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 218 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 077 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 413 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 300 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 784 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 966 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 135 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 368 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 749 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 111 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 051 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 187 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 131 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 339 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 498 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031