14 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бүгін Қазақстанда – тыныштық күні

09 январь 2021, 10:29
Бүгін Қазақстанда – тыныштық күні
Бүгін, 9 қаңтар Қазақстанда парламент сайлауы алдындағы тыныштық күні жарияланды, деп хабарлайды SputnikNews.kz.


Тыныштық күні не істеуге болмайды

"Қазақстандағы сайлау туралы" заңға сәйкес, сайлау болатын күнi және оның қарсаңындағы күнi кез келген үгiтке тыйым салынады. Яғни, телеарнадан сайлауалды роликтер көрсетілмейді, көшеде үндеу парақтары таратылмайды, сайлаушылармен кездесу өткізбейді және тағы басқа.

Сайлау комиссияларының үй-жайынан және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерлерде бұрыннан ілулi тұрған баспа үгiт материалдарын сол орында қалдыруға болады.

Интернет желісінде бұрын жарияланған үгіт материалдарын бұрынғы орындарында қалдыруға рұқсат етіледі. Бұрын орналастырылған материалды интернет-ресурстың басты бетіне шығаруға тыйым салынады.

Сауалнама жүргізуге рұқсат етіле ме

Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні Интернет желісінде жариялауға жол берілмейдi.

Сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргізуге тыйым салынады.

Сауалнаманы Қазақстан заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар жүргізуге құқылы. Ол үшін мұндай ұйымдар Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар етіп, тиісті құжаттардың көшірмелерін ұсынуы тиіс.

Сайлау учаскелері нешеде ашылады

10 қаңтар күні сайлау учаскелері Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 07:00-де ашылады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында учаскелер уақыт белдеулері арасындағы айырмашылыққа байланысты басқа өңірлерге қарағанда бір сағатқа кеш ашылады.

Сол күні кешкі сағат 20.00-де учаскелер жабылып, дауыстарды санау басталады.

Қазақстанда мәжіліс (парламенттің төменгі палатасы) және мәслихаттар сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, алдағы сайлауда 216 мәслихатқа 3 276 депутат сайланады. Соның ішінде республикалық маңызы бар қалалар мен астананың мәслихаттары (589 мандат), 36 облыстық мәслихат (596) және 163 аудандық мәслихат (2 091 мандат) бар.

Мәжілістің 98 депутаты да партиялық тізім бойынша сайланады. Бұдан бөлек, тағы 9 депутат Қазақстан халқы ассамблеясының атынан мәжіліске келеді.

Просмотров материала: 821

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 208 632 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 208 292 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 207 778 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 207 825 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 208 199 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 112 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 151 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 450 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 097 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 177 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 358 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 707 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 755 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 481 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 350 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 151 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 582 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 298 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 704 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 511 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 362 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 205 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 064 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 398 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 283 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 763 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 945 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 122 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 354 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 735 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 094 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 037 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 172 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 112 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 324 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 483 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031