25 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ақша үшін анасын сабағандар жаға ұстатты

25 январь 2021, 14:44
Ақша үшін анасын сабағандар жаға ұстатты
Жаңа заң жобасы деп шулап жүргенімізде, баласынан таяқ жеп жүрген аналар жайлы ақпараттар шығып жаға ұстадық осы аптада, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Басқа-басқа, баласы анасын қан-жоса етіп сабады, үйден қуып шықты, балағаттап боқауыз сөздер айтты деген жанға батарлық жаңалықты айтудың өзі ауыр. Бірақ проблема жүйелі түйткілге айналып бара жатқан кеселді айтып, иесін де жүйесін де табу бәрімізге парыз.

Осы кезде Шыңғыс Айтматовтың "Найман анасы" еріксіз еске түседі екен. Баласы Жоламан анасын өлтіріп тынады емес пе? Бірақ ол мәңгүрт еді. Қазір ең жақынына жәбір көрсетушілердің мәңгүрттеніп бара жатқаны ма? деген сұраққа итермелейді. Әлде бір анық себебі бар ма?

Өмір кино. Берілген саған басты рөл. Бірақ эпизодтарда қатіғез кейіпкерлер көбейіп барады. Антиқаһармандардың рөлін әдетте алыстағы біреулер емес, жанымыздағы жақынымыз сомдап жатады. Шымкенттік Алтынкүл апаның да алтын құрсағынан шыққан қыздарынан таяқ жейтіні сценарийде жоқ еді.

Даудың басы баспанадан басталды. Қыздары мен күйеубалалары ауыз жаласып, үйге таласып, ақ сүт берген анаға қартайғанда пана болудың орнына...

Алтынкүл Асқарова, зейнеткер:

Ержан қатты сүйреді, ана бала болса жаңағы Мырзабай ол да жанымда жүр ғой сүйреп, ол да бір жағымнан сүйреп жатыр. Мен битіп еңкейіп жатырмын, сүйреп жатыр. Бір қарасам ана екі қыз мені теуіп ұрып жатыр мен еңкейсем шашымнан тартып жұлып жатыранау нағима. Не істеймін мен енді төртеуі жабылып жатыр маған.
Өмір туралы хикаяның екінші бөлімінде тағы бір бақытсыз ана. Сақалы бола тұра сайтан суға құмардың рөлін сомдаған ұлы ұрып соқты оны.

Ардақ Сейітова, "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары:

Біздегі ата-әжелер ешқашан өзінен туған баланы жамандамайды. Бізге олай балам ұрды, келінім ұрды, қызым ұрды деп айтқан адам болмады. Өзімнің қалауыммен келдім дейді.

Ата-ана перзентін аялайды, балалар неге аямайды?
Жанар Сейітмағанбет, психолог:

Біріншіден, ата-анасы кішкентай кезінде ұрмаса да кейбір балалар бар психикасында ауытқушылық болып жүрген болуы мүмкін. Екіншіден, ұрып-соғып тәрбиеленген бала өсе келе ата-анасынан өш алады. Үшіншіден, ішкіш, ішімдікке салынған балалар әке шешесіне қол көтереді. Ол енді ішімдік өзіне жауап бермейді. Санасы ояу емес деген сөз.
Әрине, әке-шешені қорлауды қорғау үшін сан сылтау таба аласыз. Бірақ таяқтың екі ұшы бар. Бір жақ қана кінәлі болмайды.
Гүлнұр Темірбекқызы, педагогика-психология магистрі:

Нені егесің, соны жинайсың деген сөз бар ғой. Баланың бұндай жайтке әкеп соғуы яғни ол баланың психикалық эмоционалды түрде сау болса дені, ішіп шекпесе, үлкен жасында саналы жасында осы нәрсені істесе, яғни балалық шағы қаншалықты мейірімге толы өткені, қаншалықты жылулықты ала білгені сол маңызды.
Мейлі, ұрпақ тәрбиелеу жолында бір кетік кетсе де, ата-анаға қол көтермек түгілі, қатты сөйлейтіндерге Ырза ханым ырза емес.

Ырза Тұрсынзада, қоғам белсендісі:

Ана тілін білмеген ана сүтіне аяғын жуады деген. Ана тілі деген тіл жайлы емес жалпы ана сүтімен келетін ұлттық болмыс, ұлттық қасиет. Қан шығармай қансыратып жатыр жан-дүниемізді. Себебі ұлттың сонау ғасырлар бойы қалыптасқан болмысы нарықтың табанында қалды. Ертең сіз де ана боласыз ертең бәрін Алла алдыңызға қайтарады. Мен кәдімгідей адам өлгендей қайғырып тұрмын.
Шіркін, ана жүрегі кең ғой. Туған балаларынан таяқ жеген 70 жастағы кейуана оларды кешірді.

Мұндай оқиғаларды естігенде құдды бір аянышты, қорқынышты кино көргендей, тезірек бітуін тілеп отырасың. Бірақ сюжеттің соңын күтіп жүргенде кино емес, ата-әжелердің өмірі бітіп қалмасына кім кепіл? Бұ дүниедегі сценариі соңына жеткенде сағынбайсыз ба? Кезінде біліп-білмей ренжітіп алғаныңыз үшін өкінбейсіз бе? Артқа айналдырып қайта көре салатын кино емес, бұл өмір.

Просмотров материала: 1 228

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 154 091 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 153 904 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 153 548 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 153 581 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 153 876 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 090 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 235 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 414 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 110 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 299 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 187 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 230 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 013 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 885 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 711 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 858 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 996 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 664 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 034 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 762 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 767 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 612 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 452 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 706 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 655 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 162 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 593 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 488 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 740 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 080 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 489 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 469 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 508 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 451 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 688 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 830 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30