23 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Карантинде семіргендер. Артық майын алып тастау үшін ота жасатуда

25 январь 2021, 15:33
Карантинде семіргендер. Артық майын алып тастау үшін ота жасатуда
Артық салмақтан арылудың сан түрлі жолы бар. Біреулер ас-суды шектеп диета ұстайды, енді бірі таң атпай жүгіріп, залда шынығады. Бірақ кейінгі кездері бұл дәстүрден ауытқып, дене бітімін сымбатты етудің өзге амалын тапқандардың қарасы көбейді. Хирургтің көмегіне жүгініп, пышаққа түсетін жандар айналасы бір айдың ішінде денеде жиналған майдан арылып шыға келеді. Бірақ бұл операцияның қаупі жоқ емес, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Иә, мінсіз мүсін көптеген қыз- келіншектің арманы. Сол үшін де олар артық майын алып тастап, оны өзге дене мүшелеріне еккізуге құмартқан. Сұлулана түсу үшін де ең қауіпті "липосакция", "абдоминапластика" сынды ота жасатып тәуекелге бел буатындардың қарасы көбейген.

Ілияс Бейскенов, хирург:

Абдоминапластика мен липосакцияға жүгінетін адамдардың саны күн санап артуда. Мәселен, аптасына 3-4 ота абдоминапластика жасаймыз. Бұл блефорапластика мен маммопластикадан кейінгі үшінші орында тұрған ота. Көбіне салбыраған майларын алдырту үшін босанған әйелдер жүгінеді. Мұндай операциялар барлық адамдарға арналмаған. Сол себепті де тескеріп, денсаулығы, психологиясы көтере алатын адамдарға ғана жасаймыз. Отадан кейін науқас кем дегенде бір ай күтіну керек.
Өз денесінің контурын өзгертіп жақсартқысы келетін арулар аталмыш отаға 100 мың мен 600 мың теңге аралығында жұмсайды екен. Психологтың пайымынша мұндай қатерге келбетіне қатысты көп сын естіген қыз-келіншектер баратын көрінеді.

Камила Асыпқызы, психолог:

Бұл бірінші кезекте өзіне назар аударту мақсатында сенімділігін арттыру және де басқа адамдардан ерекше көріну мақсатында осындай жолдарға барып жатады. Яғни олар өздерін қалай бар солай қабылдай алмайды.
Десе де, сұлулықтарымен әлемді таңдай қақтырған жұлдыздар да мүсінін қалыпқа келтіруден қалыс қалмапты. Әлемде бағзыдан дамып кеткен бұл ота түріне жүгініп пышақтың астына түскендері де аз емес. Мәселен, танымал әнші Бейонсе, фотомодель, дизайнер Ким Кардашьян, актрисалар Деми Мур мен Джесика Альба, әнші Бритни Спирс. Ресейдің жұлдыздары да бұл тізімде. Атап айтсақ Ирина дубцова, әнші Лолита, тележүргізуші Роза Сәбитова және тағы басқа.

Дегенмен, әдемі, әрі сымбатты көріну үшін тәуекелге барғандар бір нәрсені түсінбейді, әйелдің әсемдігі қылығында дейді, қоғам белсендісі.

Ырза Тұрсынзада, қоғам белсендісі:

Қыздардың тектілігі, қыздардың сұлулығы, қыздардың бағы ол мына майға байланысты емес. Қыздардың бағы ол татуажға байланысты емес. Қыздардың бағы тұла бойындағы тұнып тұрған бір ұзақ ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ даласының аналарының бір қылығы болуы керек. Сіздің бағыңыз тұла бойыңыздағы тұнып тұрған бір жанұялық, отбасылық аналық қасиетіңізде.
Артық майдан арыламын деп ажал құшқандар да бар. Сондықтан да сертификаты бар, тәжірибелі дәрігерлерге жүгіну керек дейді мамандар.



Просмотров материала: 711

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 210 023 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 209 685 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 209 176 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 209 216 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 209 594 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 186 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 220 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 520 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 171 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 251 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 431 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 722 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 783 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 497 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 370 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 168 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 597 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 325 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 726 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 533 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 377 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 218 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 077 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 413 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 299 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 784 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 966 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 135 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 368 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 749 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 111 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 051 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 187 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 131 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 339 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 498 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031