26 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сәкен Майғазиев отбасымен бірге Шымкентке көшетін болды

08 январь 2021, 15:17
Сәкен Майғазиев отбасымен бірге Шымкентке көшетін болды
Отандық танымал әнші Сәкен Майғазиев Шымкентте басшылық қызметке ауысуына байланысты отбасымен бірге оңтүстік өңірге көшпек. Бұл туралы әнші Sputnik Қазақстан берген сұқбатында айтты.

Сонымен қатар Шымкент қаласы мәдениет үйінің директоры қызметіне кірісуіне не себеп болғанын айтып берді.

Бұған дейін Майғазиев екі жыл бойы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында қызмет етті. Шығармашылық пен халықаралық қатынастар бөлімінің проректоры қызметін атқарды.

"Жұмыс онлайн жүрді. Студенттермен жақсы қарым-қатынаста болып, бірлесе екі жыл жұмыс істедім. Өнер академиясымен де шығармашылық жұмысты тоқтатпаймын. Алайда проректор қызметімді тапсырдым. Шымкентке қаланың мәдениет басқармасының басшысы Ханзада Есенова шақырды", - деді Майғазиев.

Айтуынша, бұл ұсыныс түскен кезде ең алдымен анасына хабарласқан.

"Ұсыныс түскен кезде таңғалдым. Алматыдан Шымкентке бару жағы да ойландырды. Бірақ ол өзімнің туған жерім, бір жағынан анамды қуантқым келді. Анам қазір Созақ ауданында тұрып жатыр. Анама бір қадам жақындап, разылығын алғым келді. Мұны естіген анам да "жақын болғаның, тіпті жақсы" деп қуана кетті", - деді әнші.


Одан кейін әнші жарымен кеңескен. Айтуынша, әйеліне Шымкент қаласы бұрыннан ұнайды. Сол себепті бірден келісе кеткен.

"Менімен бірге өмір сүретін адамдардың, ыстық-суықты бірген көретін жандардың пікірі әрқашан да маңызды. Олар бұл шешімді қуана қабылдады. Отбасыммен бұл мәселені шешкен соң, академиядағы басшылыққа хабарласа бастадым", - дейді ол.

Айтуынша, өнер академиясының басшылығы туған жеріне табан тірегісі келгенін ескеріп, қарсы болмаған. Себебі Шымкентке де Майғазиев секілді азаматтар қажет екенін ескерген.

Кез келген өңірге баруға дайын
"Алдағы уақытта Қазақстанның қай өңірі болса да, оң жамбасыма келіп жатса, барып, жұмыс істеуге дайынмын. Бастысы, қазақ игілігіне, қазақ өнеріне пайдам тисе болғаны. Шақыртуды құп алуыма да осы себеп болды. Бұған дейін де маған шақыртулар түскен еді. Ол кезде бұл лауазымнан жоғары қызметті ұсынды. Жіпсіз байланып қалатындай болдым, сол себепті келіспедім. Ал бұл жер өзім қалайтын шығармашылық орта", - деді Майғазиев.

Сонымен қатар әңгіме барысында Сәкен Майғазиев жаңа қызметке келгендегі бір-екі жоспарын да айтып өтті.

"Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновпен мәдениет басқармасы бірлесіп іс-шара өткізуге ниеттіміз. Қалаға көктемнің ерте келетінін ескеріп, Наурыз мейрамына керемет іс-шара ұйымдастырсақ деймін. Миллион тұрғыны бар қаланың дамуына теңізге тамшыдай болса үлес қоссақ деген ниет бар", - деді әнші.
Сондай-ақ, әнші Қазақстанның түкпір-түкпірін дамыту қажет екенін айтып өтті. Түркістанның түлеуі – үлкен қуаныш. Оңтүстік өлкеде де туризм дамуы қажет, деп толықтырды Майғазиев.

"Жұмыстың көптігіне қарамастан, шығармашылығымды тоқтатпаймын деп уәде беремін. Жұмысқа орнығып алғанша қиын болып тұр. Себебі жұмыс өте көп. Бір ай ішінде шығармашылығымда жаңалық болады деп айта алмаймын, әрі қарай ол бағытты да тоқтатпаймын", - деді әнші.

Айтуынша, отбасы да Шымкентке қоныс аударады. Алайда мектепке биыл барған қызының бір жылда екі мектеп ауыстырып, қиналып қалғанын қаламайды.

"Отбасымды көшіріп алып келемін. Қызымды Алматыда керемет мектепке орналастым. Өзі небәрі 7 жаста. Баланы бір мектептен басқа мектепке ауыстыра беру де психологиялық тұрғыдан ауыр болатынын ескеріп отырмын", - дейді әнші.

Айтуынша, отбасы шамамен ақпанда немесе наурызда Шымкентке көшеді.

Сонымен қатар Сәкен Майғазиев "Музарт" тобының 20 жылдығына орай Қазақстанды аралап, құлақтың құрышын қандыруды жоспарлап отырғанын жеткізді. Ең бастысы – ән қоржынын қампитып алу, деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, 2020 жылдың желтоқсанында Сәкен Майғазиев "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымы" директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Просмотров материала: 6 243

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 210 432 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 210 096 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 209 585 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 209 630 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 209 999 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 208 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 240 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 542 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 194 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 275 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 453 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 725 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 790 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 499 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 374 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 171 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 603 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 332 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 732 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 539 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 380 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 223 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 081 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 421 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 306 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 788 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 972 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 138 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 374 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 755 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 057 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 193 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 135 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 344 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 502 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031