8 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты ереже әлі дайын емес». Депутат Үкіметті сынға алды

20 январь 2021, 12:40
«Зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты ереже әлі дайын емес». Депутат Үкіметті сынға алды
Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үйге және емделу мақсатында алу мәселесіне қатысты ереженің бекітілуі тым ұзаққа созылуына наразылық білдірлі. Ол заңға Президент қол қойғанын және ереже әлі күнге кабинеттен кабинетке «серуендеп жүргенін» атап өтті,деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

«2020 жылдың қыркүйегінде Президент жолдауында қазақстандықтар 2021 жылдан бастап зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалана алатынын мәлімдеді. 2021 жылдың 2 қаңтарда Мемлекет басшысы экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері жөніндегі заңға қол қойды. Онда азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй сатып алу және емделу үшін пайдалану құқығы белгіленген. Құжат күшіне енді. Алайда осы уақытқа дейін Үкімет тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережесін қабылдаған жоқ. Бұл ережені 761 мың азамат күтіп отыр, олардың көбісі тұрғын үйді таңдаған. Бұл құжат әлі күнге кеңселерде «серуендеп жүр», - деді депутат.

Мәжіліс депутаты Үкімет атына халық тарапынан көптеген ескерту келіп түскенін атап өтті. Бір ғана «Ашық НҚА» порталында азаматтар 900-ден астам негативті пікір қалдырған.

Жамалов сондай-ақ, көптеген азаматтар бес жыл бойына тұрғын үй сатуға қойылатын шектеудің енгізілуіне наразы екенін айтты.

«Бұл ретте азаматтардың әдеттегі өмірлік жағдайлары - басқа өңірге, қалаға көшуі, тұрғын үй жағдайларын одан әрі жақсарту ниеті ескерілмейді. Сондай-ақ қазақстандықтар үлестік қатысу шарты бойынша салынып жатқан тұрғын үйлерді сатып алу мүмкіндігін беруді және өз тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті», - деп толықтырды депутат.

Аманжан Жамалов Президенттің Мәжілістің бірінші сессиясының ашылуында айтқан отандық зейнетақы жүйесі әділ, тұрақты, адамдардың мүдделеріне сай болуы тиіс деген сөзін еске салды.

«Азаматтардың зейнетақы қаражатын пайдалануға заңды құқығын шектемей, олардың мүддесіне сай жауап беруді атап өткім келеді. Президенттің тапсырмасын және ел азаматтарының үмітн есепке алып, зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану бойынша қажетті заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауды жеделдетуді және оларды 2021 жылғы қаңтар айының соңына дейін қолданысқа енгізуді сұраймын», - деді Жамалов.

Депутаттық сауал еліміздің премьер-министрі Асқар Маминнің және Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың атына жолданды.
Просмотров материала: 648

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 216 937 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 610 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 216 112 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 216 158 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 526 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 540 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 577 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 898 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 562 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 618 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 811 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 804 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 907 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 570 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 443 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 392 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 683 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 423 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 831 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 624 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 448 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 296 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 146 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 493 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 380 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 866 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 218 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 196 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 442 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 827 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 177 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 127 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 260 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 203 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 436 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 580 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930