10 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мұздатқыштағы нәресте өлімі: атыраулық дәрігерлер сот үкімімен келіспейді

22 январь 2021, 10:40
Мұздатқыштағы нәресте өлімі: атыраулық дәрігерлер сот үкімімен келіспейді
Атырау облыстық перинаталдық орталығының ұжымы нәрестені өлтіру ісі бойынша бұрынғы әріптестеріне шыққан сот үкімімен келіспейді. Орталық директорының міндетін атқарушы Асқар Кенжеғалиев медицина қызметкерлерінің пікірінше, сот үкімі тым қатал екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz atpress.kz сайтына сілтеме жасап.


Медицина қызметкерлері жаза мерзімін қысқартуға ұсыныс айтты.

"Ешқайсымыз сот үкіміне қарсы емеспіз. Алайда біз өз ұсынысымызды құжат жүзінде рәсімдеп, Мемлекет басшысына жеткізуге құқығымыз бар деп есептейміз. Жазаны жеңілдету үшін шаралар қолдануға болады деп үміттенеміз. Себебі әріптестерімізге өте ауыр жаза ұсынылды. Осы уақытқа дейін олар көптеген бала мен ананың өмірін сақтап қалды, қанша отбасыға бақыт әкелді! Болашақта әріптестеріміз қоғамға үлкен пайда әкеле алады. Медицина қызметкерлері сот процесі біржақты өткеніне наразы", - деді облыстық перинаталдық орталықтың директорының м.о. Асқар Кенжеғалиев.

Ол мұндай жағдайға әріптестері бей-жай қарамайтынын да атап өтті.

"Осындай қиын жағдайда біздің медицина қызметкерлері қалыпты жұмыс істеп, тікелей міндеттерін орындай алмайды. Мұның себебі осыда екенін жасырмаймын. Көпжылғы еңбекке қарамастан мұндай болатыны мүмкін екенін елестете алмадық. Осыдан кейін біздің жас мамандардан не күтуге болады? Олар көздегі ұшқынсыз қалай жұмыс істейді? Осының бәрін ескере отырып, біз Мемлекет басшысына, дәрігерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық ұйымдарға, кәсіподақ ұйымдарына жазаны жеңілдету туралы өтінішпен жүгініп, өз үлесімізді қосқымыз келеді", - деп атап өтті Кенжеғалиев.

Дәрігер орталық ұжымы сот үкімімен келіспей, жұмыстан босату туралы жаппай өтініш жазғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Ақпарат бойынша, медицина қызметкерлерімен мәслихат депутаттары, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков пен әкімнің орынбасары Бақытгүл Хаменова кездесу өткізген. Олар дәрігерлердің өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Бұған дейін Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мұздатқыштағы сәбидің өлімі туралы іс бойынша облыстық перинаталдық орталық дәрігерлеріне қатысты үкім шығарған еді. Сот Қуаныш Нысанбаевты 18 жылға, Асқар Қайыржанды 16 жылға, Тамила Құлбатырованы 15 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Мұздатқыштағы нәресте өлімі: атыраулық дәрігерлер сотта жанжал шығарды

Еске салайық, 2019 жылдың қыркүйек айында Атыраудың перинаталдық орталығында жанжал шыққан болатын. Сол кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдолла облыстық перинаталдық орталық дәрігерлері Атырауда жаңа туған баланы өлтірді деген күдікке ілінгенін хабарлаған.

Ол жедел шаралардың нәтижелері бойынша бала туғаннан кейін немқұрайды қарап, өлі туды деп жазған, бірақ іс жүзінде бала тірі болған. Бала тіршілік белгілерін көрсеткеннен кейін дәрігерлер оны жансақтау бойынша шұғыл шаралар қабылдауға мүмкіндігі болған, алайда дәрігерлер толтырылып қойған құжаттарға сәйкес әрекет етуді ойлап, арты жаңа туған нәрестенің өлімімен аяқталған. Дәрігерлердің бұл әрекетіне себеп ретінде базада толтырылып қойған және түзетілмейтін құжаттар аталған.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева бірден отставкаға кетті. 2020 жылғы ақпанда ол ҚК-нің 371-бабының 2-бөлігі ("Ауыр зардаптарға әкеп соққан немқұрайдылық") бойынша кінәлі деп танылып, бес миллион теңге айыппұл салу туралы үкім шығарылған.
Просмотров материала: 704

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 194 823 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 194 416 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 193 929 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 193 986 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 194 335 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 340 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 436 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 729 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 174 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 282 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 621 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 464 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 582 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 391 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 231 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 712 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 474 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 166 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 566 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 341 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 266 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 101 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 946 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 244 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 165 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 667 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 475 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 998 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 252 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 628 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 006 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 947 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 035 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 000 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 202 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 360 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930