21 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жағымпаздық үшін қылмыстық жаза керек – экономист

19 январь 2021, 15:29
Жағымпаздық үшін қылмыстық жаза керек – экономист
"Біздің қоғамда бойымызға әбден сіңіп, әбден ушығып кеткен дерт көп. Оның ішіндегі ең ауыры һәм ірісі екеу – жемқорлық пен жағымпаздық. Осы екеуінің асқынғаны сонша – бұл анти-қасиеттер қазір ұлтымыздың төл мәдениетіне айналып барады" деген пікірін экономист, Қасым-Жомарт Тоқаевтың штаттан тыс экс-кеңесшісі Олжас Құдайбергенов әлеуметтік желіде жайып салды, деп хабарлайды zakon.kz.


Иә, кеше ғана президент кеңесшісі болған кісінің мұндай пікірі көпшілікті елең еткізді, деп жазады "Жас Алаш" газеті.

"Бұл қоғамда тіпті жемқорлықты жақтайтын пікірлер де бар, параның бюрократияны жеңетін қасиеті, заң бойынша алуыңа болатын жақсылығыңа қолыңды тезірек жеткізетін игілік екенін ашық мойындауға да баратынымыз рас. Жағымпаздықты қазақтар ізеттілік мен құрмет деп қабылдап, тіпті "Жақсы сөз – жарым ырыс" деген мақалды қоса қыстыратынын қайтерсіз?" – дейді пост авторы.

Жемқорлықтың не екенін бәріміз білеміз. Оны әркім өзінше ақтауға тырысады. Айыппұл төлейтін ақшасы жоқ кедейлер гаишникке параны амалсыз береді. Кезекті ірі жобасына қол жеткізу үшін бай олигарх та беретін жерде бармақ басты, көз қыстыға жүгінеді. "Параны бермеске болмады, ақшаны алмасыма болмады" дегендей, әркім өзінің жемқорлығын ақтайды. Әйтпесе бәрі құрып қалатындай көрінеді. Жұртты тыңдасақ, осы жемқорлықтың арқасында Қазақстанда бәрі жайнап тұр. Тойымсыздық вирусы құндылықтарды түбегейлі өзгертіп, біз әбден ашкөздендік. Істеген ісіміздің бәрін мұқтаждық дейтін болдық. Қарыз алып, оны қайтармасаң да, бала-шағамды асыраймын деп, ақша ұрласаң да, бәрін мұқтаждыққа жаба саламыз.

Ал мынау жағымпаздықты қалай түсінеміз? Онда мұқтаждық жоқ қой!? Жағымпаздық, тіпті, жемқорлық сияқты қылмысқа да жатпайды екен. Жағымпаздар жарысына жұрт жаппай түсіп жатқанда, арамыздағы жағымпаз біреулердің өзін тіпті жағымпаз деп санамайтынын қайтерсіз?! Мен ақша үшін емес, мандат-қызмет, басқа да бірдеңеге жету үшін мақтап отырған жоқпын, деп тұрып жағымпазданатындар да жетеді. Жағымпаздықпен ғана жүріп-тұратын адамдар шықты. Ең сұмырай адамдар да іштей өзін жақсы адам санайтындай, бұл жағымпаздар да жақсылықты айтып, қоғамға үлкен пайдамды тигізіп жатырмын деп санайды. Ондай деңгейге түскен адамдардан елге жақсылық күту бекер-ау.

Жағымпаздыққа не жетелейді? Сараңдық пен дегбірсіздік, лайық болсын-болмасын шен-шекпен жамылуға деген асығыстық және өзін төмен бағалау себеп шығар. Кісі сүйсінетін қылығың мен қасиетіңнің жоқтығын білдірмеу үшін оның орнын мақтаумен, мадақпен толтыра саласың. Бәрі жағымпаздықтың арқасында адам болып жатқанда, мен де қалмайын деген мінезсіздік. Қорқақтық. Жұмыстан ертең шығып қалмайын, жазаланып қалмайын деген үрей. Осының бәрі, сайып келгенде, елімізде асқан жағымпаздар қарасын көбейтті.

Біздің қоғам бұл дертке қарсы күресе ала ма? Қоғамның жағымпаздық дертіне қарсы туабітті иммунитеті бар ма? Бұл дерттің асқынуына жол бермей, бірер уақыт ауырып жатып, түбі жазылып кетуге көмектесетін? Әлде жағымпаздарды көкке көтеріп, той-томалақтарға шақырып, бірінші болып сөз беріп, төрге шығаруымызды жалғастыра береміз бе? Олармен күлімсіреп амандасып, желіде жазғандарына лайк басып, бұрынғыдай комменттерімізді үйіп-төге бермекпіз бе? Бетіне қарап жымиып, жағымпаз екенін үйде ғана қатынға қашанғы өсектейді екенбіз? Қайран елім, қазағым деп қойып, жағымпаздарға қашанғы көз жұма берер екенбіз?

– Ел өзгерсін десеңіз, біреуге қарамай, нақты өзіңізден бастаңыз. Өзгені, қоғамды, елді емес, өзіңді өзгерт. Былай істейік: бұдан былай арамызда жер басып жүрген жағымпаздармен араласуды, амандасуды қойсақ. Оларға игнор десек, ә! Істеген ісі мен айтқан сөзін мақұлдауды доғарайық. Оларға жұмсап жүрген уақытымыз бен назарымызды енді бойында жағымпаздығы жоқ қазақтарға неге арнамасқа?! Жағымпаздар өте зиянды адамдар! Елге пайда тисе, жағымпаз еместерден тиеді. Осылай біз өзіміз өзгеріп кетсек, біздің қоғам да өзгеруі бек мүмкін. Әйтпесе билікке кім келсе де, ескі мәдениет, ескі ережелер қала береді, – дейді Олжас Құдайбергенов.
Просмотров материала: 521

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 162 537 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 162 359 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 161 993 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 162 034 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 162 324 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 555 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 696 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 909 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 752 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 937 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 718 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 524 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 162 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 020 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 841 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 010 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 123 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 791 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 166 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 896 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 908 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 741 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 584 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 839 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 787 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 293 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 743 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 616 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 879 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 210 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 621 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 595 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 633 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 586 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 819 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 959 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031